Оқу сауаттылығын дамыту мақсатында тұтас және тұтас емес мәтіндермен жұмыс түрлерін ұйымдастыру



бет7/7
Дата24.09.2023
өлшемі1,24 Mb.
#182223
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
19.11.21. Қапшағай

Идеясы

Көтерілген мәселе

Оқушы ойы

 




 




Өз ісіндей еңбек ету
Бір кәрі құрылысшының зейнетке шығатын кезі таяп қалады. Бастығына бұдан былай жұмысқа шықпайтынын, үйде бала-шағасына, немерелеріне бас-көз болып отыратынын айтады. Әрине, зейнетке шыққанда алып жүрген айлығын сағынады, бірақ басқа амал жоқ еді. Бастығы өте тәжірибелі жұмысшысынан айрылғанына аздап көңілі түсіңкірейді. Жұмысшысына соңғы рет бір үй салып беруін өтінеді. Кәрі ұста бұл ұсынысты қабыл етіп, жұмысына кіріседі. Бірақ істеп жатқан ісінде көңілі жоқ екені, амал жоғынан істеп жатқаны білініп тұрады. Үйге сапасыз материалдар қолданып, қисық-қыңырына қарамай, қалай болса солай салып береді. Үй біткен соң бастығы үйді тексеру үшін келіп, қарап шығады. Шығарда үйдің кілтін ұстаға беріп: «Міне, кілттерді алыңыз, үй сіздікі! Қаншама жылғы еңбектеріңіз үшін менен сізге сыйлық болсын!» дейді. Әлгі ұста түсінбей, абдырап қалады, қатты ұялады. Әттең, осы салған үйі өзінікі болатынын білгенде, үйді осылай салар ма еді!..
Оқылымнан кейінгі тапсырма.
Жинақтаған ақпараттары негізінде «Төрт сөйлем» әдісі негізінде «Өз ісіңе адал бол!» тақырыбында жинақы мәтін жазады.
Спорт-бақытқа бастар жол
«Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі – спорт. Ғалымдардың зерттеуіне сүйенер болсақ, спорт адамды шат-шадыман өмір сүруге де жетелейді екен. Олимпиадалық қозғалыстың белсендi қайраткерi Пьер де Кубертен: «О, спорт! Сен – түгел ғаламсың» деп бекер тұжырым жасамағаны анық. Күніне кем дегенде 20 минут дене жаттығуымен шұғылданған адам өзін сергек, көңілді әрі өзіне сенімділігін арттыратыны белгілі. Ғалымдар АҚШ-тың Пенсильвания университетінің 200-ге жуық студентіне зерттеу жүргізген. Олар күніне 20 минуттан астам уақытын түрлі дене жаттығуларына арнаған. Ал сегіз күннен кейін қатысушылар өздерінің басынан өткеріп жүрген көңіл күйлерін жазып тапсырған. Нәтижесінде көбісі ұйқысыздықтан, әлсіздіктен құтылғанын мәлімдеген. Сонымен қатар дәрігерлер қатысушылардың психикасында оң өзгерістер барын да анықтаған. Студенттер болса, жаттығу жұмыстарынан кейін көңіл күйлерінің көтеріліп, өздерін бақытты сезініп жүргендерін жеткізген. Дене жаттығулары адамның көңіл күйін ғана көтеріп қоймайды, қан айналымы жүйесін жақсартады. Қан қысымы мен жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алады.
https://massaget.kz/layfstayl/sport/makala/24072/

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет