Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


жылы қазақ зиялылары көрнекті ғалым, демократ Григорий Потаниннің 80 жылдық



бет221/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

1915 жылы қазақ зиялылары көрнекті ғалым, демократ Григорий Потаниннің 80 жылдық мерейтойын атап өтіп, өздерінің жағымды пікірлерін білдірді: «Ардақты қарт. Келдім бүгін тойыңа» өлеңінде Міржақып Дулатов Г. Н. Потанинді «Сібірдің ардақты ақсақалы» деп атады. Қазақтың белгілі ақыны, лингвист- ғалым, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов да оған өз өлеңдерін арнады.
Г. Н. Потаниннің есімі Қазақстанның бірқатар Астана, Алматы, Павлодар, Семей, Петропавл қалаларының көшелеріне берілген. Ғалымның атындағы көшелер Ресей қалаларында да бар.
Павлодар облысындағы тарихи-өлкетану мұражайы мен мектепке Г. Потаниннің есімі берілген. Осы облыстың Черное ауылында Г. Потанинге ескерткіш орнатылған.
Дала тұрғындары орыс ғалымын «жан дүниесі таза ақсақал» атандырды. Бұл қазақ халқының ғалымға берген ең жоғары бағасы еді. Қазақстан мен Сібір тұрғындарының Қазақстан тарихы мен мәдениетін зерттеуші, халықтарды бейбітшілік пен келісімге үндеуші, адал да парасатты ғалымды ғасырлар бойы есте сақтайтыны анық.


Хорунжий - казак әскерінің төменгі офицерлік шені, жаяу әскердегі подпоручик немесе атты әскердегі корнет шеніне сәйкес келеді. Қазіргі армиядағы лейтенант атағы.
Эпос - ауыз әдебиетіндегі ел қорғаған батырлардың өмірін эпикалық сипатта жан-жақты суреттейтін жанр.
Фольклор — қазақ халқының бұқаралық көркемсөз шығармашылығы.
Гербарий — кептірілғен өсімдіктердің жиынтығы.
Флора — белгілі бір аумақта өсетін өсімдіктер түрі.
Сібір қоғамы — зиялылардың Сібірді Ресейден бөлуді көздейтін демократиялық қозғалысы.
Семенов-Тян-Шанский Петр Петрович (1827—1914) - орыстың көрнекті географы, ғалым, ботаник, статист, мемлекет және қоғам қайраткері. Императорлық Орыс географиялық қоғамының вице-төрағасы.



«...Қырғыз (қазақ) халқының зайырлы бағытын қалыптастыру үшін үлт көшбасшыларының өз ана тілі мен тарихын, мәдениетін және әдет-ғұрпы, көненің көзі, ескілікті мұраларын зерттеуге деген ынтасын аудару керек. Бұл әзірге тек ориенталистер мен фольклоршылар, этнографтар арасында ғана орын алған. Бірақ олар халықты зерттегенде қырғыз (қазақ) ұлтының сана-сезімін ояту үшін емес, тек осы жөнінде еуропалық білімді толықтыру үшін ғана айналысады».
Потанин Г. Н. Қазақтың соңғы ханзадасының үйінде.//«Русские богатство «журналы», СПб., 1896, №8.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет