Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Г. Н. Потаниннің қазақтар және қазақ-орыс қарым-қатынасы жайындағы еңбектері



бет219/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

Г. Н. Потаниннің қазақтар және қазақ-орыс қарым-қатынасы жайындағы еңбектері. Григорий Потанин алғашқылардың бірі болып қазақ-орыс қарым-қатынасы жайлы жағымды пікір айтты. «Сібір казак әскері жайлы жазбаларында» қазақ тілінің орыс казактары арасында ауызекі түрінде кеңінен қолданылатынын айтып өтеді. Сонымен қатар казактардың жергілікті қазақ халқының көптеген әдет-ғұрыптарын меңгеріп алғандарына да тоқталады. Әсіресе, Коряков пен Жәмішев станицалары орыстары мен жергілікті қазақтардың өзара тығыз қарым-қатынастарын терең ашып көрсетеді.

Г. Потанин қазақтардың отырықшылық дәстүрге ұмтылысын, орыс тұрғындарының пайдаланып жүрген құрал-саймандары мен тұрмыстық бұйымдарының олардың арасында да кеңінен таралғанын айтып өтеді: «Казактар балық аулауға барар алдында Көкпектідегі дүңгіріиектерден біраз тауарлар сатып алып, оны қазақтармен балыққа, мал шаруашылығы, тіптен кейбір егіншілік өнімдеріне де айырбастап алады».
«Қазақтардың және алтайлықтардың аңыздары, аңыз әңгімелері және ертегілері», «Қазақтың соңғы ханзадасының үйінде», «Шоқан Уәлиханов жайлы биографиялық мәліметтерде» Қазақстан және қазақ халқы туралы көптеген жағымды пікірлер айтылған. Ол қазақтын, Ұлы Даласы мен халқын құрмет тұтты, өлкенің өткені мен бүгінгі тарихын жан-жақты зерделеді.
Зерттеуші ғалым жергілікті халықпен еркін араласты, орыс тұрғындары арасында қазақтар жөнінде жағымды пікірлер қалыптастырды. Ұлы Дала тұрғындарының әлемдік өркениет пен мәдениетке қосқан үлесіне жоғары баға берді. Сонымен қатар: «ғалымдардың Ұлы Дала тұрғындарын зерттеуге деген селқостығы ғылымның дамуына кедергі келтіруде» деген өкінішін де білдірді.

  1. Идеялық және саяси көзқарасы. Григорийдің демократиялық көзқарасы Омбының кадет корпусында оқып жүрген кезінде-ақ қалыптасты. Оған орыстың және шетелдің алдыңғы қатарлы, озық ойлы зиялыларының прогресті идеялары үлкен әсер етті.

Г. Потаниннің идеялық және саяси көзқарасының демократиялық негізде орнығуына досы Шоқанның ықпалы болды. Шоқан оны еркіндікті, азаттық пен әділеттілікті жырлаған Гейненің поэзиясымен таныстырды.
Григорий қазақ халқының мүддесін шын ниетімен жақтап шықты. Ол қазақтардың жерін тартып алуға қарсы тұрды. «Қазақ халқының жерін тартып алу мал шаруашылығының жойылуына, ал бұл қазақтардың қайыршылануына жеткізеді», деп өз ойын ашық айтты.
Санкт-Петербургтегі студенттік жылдары ол «Сібірдің тәуелсіздік қоғамының» жақтастары Н. Ядринцев, Ф. Усов, А. Щапов т.б. танысты. Олардың бәрі де Сібірдің Ресей империясы құрамынан бөлініп, жеке автономия болуын қолдады. Осы мақсатты көздейтін қозғалыстың басты идеологы мен белсенді мүшесі де Григорий Потанин еді. Ол Сібірді Ресей империясы бодандығынан азат етуді көкседі.
Томск қаласында Г. Потаниннің басшылығымен Сібір автономиясы жөнінде реформа өткізудің жобасын талқылайтын жастар ұйымы құрылды. Жергілікті билік өкілдері 1865 жылы жазда үйірме мүшелерін түгелдей дерлік тұтқындады. Г. Потанин қамауға алынып, Омбыға түрмеге жабылды.
Г. Потанин каторгалық жұмыстарға жегіліп, үйірменің басқа мүшелері Ресейдің түрлі өңірлеріне жер аударылды. 1868-1871 жылдары Г. Потанин Финляндияда, кейін Вологда губерниясына жер аударылып, каторгалық жұмыстарға жіберілді.
Григорий Потанин ұлтына қарамастан барлық сібірліктердің мүддесін білдірді. Ол адамзатқа тән құндылықтар - әділдік, рухани тазалық, адамгершілік, мейірімділік, парасаттылық қасиеттерді үлгі тұтты. Барлық адамзатты осыған шақырды. Сондықтан да оған замандастары парасатты азамат ретінде жоғары баға берді. Алаш көшбасшысы Әлихан Бөкейхан оны «қасиетті» адам санады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет