61
оқиғалары суреттеледі. Бас кейіпкер Аянның соғыс зардабынан
бақытсыздыққа ұшырағанына қарамай, өмірге құштарлығы тура-
лы айтылады.
Жазушының бірқатар туындылары көптеген шетел тілдеріне
аударылған. 1977 жылы автордың сценарийі бойынша «Тел
өскен ұл» көркем фильмі түсірілді. Сайын Мұратбековтің
алғашқы әңгімелер жинағы «Менің қарындасым» деген ат-
пен 1961 жылы жарық көрді. Одан кейін «Ауыл оты» (1964),
«Көгорай» (1967), «Жабайы алма» (1972), «Дос іздеп жүрмін»
(1973) әңгімелері мен повестері басылып шығады. Автор өз
шығармаларында қарапайым халықтың мақсат-мұраттарына
жетуі жайлы әңгімелейді. Оның туындыларының басты кейіпкер-
лері – ауыл зиялылары мен тұрғындары, балалар. С. Мұратбеков
Ә. Әлімжановтың «Жаушы» романын және «Көгілдір таулар»,
«Отырардан жеткен сый» повестерін қазақ тіліне аударды.
Достарыңызбен бөлісу: