Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


& 38. Қазақстан аумағындағы казак әскерлері



бет134/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

& 38. Қазақстан аумағындағы казак әскерлері


Өлкеде әкімшілік реформаларды жүзеге асыруда, жергілікті халықтың көтерілістерін басуда казак әскерлері елеулі рөл атқарды. Олар Қазақстанмен шекаралас жерлерде де, оньщ тікелей ішкі аумақтарына да орналастырылды.
1. Казак әскерлерінің атқарған негізгі қызметі. Қазақстанда және онымен шектес аумақтарда төрт казак әскері болды. Олар Жайық, Сібір, Орынбор және Жетісу казак әскерлері еді.
Ресей империясындағы казак әскери бөлімдерінің негізгі қызмет түрлері, біріншіден, Ресейге жаңа жерлерді қосып алуға белсене қатысу; екіншіден, көрші мемлекет әскерлерінің шекараға басып кіруінен қорғау; үшіншіден, Ресей империясы құрамындағы бұратана халықтардың ұлт-азаттық көтерілісін, орыс шаруалары мен жұмысшы табының көтерілістерін аяусыз басуға белсене қатысу болатын. Мәселен, казактар Польшадағы көтерілісшілерді, Кавказ, Орта Азия және Қазақстан халықтарының көтерілістерін аяусыз жазалауға белсене қатысты. Казактар 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясын басып-жаншуда да ерекше көзге түсті. Төртіншіден, казактар орыс әскерінің XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың бас кезіндегі шетелдерге жасаған жорықтарының барлығына да қатысты.
Казактар әскери қызмет атқарумен қатар әскери-инженерлік бекініс құрылыстарын, жолдар мен көпірлер салуға және оларды жөндеуден өткізіп тұруға міндетті болды. Олардың міндетіне орманнан ағаш кесу және оны тасып жеткізу, пошта қатынасы көліктерін қорғауды қамтамасыз ету де кіретін.
Казактардың патша үкіметінің әкімшілігіне шын беріле адал қызмет етуі үшін оларға ең таңдаулы құнарлы жерлер бөлінді. Казактарға бөлінетін жер телімі Ресейден қоныс аударып келген шаруалардың жер телімінен әлдеқайда артық болды. Казактардың сонымен қатар тұз кәсіпшіліктерін, ормандарды, өзендер мен көлдерді пайдалануға да ерекше құқықтары болды.
Казактар әскери қызметке өз қару-жарағымен, киім-кешегімен, азық-түлігімен, өз атымен шығатын. 1835 жылға дейін казактар әскери қызметті өмір бойы жалдану тәртібімен атқаратын. Кейінірек Ресей империясындағы барлық казактар үшін әскери қызмет мерзімі 30 жыл болып белгіленді.
XIX ғасырдың орта кезіндегі соғыс уақыттарында Ресей казактары 160 мыңға дейін жауынгер жасақтай алатын. Казактар қатары олардың табиғи өсуі есебінен ғана емес, сонымен қатар бұл топқа орыс шаруаларын қабылдау арқылы да арта түсті. Казактардың, әсіресе Сібір казактарының құрамы тұтқынға түскен швед, француз, поляктардың есебінен де толығып отырды. Казактардың қатарына орыс емес халықтардың өкілдері — татар, башқұрт және қалмақтар да қабылданды.
Казактар мен қазақтардың арасындағы қарым-қатынас әртүрлі қалыптасты. Бір жағынан, олардың арасында тауар алмасу кеңінен өріс алды, тіл және мәдениет саласында жақындасу нығая түсті, ал екінші жағынан, өзара әскери қақтығыстар жиі-жиі болып тұрды. Ондай шиеленісті оқиғалардың негізгі себебі жер дауына байланысты күрес еді. Бұл жағдай қазақтардың казактардың бекініс қамалдары мен станицаларына шабуыл жасап тұруына себеп болды. Өз кезегін- де казактар да жазалау экспедициялары құрамында қазақ ауылдарына шабуыл жасап жүрді. Жайық, Орынбор, Сібір және Жетісу казактарының әскерлері қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілістерін аяусыз басып-жаншуға белсене қатысты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет