Оқу сауаттылығын дамыту мақсатында тұтас және тұтас емес мәтіндермен жұмыс түрлерін ұйымдастыру



бет2/7
Дата24.09.2023
өлшемі1,24 Mb.
#182223
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
19.11.21. Қапшағай

Тұтас мәтіндерге:
сипаттау (әңгімеден, өлеңнен үзінді, адамды, орынды, затты сипаттау);
баяндау (әңгіме, өлең, повесть, мысал, хат, газет-журнал мақалалары, оқулыққа енгізілген мақала, нұсқаулық, жарнама, фильмнің қысқаша мазмұны, блог жазбасы, әртүрлі сайт материалдары);
пайымдау (талқылау шығармалары, пікірлер, өз пікірін дәлелдеу).
Тұтас емес мәтіндерге:
графиктер;
диаграммалар;
схемалар (кластерлер);
кестелер;
географиялық карталар мен жергілікті карталар;
үй-жай, аймақ, құрылыс жоспары;
кіру билеті;
көлік қозғалысының кестесі;
сайт карталары жатады.
Мәтін түрлерін ажырата білу.
Мәтін түрлері: көркем әдебиет, ғылыми мәтіндер, хат, мақала, жарнама, құттықтау қағазы, ақпараттық брошюра, үнпарақ, хабарландыру, кестелер, графиктер, диаграммалар мен ақпараттық материалдар т.б.
Мәтін түрлері форматтары бойынша да ерекшеленді, мысалы, тұтас, дискретті, аралас және құрама мәтіндер болып бөлінеді. Тұтас мәтінде ақпаратты табу әрекеттері қаріп түрі мен өлшемдері тәрізді ерекшеліктермен оңайлатылған. Дискретті мәтіндер оқу дағдыларының кейбір әрекеттерін талап етеді. Олардың мазмұнында диаграмма, кесте, график және хабарландыру түріндегі материалдар қамтылады. Аралас – тұтас және дискретті мәтіндердің түрлерін біріктіреді. Журналдар мен веб-беттердегі материалдардың көпшілігі аралас мәтін түрлеріне жатады. Құрама мәтін – әрқайсысы бір-біріне тәуелсіз және бірнеше мәтіннен құрастырылған, негізгі ойы аяқталған мазмұндағы форматта беріледі.
Оқылым дағдысын дамытуда жағдаяттық мәтіндерді қолданудың пайдасы зор. Оқушы жеке, қоғамдық және іскерлік мәнмәтінде берілген мәтіндерді оқу, тапсырма орындау арқылы өмірлік тәжірибелерін толықтырады. Мысалы, электрондық форматтағы мәтіндер, хабарлама, күнделікті жаңалық блоктары, газет жаңалықтары, ғаламтордағы форумдар, блогерлердің пікірлерін қарастыру барысында салыстыру, талдау, бағалау мақсатындағы тапсырмалар ұйымдастыру арқылы оқушы қызығушылығы да ескеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет