Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Гетман - ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы запорожье қазақтарының сайланып қойылған басшысы. Карл Брюллов



бет230/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

Гетман - ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы запорожье қазақтарының сайланып қойылған басшысы.
Карл Брюллов (1799-1852) - орыстың атақты суретшісі, кескіндемеші.



«Шевченко... малоросс (украин) тілінде өкіметке қарсы сарында өлеңдер шығарды. Өлеңдерінде украин халқының ауыр жағдайын айтты, казактардың бұрынғы еркіндігін, гетмандық биліктің артықшылығын дәріптеді. Оның өлеңдерін малоросс халқы оқи отырып, Украинаның гетмандық кезеңдегі жеке тәуелсіз мемлекеттігіне қайта оралуды ойлай бастайды. Сондықтан Тарас Шевченконың өлеңдері өте қауіпті...»
А. Ф. Орловтың I Николай патшаға Кирилло-Мефодиевск қоғамының қызметі жайындағы баяндамасынан. - СПб., 1847, 25-6.



& 60. Қазақ поэзиясы мен музыка өнері


Біз сөз етіп отырған уақытта қазақтың өзіндік бірегей поэтикалық және музыка өнері мәдениеті қалыптасты.
1. Қазақтың поэтикалық өнері. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы эпикалық шығармалар негізінен халықтың қаһарман батырлары Абылай мен Кенесарының ерлік істерін суреттейді. Қыз ұзату, келін түсіру тойлары, рулар мен тайпабасыларының жиындары әдетте ән салу, күй тарту сияқты салтанатты жағдайда басталатын. Қазақтың жазға қарай жайлауға, қысқа қарай қыстауға көшетін кездері де осындай ойын-сауық салтанатымен өтетін. Ән салу, күй тарту қазақ даласындағы жәрмеңкелердің де сәнін кіргізетін. Әртүрлі еңбек үрдістері мен тұрмыстық салт-сана жоралары да ән мен күйге ұласатын. Сондай-ақ бесік жырлары мен балаларға арналған әндер де кеңінен таралған дәстүрлі әдет-ғұрып болатын.
Венгр түркологы, көрнекті шығыстанушы, тарихшы әрі саяхатшы Герман Вамбери қазақтың поэтикалық өнері жайлы: «Киіз үйде тұратын адамдардың Париж не Лондондағы көзі ашық қоғам мүшелерімен салыстырғанда поэзияға бейім болатыны таңғаларлық құбылыс емес», - деп жазды.
ХІХ-ХХ ғасырлардың бас кезіндегі қазақтың поэзиясы халықтың ежелден қалыптасқан мәдениетімен, дәстүрлерімен және әдет-ғұрыптарымен тығыз байланысты болды. XVIII ғасырдың аяғынан бастап қазақ әдебиетінде бұрынғы өншілік-жыршылық дәстүр біртіндеп ығыстырылып, оның орнын жеке поэтикалық шығармашылық ала бастады. Егер бұрын батырлардың ерлік істерін дәріптеу басым болып келсе, XIX ғасырдан бастап күнделікті тұрмыс-тіршілік тақырыбына тереңдеп ену байқалды. Ақындар өмір жайлы толғанысында шығармашылықтың өзіндік дара жолын іздеуге тырысты, жаңа кәсіби поэзия қалыптаса бастады.
Қазақтың поэтикалық және музыка өнерін дамытуға Махамбет Өтемісұлы, Құрманғазы Сағырбайұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Біржан сал Қожағұлұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы, Ақжігіт (Ақан сері) Қорамсаұлы сияқты тағы басқа да көптеген ақындар мен өнерпаздар үлкен үлес қосты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет