3.1-сызба. Пайданы бөлудің қағидаты
3.3.1. Рентабельділік
Рентабельділік экономиканың базалық категорияларының бірі бо-лып табылады.
Рентабельділіктің келесі көрсеткіштері пайдаланылады:
капитал рентабельділігі пайданың капиталға, яғни баланс активеріне қатынасы ретінде есептеледі;
шығындар рентабельділігі пайданың сатылған өнімнің өзіндік құнына қатынасы ретінде;
сату рентабельділігі пайданың өнімді өткізуден түскен түсіміне қатынасы ретінде;
өнім өлшемінің рентабельділігі өнім пайданың өлшем бірлігінің оның өзіндік құнының өлшем бірлігіне қатынасы ретінде анықталады.
Рентабельділік коэффициенттері кəсіпорынның қызметін жалпы-лама түрде сипаттайды.
Сату рентабельдігі (ROS) =Таза пайда/түсім
Рентабельділік сатылған өнімнен түскен əрбір теңгедегі пайданың үлесін көрсетеді.
65
Активтердің рентабельділігі (ROA)=Таза пайда/Активтер
Таза пайданың жалпы активтер көлеміне қатынасы салықтар мен пайыздар төленгеннен кейінгі активтердің рентабельділігін көрсетеді.
Активтердің пайда табу қабілеттілігі=Таза пайда/ Активер
Капитал мультипликаторы=Активтер/Меншікті капитал
Меншікті капиталдың рентабельділігі= Таза пайда/Меншікті ка-питал
Меншікті капиталдың рентабельділігі корпорацияның қызмет етуі кезіндегі капитал қайтарымның мөлшерін немесе капиталды пайдаланудың тиімділігін көрсетеді.
МК(ROE) рентабельділігі=Таза пайда/МК
Меншікті капиталдың рентабельділігі корпорация қызметін іске асырудағы капитал қайтарымдылығының мөлшерін көрсетеді. Басқа сөзбен айтқанда, капиталды пайдаланудың тиімділігімен түсіндіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |