Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


жылы қыркүйекте Петербургтің Суретшілер академиясы



бет229/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

1860 жылы қыркүйекте Петербургтің Суретшілер академиясы Т. Шевченкоға гравюра академигі атағын берді.
1860-1861 жылдары Т. Шевченконың денсаулығы күрт нашарлады, 1861 жылы қайтыс болды.

  1. Тарас Шевченконың Қазақстан тарихында алар орны. Ұлы ақын әрі суретші Тарас Шевченконы Қазақстанда екі халықтың перзенті деп есептейді. Ол украинның ғана емес, қазақ халқының да мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосты.

Қазақстанда оның есімін ерекше құрмет тұтады. Тарас Григорьевич жергілікті халық арасында зор құрметке бөленген еді. Қазақтар «ақын Тараз» деп құрметпен атады. Тарас Шевченко мен жергілікті қазақтар арасында достық жылы қарым-қатынас орнады. Тарас Григорьевич бекініс маңындағы қазақ ауылдарына қонаққа жиі барып, қазақ әндері мен аңыз әңгімелерін тыңдауды ұнататын. Олардың бірқатарын өз «Күнделігіне» жазып алатын. Т. Шевченко қазақ және украин халықтарының тарихи тағдырының ұқсастығын үнемі тілге тиек ететін. Жергілікті қазақтардың өмірімен жақын танысқаннан кейін ол қазақ және украин халықтарының мақсат-мүддесі де ортақ екенін айқын көре білді.
Т. Г. Шевченконың шығармашылығы Қазақстан тарихы мен мәдениетінің ажырамас құрамдас бөлігіне айналды. Оның есімі Қазақстан және Украина халықтарын рухани байланыстырушы тұлға ретінде тарихта қалды.
Ақын жайлы жарқын естеліктер қазақстандықтар жадында бүгінде сақталып қалған. Форт-Шевченко қаласының атауы да үлы ақынның есіміне байланысты қойылған. Форт-Шевченко қаласында украинның ұлы ақыны әрі суретшісі Тарас Шевченко жайлы мұражай ашылған.
Бұл мұражай-кешен бұрынғы Новопетровск бекініс-қамалының бау-бақшасы аумағында орналасқан. Жергілікті көнекөз тұрғындардың айтуынша Шевченконың күш салуының арқасында әскери қамалдың шағын бақшасы кеңейтіліп, үлкен де әсем қалалық саябаққа айналдырылған. Т. Шевченко бұл жерге Гурьев қаласынаи әкелген қызыл талдың бұтақшасын еккен. Зәулім өскен ағашты Форт-Шевченко тұрғындары қасиетті санап, күтіп «Тарастың қызыл талы» атандырды.
Тарас Шевченконың бекініс-қамал маңынан қазған құдығы да бүгінде сақталып қалған. Халықтың айтуынша құдық құрғақшылық жылдары бекініс төңірегінде қазақ ауылын су тапшылығынан құтқарған.
Тарас Шевченконың есімін қазақ халқы мәңгілік ұмытпайды. Қазақстанның бірқатар қалаларында оның есімімен көше аталған. Алматы, Ақтау, Форт-Шевченко қалалары және Қарабұтақ ауылында ұлы ақын әрі суретшіге ескерткіш орнатылған.
Қазақстан тақырыбы Т. Шевченкомен қатар белгілі суретшілер В. Верещагин мен Н. Г. Хлудовтың да шығармаларынан ерекше орын алды. Олар қазақ халқының өміріне арналған бірқатар суреттер салды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет