Автоөнеркəсіптің иелері
АӨ 15 млн. дана автокөлік шығаруды жоспарлап отыр. Ол үшін қанша капитал К1 қажет екендігін жəне оның нəтижесінде, пайданың мөлшері 10% (Р:К=0,1), ал бір автокөліктің бағасы Б = Р+ К= 2,2 мың долл. болса, қанша пайда Р1 алатындығын есептеңіз.
Қаржы министрлігі пайдаға салынатын салықтың мөлшерін көтерді. АӨ алдыңғы уақытта бюджетке пайданың 15% төлейтін, енді пайданың 25% төлеуге тиіс. Бұл жағдайда Сіз капитал салымдарын төмендетуге мəжбүрсіз.
Егер салықтың екі пайыздық пунктке көтерілуі Сіздің инвестицияңыздың 2% -ға төмендеуіне əкелсе, мүмкін болатын капи-тал салымдардың (КЗ) жаңа сомасын есептеңіз.
Капитал ресурстарының КЗ қажетті мөлшерін анықтаңыз, олар-ды Сіздің қолыңызда бар меншікті капиталмен МК (МК+7 млрд. долл.) салыстырыңыз. Егер МК КЗ төмен болса, онда АӨ жетіспейтін қаражатты КБ-тен алуы тиіс. Қажетті соманы анықтаңыз (Д2 = КЗ – МК). КБ-ке Сізге қажетті кредиттің мөлшерін хабарлаңыз (А2).
Облигацияларды сатып алғаннан кейін кредит ресустары азайған коммерциялық банктер Сізге қандай мөлшерде кредит А ұсынатындығын хабарлайды.
Сіз кредиттің барлық көлемін алуға дайынсыз. Сізге пайыздың бұрынғы мөлшерлемесін П жəне П2 банктер хабарлайды. Сіз өзіңіздің ссуда мөлшерін қысқартуға мəжбүрсіз. Арттырудың əрбір пайыздық пункті П, А3-ке қатысты Сіздің қарызыңызды 2,5 млрд. долл. қысқартады.
Осы жағдайларда Сіздің қарызыңыздың сомасын есептеңіз А4.
Сіздің жалпы капиталыңыздың сомасын есептеңіз МК+А4. Əрбір автокөлікке 2 000 долл. шығын жұмсалса, Сіздің қолыңыздағы қаражатқа автокөліктердің қаншалықты мөлшерін шығару қажеттілігін анықтаңыз.
Осылайша, ойынның барысында мемлекеттік органдар жа-нама реттеуіштерді қолдана отырып, директивті жоспарлаусыз, автонарықтың тепе-теңдігін қамтамасыз етті.
Ойынның жауаптары мен оларға түсініктеме Қаржы министрлігі
Бір автокөлікті шығару үшін өндіріске 2 000 долл. салу қажет, мұнда пайда 0,2 мың долл. құрайды. Осы мəліметтерге сүйене отырып, 15 млн. автокөліктің өндірісіндегі шығындар мен пайданы сомасын есептеуге болады: К1 = 30 млрд.долл., Р1 + 3 млрд. долл.
млн. автокөлік шығару үшін: К2 = 20 млрд. долл., Р2 = 2 млрд. долл. Осылайша, автокөлік нарығының тепе-теңдігін қамтамасыз ету үшін инвестицияларды 30-дан 20 млрд. долларға дейін қысқаруын ын-таландыру қажет.
млрд долл. артық қаражат. ҚМ салық мөлшерлемесі 15-тен 25% -ға дейін көтеріледі, яғни 10 пайыздық пункітке. Ойынның шартына сүйене отырып, бұл өндіріске салынатын капитал салымдарының 10%-ға төмендеуіне əкеледі. Онда КЗ = К1 – 10% , К1 = 30-3=27 млрд.долл. Бірақ нарықтың тепе-теңдігін қамтамасыз ету үшін өндірістің көлемі 20 млрд. доллардан артық болмауы тиіс. Яғни салымдарды қосымша 7 млрд. долларға қысқарту қажет. Одан артық салықты көтеруге болмай-ды, өйткені ол шекті мөлшерлеменің деңгейінде тұр. Сондықтан əрі қарай іс-əрекетті ҚРҰБ жүргізеді.
15 млн. машина шығарған уақытта жəне салық мөлшерлемесі
– 15% болғанда, бюджетке түсетін салық түсімдерінің сомасы – 1,2 млрд.долл. құрайды, ал 10 млн. машина шығарған уақытта жəне салық мөлшерлемесі – 25% болса, – 1 млрд.долл. құрайды.
Пайдаға салынатын салықтың мөлшерлемесі жоғары болған сай-ын, бюджетке түсетін түсімдердің артылмай, қысқаратындығына көңіл болу қажет. Бұл құбылыс «Лаффер қисығында» сипатталған əсермен байланысты.
Қисық бюджетке түсетін салық түсімдерінің сомасының пайдаға салынатын салық мөлшерлемесінің қарқынына тəуелділігін сипат-тайды. Мөлшерлемелер төмен болса, бюджетке түсетін түсімдер салық пайызының ұлғаюымен бірге өседі, ал табыстардың өсімі төмендейді. Белгілі мөлшерлеменің деңгейінде табыс максималды шекті деңгейде болады. Əрі қарай мөлшерлеме ұлғайған кезде бюд-жетке түсетін түсімдер төмендейді. Бұл салықтың жоғары болған уақытта өндіріс пайдалылығының төмендеуімен, инвестициялардың ынталандыруының төмендеуімен байланысты. Өнім шығарылымы қысқарады, пайданың массасы төмендейді жəне пайыз жоғары болған кезде бюджетке түсетін түсімдер қысқарады.
Бір түсімдердің сомасы салық салудың əртүрлі ауқымдарына жауап бере алмайды, бірақ пайданың есебінен болатын түсімдердің пайызы айтарлықтай жоғары болмаса, іскерлік пайда болады жəне тауарларды шығару мен пайданың массасының өсуі есебінен бюджетке түсетін та-быстарды ұлғайтудың мүмкіндіктері пайда болады.
Осы заңдылықтарды ойында салық мөлшерлемесі мен бюджетке түсетін ақшалай қаражаттың түсімдері арасындағы арақатынасын тал-дау кезіндегі ойында көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |