62
– Көркем шығарманың
тақырыбы деген сөзді екі мағынада
қарастырамыз. Біріншісі – шығарманың аты. Ол
шығарма
мазмұнынан хабар беріп тұрады. Мысалы, «Абай жолы» рома-
ны дегенде шығарма Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы
екенін байқаймыз. Автор кейде шығарманың атын мазмұнындағы
негізгі
оқиғаны меңзеп, астарлы мағынада қояды. Айталық,
А. Байтұрсынұлының «Адамдық диқаншысы» деген мысал өлеңінде
шығарманың тақырыбы астарлы түрде берілген.
2-тапсырма. Повестің толық нұсқасын
хрестоматиядан оқыңдар.
Оқулықта берілген үзіндінің мазмұнын айтып беріңдер.
– Сонымен,
идея дегеніміз – жазушының өз көзқарасы, шығармадағы
оқиғалар, кейіпкерлер арқылы берілетін негізгі ойы екен.
Жазушының
идеясын түсіну үшін шығармамен танысқаннан кейін, ондағы кейіпкер-
лерді талдап, автордың ұстанымын анықтау керек. Жазушы идея сы
шығармадағы жалпы көтерілген тақырыппен ұштасады. Сондықтан жазу-
шы идеясы мен шығарма тақырыбын анықтау үшін көркем шығарманы
толық оқып шығу керек.
Сондай-ақ көркем шығармадағы тағы бір ерекше бейне – автордың
бейнесі
.
Автор бейнесі дегеніміз – көркем
шығармадағы жазушының өз
бейнесінің көрінуі.
Ýпикалық туындыларда автор, негізінен,
оқиғаны баян дау шы бола-
ды. Автор бейнесін оқырмандар оқиғаны баяндау стилі, кейіпкерлерді
суреттеуі, табиғат бейнесі мен сөз қолдану шеберлігі арқылы айқындай
алады. Бірақ автор бей несі тікелей көрінбейді.
Достарыңызбен бөлісу: