Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет231/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

2. Махамбет Өтемісұлы шығармашылығы. Махамбет Өтемісұлы поэзиясы Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліспен тығыз байланысты болды. Махамбет ақ найзасы, асқақ жырымен де халықтың азаттығы үшін күресті. Оның асқан дарындылығына қалың жұртшылық бас иді. Махамбет от ауызды сөз шеберлігімен қатар, өзінің домбырашы-күйшілігі, батырлығы, ақындығы мен даналығы арқасында ел арасында даңққа бөленді. Ол 1824-1829 жылдары Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайдың тәрбиешісі ретінде Орынбор қаласында тұрды.
Махамбет Өтемісұлы Исатай Тайманұлы бастаған халық-азаттық көтерілісте өзінің жалынды өлеңдерімен халықты патша үкіметі мен хандардың езгісіне қарсы күреске шақырды. Ол өз елінің отарлық езгіден азат болғанын көрсем деп армандаумен өтті. Махамбеттің өлеңдері халық көтерілісінің қуатты дауысы, бостандық пен әділдіктің ұраны болып табылады.
Ақын көтерілісшілерді өзінің жалынды жырларымен жігерлендіре түсті әрі қарулы шайқастарға өзі де белсене қатысты. Ол патша үкіметінің халыққа қарсы саясатын, жергілікті хан, сұлтандардың қарапайым халыққа шектірген қасіреттерін аяусыз сынға алды.
Махамбеттің «Ереуіл атқа ер салмай...», «Соғыс», «Алайма, сұлтан, алайма!», «Баймағамбет сұлтанға айтқаны», «Тарланым», «Тайманның ұлы Исатай», «Мұнар да мұнар, мұнар күн», «Қызғыш құс» және басқа өлеңдерінде көтерілісшілердің бейнесі, Исатайдың қаһармандық ерлігі шебер суреттелген. Әр рухты ақын туған халқының бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы күресті жырға қосып өтті.
2. ХІХ-ХХ ғасырлардың бас кезіндегі қазақ поэзиясы. Ақын Шернияз Жарылғасұлы (1806-1867) қазіргі Ақтөбе облысының аумағында дүниеге келді. Жас шағынан өлең шығара бастады.
Махамбет Өтемісұлы сияқты ол да Бөкей хандығындағы шаруалар көтерілісіне белсене қатысты. Өзінің жалынды жырларында халықты азаттық жолындағы күреске шақырды. Оның билеуші сұлтан Баймағамбет Айшуақұлына арнаған өлеңі халық арасында кеңінен мәлім. Онда сұлтанның халықтың мүддесіне қарсы жасап отырған озбырлығы, арамзалық әрекеттері аяусыз сыналады.
Поэзияда күнделікті өмірдің әртүрлі салаларын, қарапайым адамды жыр етуде жаңа бастама қалыптасты. Осы орайда Жанақ Сағындықұлы, Шөже Қаржаубайұлы, Сүйінбай Аронұлы. т.б. көрнекті ақындар шығармашылығының маңызы зор болды. Олардың поэзиясына патша үкіметінің отаршылдық езгісі кезіндегі елдің ауыртпалықты жағдайы, күнделікті өмірдегі әлеуметтік-экономикалық мәселелер арқау болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет