4) Рефлексивті оқу – терең ойланып оқудың бір түрі мақсаты: болашақ оқиғаларды болжау.
Айдар үшінші сыныпта оқиды. Ол футбол ойнағанды жақсы көреді. Ол мектептен үйге асықты. Ертең демалыс. Сөмкесін есіктің алдына тастай салды. Спорт киімін іздеді. Киімі еш жерде жоқ. Терезеден далаға қарады. Балалар футбол ойнап жүр. Айдар киімін таба алмады. Ол спорт алаңына келді. Бірақ ойнай алмады. Ойынға қарап, көңілсіз отырды.
Қандай жағдайда Айдар көңілді болар еді?
Оқу мақсаттары - 7.О1.Мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау.
- 7.О6.Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу.
- 7.О2.Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану.
- 7.О5.Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру.
- 7.О1.Мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау.
- Тапсырма. Графикте берілген ақпаратты пайдаланып, тұтас мәтін жаз.
3-тапсырма.
Оқылымалды тапсырмасы.
Сөздікпен жұмыс:
Даму, өсу, салыстыру, өркендеу, көрсеткіштер, нәтиже, қорытынды, табыс, айналым, еселеу, іске асыру, өнім.
Оқылымтапсырмасы. Әр топқа мұғалім тұтас емес мәтін үлгілерін таратып береді.
- Диаграммалармен танысып, топта мазмұнын талқылайды;
- Тірек сөздерді қолданып, ауызша (жазбаша) мәтін құрайды.
- Спикер сайлап, тақырыптарын қорғайды.
1-тапсырма.
Оқылымалды тапсырмасы. Оқушылар құрылысшылар туралы бейнебаян тамашалайды. Құрылысшы мамандығының ерекшеліктерін анықтайды, оның жауапкершілігі жоғары мамандық екені туралы айтады.
Оқылым тапсырмасы:
- Мәтінді оқиды;
- Таныс емес сөздер тізбегін жасайды;
- Кесте толтырады.
Достарыңызбен бөлісу: |