Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Г. Н. Потаниннің Қазақстан тарихында алар орны



бет220/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы
Home alone 2, Saba-ty-ba-ylau-para-y-osymsha, Шамалар. Масса. 1 сынып, Хфөпма 15, stud.kz-36854, Кушербай Мадина , философия 9 Камбаралиева Н, философия 9 Камбаралиева Н, 1zX1R5JBYxVpSZQ62VZMp41z-7vDwifwM
6. Г. Н. Потаниннің Қазақстан тарихында алар орны. Ұлы ғалым, орыс халқының ардақты ұлы, Ресей империясының барлық езілген халықтарының қамқоршысы Григорий Потанин бүгінгі ұрпақтың есінде мәңгі қалады. Ол Қазақстанның тарихын, этнографиясы мен географиясы, табиғатын зерттеген білікті ғалым.
Қазақстан мен Сібір жайлы материалдары ғалымның артында қалдырған аса бағалы, құнды мұралары. Сондықтан да оның 80 жасында Томск, Омбы, Красноярск қалаларының құрметті азаматы атануы кездейсоқ емес. 1918 жылы оған Сібірдің уақытша үкіметі «Сібірдің құрметті азаматы» атағын берді. Оның Сібірдегі абыройының жоғарылығы соншалық, Уақытша үкімет пен Кеңестік билік оған дербес зейнетақы тағайындаған.
Григорий Потанин қазақ зиялылары арасында үлкен беделге ие болды. Мәселен, ол Шоқанмен ғана емес, өз жерлестері Мұса және Сәдуақас Шормановтармен, Имантай Сәтбаевтармен де достық қарым-қатынас ұстанды. Достық қарым-қатынастарының барысында орыс ғалымы ғажайып, «Қазақтың соңғы ханзадасының үйінде» еңбегін жазып шықты.
Оны Алаш қозғалысының қайраткерлері Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С. Торайғыров, Ж. Ақбаев, М. Жұмабаев т.б. қадір тұтып, онымен байланыс жасап тұрған. Ә. Бөкейхан, Г. Потанин туралы жылы лебіз білдірді: «Григорий Потанин қазақ халқын өз туғанындай сыйлады. Бұл өмірдегі оның қалдырған ізі тек қасиетті адамдарға ғана тән еді». Қазақтың демократиялық зайырлы тобы оны «қазақтың қайғы-мұңы» атандырды. Мұның себебі: патша үкіметінің қазақ халқының бостандығы мен тәуелсіздігінен айырғанын батыл айыптауында, қазақтың мұңын жоқтауында еді.
Ол өзінің туған Отаны Қазақстанды жанындай жақсы көрді. Григорий Потанин былай деп жазды: «Біз тұратын бұл жер азаматтың нағыз жанға жайлы мекені. АдамАта мен ХауаАнаньщ өмір сүрген ұрпағы Ертістің жоғарғы жағында орналасқанына анық сенемін».
Григорий Николаевич қазақ пен орыс халқының достығын шын ниетімен құптады. Ол өз жерлестері - қазақ халқының ұлттық ерекшеліктеріне жоғары баға беріп, жарқын болашағына нық сенді.
Г. Н. Потанинді қазақ халқының болашағы қатты ойландырды. Қазақ халқының нағыз досы Григорий Потанин былай деп жазды: «Егер де біз Қазақстанды автономия етуге қол жеткізсек, Қараөткелді (қазіргі Астана. - авт.) Алаштың орталығына айналдырамыз. Қазақ жастарын оқыту үшін университеттер ашамыз. Сол кезде «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырын жазған, Абай, Шоқан, Ахмет, Міржақып сынды ұлдарды дүниеге әкелген қазақ халқының қандай екенін барша Еуропа білер еді... Болашақта қазақтар әлемнің басқа халықтары арасынан өз орнын тауып, зор құрмет пен беделге ие болады».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет