Мәтінге ұсынылатын сұрақтар мен тапсырмалардың жіктелуі: Көп таңдауды қажет ететін тапсырмалар: 2) мәтін мазмұнына сәйкес келетін/сәйкес келмейтін немесе мәтінге қатысы бар/қатысы жоқ тұжырым нұсқаларын анықтау; 3) мәтін мазмұна қатысты мәліметтің жалған немесе рас екенін айқындау. Сәйкестікке құрылған тапсырмалар: 1) Сұрақ, тақырып, тұжырым, жоспар тармақтары, суреттер, белгі, схема, диаграммалардың және мәтін бөліктерінің (қысқа мәтіндер) арасындағы сәйкестікті табу; 2) мәтін мазмұнына сәйкес келетін сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдерді анықтау; 3) суреттер мен схемаларды, т.б. анықтау; 4) берілген сөздерді мәтіндегі сөздермен (сөз тіркестерімен) сәйкестендіру (синонимдерді/антонимдерді анықтау)
Мәліметті толықтыруға арналған тапсырмалар:
1) мәтіндегі бос орындарды сөйлемдермен/сөз тіркестерімен/сөздермен толықтыру;
2) Сөйлемді толықтыру (аяқтау).
Мәліметті көшіруге құрылған тапсырмалар:
1) оқыған мәтіні бойынша кестені толтыру;
2) оқыған мәліметі бойынша кестені/схеманы толықтыру.
Өзгерген мәтіндерді қалпына келтіруге арналған тапсырмалар:
- мәтіннің шатасқан бөліктерін реттілігін сақтап орналастыру.
Түсініп оқу технологиясы
Түсініп оқу дегеніміз – шығарманың ақпараттық, мағыналық және идеялық жақтарын түсінуге қол жеткізілетін оқу сапасы.
Түсініп оқытудың мақсаты – мәтіннің мазмұнын толық түсіну, барлық детальдарды назарға алу, алынған мәліметтерді толығымен ұғу.
Түсініп оқу стратегиясы арқылы оқушылардың келесі дағдылары қалыптасады: - Мәтінді түсіну
- Талдау
- Салыстыру
- Мәтінге өзгерістер енгізу.
Технологияның түрлері: - қарап шығу
- кіріспе оқу
- зерттеп шығу
- рефлексивті
Бала түсініп оқудың тәсілін үйренген кезде, оның қиялы жұмыс істей бастайды, іздену, шешу, салыстыру, зерттеу дағдылары қалыптасады, ауызша және жазбаша сөйлеу дағдысы дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |