Оқулық Алматы, 012 ббк 65. 29 К 68



бет24/179
Дата07.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#96156
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   179
Байланысты:
mihel-korporativtik-karjy

3.3. Пайданы жоспарлау:

  1. тікелей есептеу əдісі

  2. талдамалық əдіс

  3. нормативтік əдіс

  4. кешенді əдіс

  5. факторлық (бағдарламалық факторлық) əдіс

3.3.1. Рентабельділік


3.1. Өнімді өткізуден түскен түсім, оны жоспарлау жəне бөлу

Түсім – кəсіпорынның меншікті қаржы ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады.


Түсімді қалыптастырудың:



  • өнімді өткізуден түскен түсім сияқты негізгі қызмет түрінен түсетін түсім;




  • айналымнан тыс активтерді сату немесе басқа компаниялардың бағалы қағаздарын сатудың қаржылық нəтижелері түріндегі инвестициялық қызметтен түсетін түсім




  • қаржылық қызметтен, соның ішінде кəсіпорынның облигацияла-ры мен акцияларын орналастырудан түсетін түсім сияқты негізгі үш бағыты бар.

Өткізуден түсетін түсімді айқындаудың:



  • тауарды жөнелтумен байланысты, жұмыс пен қызметтерді орын-дау барысында сатып алушының талабы бойынша есеп айырысу құжаттарын ұсыну (есептеу əдісі);




  • төлем əдісі бойынша – кассалық əдіс (яғни, ақшалай түсім сатушының есеп айырысу немесе валюталық шотына аударылады) сияқты екі əдісі бар.

Түсім ақшаны жоспарлау кезінде рынок конъюнктурасын, яғни қарастырылмаған жағдайлардың орын алуы мүмкіндігін ескеріп, еңбек жəне қаржы ресурстарының өзгерісі кезінде іс-əрекет моделін жасай білу қажет.


Өнімді өткізуден түсетін түсім ақша жоспарын құру кезінде кəсіпорынның қызметіне елеулі əсер ететін инфляция деңгейін еске-ру, яғни статистика органдары мен ҚР Ұлттық Банкімен жоспарлана-тын инфляция өсімінің индексін ескере отырып тиісті түзету енгізу мүмкіндігін қарастыру қажет.



52


Жоспарлы түсімді анықтау үшін, өткізілген өнімнің саны мен ассортиментін жəне өткізу бағасын (көтерме баға) анықтау қажет. Өткізілген өнімнің саны өндіріс көлемі мен қоймадағы дайын өнімнің қалдығына жəне жөнелтілетін өнімнің көлеміне байланысты келесі формула арқылы анықталады:
К=Қ1+Т-Қ2
К – өткізілген өнімнің көлемі;

Қ1 – жоспарлы кезеңнің басында көтерме бағамен өткізілмеген өнімнің қалдығы;





  • – жоспарлы жылдағы көтерме бағамен өткізілген өнімнен түскен түсім ақша;

Қ2 – жоспарлы кезеңнің соңында көтерме бағамен өткізілмеген өнімнің қалдығы.


Жоспарлы жылдың басында күткен қалдықтар келесі төрт эле-менттен тұрады:

● қоймадағы дайын өнім;


төлем мерзімі жетпеген, жөнелтілген тауарлар; ● мерзімінде төленбеген, жөнелтілген тауарлар;

● сатып алушылардың жауапкершілікті сақтауындағы тауарлар. Жоспарлы жылдың соңындағы өткізілмеген өнімнің қалдығы: ● қоймадағы дайын өнімнен; ● төлем мерзімі жетпеген, жөнелтілген тауарлардан тұрады.


Баға саясатын қалыптастыруда келесі қағидаттарды ұстанған жөн: ● аталған саясаттың тауар рыногы конъюнктурасымен жəне таңдалған саясаттың ерекшеліктерімен сəйкес келуі (рынок стратегия-


сымен); ● баға саясатының пайданы басқару саясаты мен ағымдағы


қызметтің негізгі мақсаттарымен біріктіріле жүргізілуі; ● белсенді баға саясаты;


● жоғары сервистік қызмет көрсетуді үйлестіре отырып тауар бағасының деңгейін кешенді түрде бекіту;


● баға саясатының жоғары серпінділігі.


Баға саясатын əзірлеу келесі үдерістерді қамтиды: ● баға саясатын құру мақсаттарын таңдау; ● қалыптасқан баға деңгейін бағалау;

● тауар рыногының əлеуеті жəне бағалау ерекшеліктері;


● өнім түрі мен өндіріс шығындарына қарай баға саясатын диффе-ренциациялау;

● өнімнің жекелеген түрлеріне баға құру моделін таңдау;


● тауарлар мен қызметтерге тиісті нақтылы баға деңгейін əзірлеу; ● баға түзетудің қазіргі заманға сай əдістемесін қалыптастыру. Өнімнің бағасын анықтауда келесі факторларды ескерген жөн:

● осы өнімге деген тұтынушылық сұраныстың деңгейі;


● берілген өнімге рыноктағы қалыптасқан сұраныстың икемділігі;

53


  • рыноктағы нақтылы тауар өндірісінің өзгерісіне мүмкінді əсерлесуі;




  • мемлекеттік реттеу шаралары.

Өнімнің бағасын бекітуге келесі əдістер пайдаланылады:

  • өзіндік құны жəне пайда арқылы бағаны есептеу;

  • өнімге деген сатып алушылық сұранысқа бағдарлану;

  • ортасалалық бағаны пайдалану;

  • бəсекелестер шығаратын өнімнің бағасына бағдарлану.

Батыс корпорациялары базалық бағаны анықтауда бес негізгі əдістерді пайдаланады:





  • толық шығындар əдісі (айнымалы шығындар+тұрақты шығындар+пайда)




  • өнімнің өзіндік құны əдісі;

  • маржиналдық (шекті) шығындар əдісі;

  • табыстылық (рентабельділік) əдісі;

  • маркетингтік (нарыктық) бағалау əдістер жүйесі.

Баға құру саясаты маркетингтік стратегияны таңдауға сəйкестікте əзірленеді, бұл мыналарды қарастырады:



  • жаңа тауарлар рыногына ену;

  • корпорациялармен шығарылатын тауарлар рыногын қарастыру;

  • басыңқылықты сатып алушылар топтары бойынша өнімдер ры-ногын сегменттеу.

Бағалық стратегияның 3 типі бар:



  • бəсекелестермен салыстырғанда бағаны бірқатар жоғары белгілеу (сыйақылық баға құру);




  • бəсекелестер бағасына тең шамада баға белгілеу (бейтарап баға құру);




  • бəсекелестермен салыстырғанда бағаны аздап төмен немесе өте төмен белгілеу (бағалық сілкініс стратегиясы).

Баға құру мəселері бойынша шешімдерді өндіріс көлемі мен маркетингтік стратегия бойынша шешімдермен қоса қабылдау қажет.


Бағалық стратегияны анықтау үшін жүргізілетін шаралар:



  • өндіріс пен өнімді өткізуге кеткен шығындарды бағалау;

  • кəсіпорынның қаржылық мақсаттарын нақтылау;

  • əлеуетті сатып алушыларды таңдау;

  • маркетингтік стратегияны анықтау;

  • мүмкін болатын бəсекелестерді белгілеу;

  • кəсіпорын қызметін қаржылық талдау;

  • нарықты сегменттік талдау;

  • белгілі бір нарық сегменттеріндегі бəсекелестікті талдау;

  • баға құру саласында мемлекеттік реттеуді бағалау.

Өткізу көлеміне (түсімге) мыналар əсер етеді: көлем, ассортимент жəне сапа.



54




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   179




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет