Оқудың түрлері



бет5/12
Дата23.03.2022
өлшемі44,06 Kb.
#136550
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Оқу түрлері

Психологиялық кідіріс мәтіннің мазмұн-мағынасын, ондағы кейіпкердің іс-әрекетіне, оның көңіл-күйінің құбылуына байланысты оқылады. Мәтінді оқығанда психологиялық кідіріс дұрыс жасалса, тыңдаушы әрі қарай не болатынын тағатсыздана күтеді.Мұнда жеке сөздерге, сөз тіркестері мен тармақтың әсеріне көбірек салмақ түсіріледі. Бұл кідіріс арқылы лирикадағы негізгі ой ашылады. Яғни, қуану, шаттану, толғаныс, өкіну, сағыну, кекету және басқа көңіл-күй беріледі.
- «Біраз сайрасам қайтеді?..» – депті бұлбұл жалынып. Жолбарыс:
- «Мен саған сайрағанды көрсетейін», – деп ұмтыла бергенде, бұлбұл пыр етіп ұша жөнеліпті. /«Мақтаншақ жолбарыс»/.
Бұл мысалда психологиялық кідірістер «сайрасам қайтеді», «жолбарыс», «сайрағанды көрсетейін» деген тіркестерден кейін қойылады.
Мәселен, Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» (14жол) өлеңін талдап көрейік. Өлең мәтінін толық келтірейік.
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Өлең мәнерлеп оқылғаннан кейін, мәні ашылады. Мәнерлеп оқыған кезде тиісті кідірістің түрлерін қолданамыз. Абайдың бұл өлеңі баяу, салмақты үнмен оқылады. Ақынның оқу-білімнен кеш қалып қойғандағы өкініші кезінде психологиялың («жасымда ғылым бар деп ескермедім,ержеткен соң түспеді уысыма, қолымды мезгілінен кеш сермедім, бұл махрұм қылмағыма кім жазалы») кідіріс қажет. Оның құрылымы үш түйінді ойдан тұратындығы айтылады. Олар:
- ақын өкінішінің себебі (алты жол);
- баласын оқуға беру (төрт жол);
- өзі туралы (төрт жол).
Осыдан соң мынадай сұрақтар қойылып, өлең мәнін аша түсуге болады:
1. Ақын неге өкініш етті?
2. Ақын баласын қандай оқуға берді?
3. Ондағы мақсаты не?
4. Сол кездегі оқу туралы шектеулі түсінік қандай еді?
5. Ақынның оқуға насихаттағандағы мақсаты не?
6. Ақынның өзі туралы ойы қандай?
Өлең мәтініндегі «махрұм», «қызмет қылу», «шен алу», «қарасөзге дес бермеу», «басқа шауып төске өрлеу» деген сөздерге түсінік беріледі, мағынасы айқындалады. Жазушы М.Әуезовтің: «Көркемөнер – біздің ішкі дүниемізге, жан жүйемізге әсер етіп, адамдық қалпымызды тәрбиелейді» дегені еске түсіріледі. Әрбір көркем мәтін оқушының танымдық біліктілігін қалыптастырып, эстетикалық деңгейіне қозғау салады. Осы өлең арқылы жастар оқу-білімге деген көзқарасын, ғылымның мәнін, қоғамға, адамзатқа пайдалы болып, игілікті істер атқаратындай, азамат болу керектігін түйсінеді.Осы ой Абайдың басқа да өлеңдерінде жалғасатындығы айтылады. Қазіргі кездегі «ғылым», «білім» сөздерінің мағынасы ашылып, оқу-білімнің пайдасы ұғындырылады.
Психологиялық кідіріс мәтінде немесе тіркесте бір бөлікті басқаларынан ерекше бөліп көрсетуі үшін әсіресе, эмоцияны білдіретін жерлері эмоцияны білдіретін жерлері баса оқылады. Мысалы, 2-сыныптағы Ш. Смаханұлының «Тәкәппар» мысалында:
«Мөлдір суым, мекенім,
Енді қайтсем, жетермін!?
Қадіріңді, білмедім,
Неге шалқып жүрмедім!?» деген жолдары өте өкінішті күйде оқылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет