Оқу құралы педагогикалық университеттің бастауыш мектеп педагогикасы және әдістемесі факультетінің студенттері мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған


Кезеңдегі білімділік міндеттерді шешетін педагогикалық



Pdf көрінісі
бет43/68
Дата08.05.2023
өлшемі1,23 Mb.
#176235
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   68
Байланысты:
Sauat ashu zhane zhazuga uyretudin teoriyasy men tehnologiyasy Karsybaeva

Кезеңдегі білімділік міндеттерді шешетін педагогикалық 
техникалар: 
1. Өзара қайтымды тапсырмаларды қолдану.
2. «Ойлау 
– 
іс-әрекеттер картасын жасау».
3. «Білгіштің сұрақтары».
4. «Сөзді әріптерге бөлу».
Оқушыларға келесі түсінік беріледі. Алдын ала оқушылар 4 
адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Топқа берілген тақырыптың 
бірінші әріпіне соны айқындайтын сөз жазу тапсырылады.
Содан кейін топтарға осы сөздерін тақтаға жазу ұсынылады. 
Басқа оқушыларға тақырыптық түсініктің айқындалу кілтін 
анықтау тапсырылады.
5. «Сұрақ-жауаппен қатынас» 
Әр оқушы бір сұрақ дайындап, оны қағазға жазады, бұл 
қағаздар бір оқушыдан екіншіге беріліп, алмастырылады. Сұраққа 
жауап бергісі келгендер, алдыңғы жазылған жауаптардың астына 
өз жауаптарын жазады. Ал егер жауап болмаса, келесі оқушыға 
беріледі. 
Жұмыс соңында барлық сұрақтар мен жауаптар дауыстап 
оқылып, тақтаға жазылады. 
6. Құрылымды үлгі. 
7. «Өз тапсырмаңды ойлап, тап».
7. Жаңа білімді және іс - әрекет амалдарын қорытындылау, 
жүйелеу кезеңі
Білімділік міндеттері:
1. Оқушыларда жетекші білімнің біртұтас жүйесін 
қалыптастыру.
2. Оқушылардың пәнаралық және пәішілік білімдерді 
анықтауын қамтамасыз ету.
3. Философиялық көзқарастардың түпкі негізін меңгеруге 
жағдай жасау. 
Сабақ кезеңінің мазмұны
1. Жеке білім мен іс-әрекет амалдарын біртұтас жүйелі 
білім, білікке айналдыруда оқушылар жұмыстарын ұйымдастыру. 


108
Білімділік міндеттерді орындау көрсеткіштері:
1. Мазмұнның жеке бөлімін толық біртұтастыққа 
айналдыруда, жіктеуде және жүйелеуде оқушылардың белсенді 
және нәтижелі іс-әрекеттері.
2. Оқушылардың пәнішілік және пәнаралық байланыстарын 
анықтау.
3. Әлемдік көзқарас идеяларын анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет