Тақырыптық есептер
№1 есеп.
Жарты жылға жылдық 28%-дық жай мөлшерлемемен 50 000 теңге көлемінде кредит берілді. Өсірілген соманы анықтаңыздар.
№2 есеп.
Жоғары өнімді жылғы 2 наурыздан 11 желтоқсанға дейін жылдық 30%-бен 10 000 000 теңге көлемінде кредит берілді. Пайыздарды есептеудің əртүрлі нұсқалары (кəдімгі жəне нақты) үшін өсірілген соманың көлемін анықтаңыздар.
№3 есеп.
3,5 жылға 20 000 000 теңге көлемінде кредит беріледі. Бірінші жылға пайыздың мөлшерлемесі – 30%, ал əрбір келесі жарты жылға ол 1%-ға азайып отырады. Ұлғайтудың көбейткішін жəне өсірілген со-маны анықтаңыздар.
№4 есеп.
Егер пайыздың жылдық 28%-дық жай мөлшерлемесі пайдаланыла-тын болса, 25 000 000 теңге көлеміндегі бастапқы капитал 40 000 000 теңгеге өседі. Есептеу кезеңін анықтаңыздар.
№5 есеп.
24 000 000 теңге көлеміндегі бастапқы капиталды бір жылдан кейін 30 000 000 теңгеге жеткізетін пайыздардың жай мөлшерлемесін анықтаңыздар.
№6 есеп.
Жылдық 26%-дық жай мөлшерлемені 250 күнге кредит беріледі. Қарызгер алатын соманы жəне егер 40 000 000 теңгені қайтару талап етілетін болса, пайыздық ақшаның сомасын есептеңіздер.
№7 есеп.
Жарты жылға 30%-дық жай есептік мөлшерлемемен кредит берілді. Қарызгер алатын соманы жəне егер 40 000 000 теңгені қайтару талап етілетін болса, дисконттың мөлшерін есептеңіздер.
№8 есеп.
40 000 000 теңге көлемінде 25%-дық жай есептік мөлшерлемемен кредит берілді. Егер қарызгер 35 000 000 теңге алғысы келсе берілетін кредит мерзімін анықтаңыздар.
№9 есеп.
Егер 10 000 000 теңге жарты жылға несиеге берілетін болса,
9 000 000 теңгені алуды қамтамасыз ететін есептік мөлшерлемені
есептеңіздер.
№10 есеп.
Бастапқы салынған сома 200 000 теңгеге тең. Жылдық 28% көлеміндегі жай жəне күрделі мөлшерлемелерді пайдаланған кездегі бес жылдан кейінгі өсірілген соманы анықтаңыздар. Есепті пайыздар жарты жылға, тоқсанға, үздіксіз есептелген жағдайда да шешіңіздер.
№11 есеп.
Борыштың бастапқы сомасы 50 000 000 теңге. Жылдық 28%-дық мөлшерлеме бойынша күрделі пайыздарды есептеудің екі əдісін пайда-лана отырып, 2,5 жылдан кейін өсірілген соманы анықтаңыздар.
№12 есеп.
Жылдық 24%-дық күрделі пайыздардың мөлшерлемесін пайдаланғанда үш жылдан кейін төленетін 100 000 000 теңгенің қазіргі кездегі (ағымдағы, қазіргі, келтірілген) мөлшерін анықтаңыздар.
№13 есеп.
50 000 000 теңге көлеміндегі бастапқы капитал қандай мерзімде
200 000 000 теңгеге дейін өседі. Егер:
а) егер оған жылдық 28%-дық мөлшерлеме бойынша күрделі пай-ыздар есептелетін болса;
ə) егер пайыздар тоқсан сайын есептелетін болса.
№14 есеп.
Бастапқы капитал бес жылда үш есе өсу үшін кредиттік пайыздың күрделі мөлшерлемесі қандай болу керек? Есепті жарты жыл бойынша пайыздарды есептеу жағдайында да шешіңіздер.
№15 есеп.
Борыштың бастапқы сомасы 25 000 000 теңге. Пайыздарды есептеудің декурсивті жəне антисипативті əдістерін пайдаланған кездегі үш жылдан кейінгі өсірілген соманың көлемін анықтаңыздар. Жылдық мөлшерлемесі – 25%.
№16 есеп.
Жылдық 20%-дық күрделі есептік мөлшерлемені пайдаланған кез-де екі жылдан кейін төленетін 120 000 000 теңге көлеміндегі соманың қазіргі кездегі мəнін анықтаңыздар.
№17 есеп.
Борышқорлық міндеттеме бойынша төлем мерзімі – жарты жыл, есептік мөлшерлеме 18%. Кредиттік пайыздың жай мөлшерлемесі түрінде өлшенген аталмыш операцияның табыстылығы қандай бола-ды?
№18 есеп.
Егер номиналды мөлшерлеме 24%-ға тең жəне ай сайын пайыздар
есептелінген жағдайдағы, күрделі пайыздардың тиімді мөлшерлемесін
есептеңіздер.
№19 есеп.
10 000 000 теңге көлеміндегі капиталды бес жылға жайғастырса, онда пайыздардың қандай мөлшерлемесімен салған тиімді болады, егерде:
а) пайыздардың жылдық 30%-дық жай мөлшерлемесімен есептел-
се;
ə) тоқсан сайын 28%-дық күрделі мөлшерлемемен есептелсе.
№20 есеп.
Егер ай сайын пайыздар есептелетін болса, жылдық табыстылықты
26%-ға қамтамасыз ететін номиналды мөлшерлемесін анықтаңыздар.
№21 есеп.
Кредитке алынған капитал несиелік пайыздың күрделі мөлшер-лемесі бойынша жылдық 22%-бен салынды. Кредиторлармен есеп айырысу үшін екі жылдан кейін 30 000 000 немесе үш жылдан кейін 36 000 000 төлеу қажет қандай нұсқаны таңдаған дұрыс?
№22 есеп.
Екі жылға 50 000 000 теңге көлемінде кредит берілді. Операцияның нақты табыстылығы кредиттік пайыздың күрделі мөлшерлемесі бой-ынша жылдық 10%-ды құрауы тиіс. Инфляцияның күтіліп отырған деңгейі жылына 15%-ды құрайды. Ұлғаю көбейткішін, инфляцияны ескеретін пайыздардың күрделі мөлшерлемесін жəне өсірілген соманы анықтаңыздар.
№23 есеп.
20 000 000 теңге көлеміндегі бастапқы капитал үш жылға беріледі, пайыздар əр тоқсанның аяғында номиналды мөлшерлеме бойын-ша жылдық 8%-бен есептеледі. Егер инфляцияның күтіліп отырған жылдық деңгейі 12%-ды құрайтын болса, инфляцияны есептегендегі өсірілген соманы жəне пайыздардың номиналды мөлшерлемесін анықтаңыздар.
№24 есеп.
Кредит берген кезде есептік мөлшерлеменің жылдық 5%-ымен анықталатын операцияның нақты табыстылығы қамтамасыз етілуі тиіс. Кредит жарты жылға беріледі. Осы кезде инфляцияның болжал-ды индексі 1,06-ны құрайды. Инфляцияның салдарынан орын алатын шығындарды өтейтін есептік мөлшерлеменің мəнін есептеңіздер.
№25 есеп.
Егер инфляцияның 0,9% деңгейінде ай сайын екі жылға күрделі пайыздардыңноминалдымөлшерлемесібойыншажылдық15%-бенкре-дит берілетін болса, қаржы операциясының нақты табыстылығы қандай болатынын анықтаңыздар. Пайыздар тоқсан сайын есептеледі.
№26 есеп.
Егер инфляцияның 14% деңгейінде ай сайын есептегенде 8% но-миналды мөлшерлемемен жыл сайын капитал бір жылға салынатын болса, қаржы операциясының нақты залалдылығы қандай болатынын анықтаңыздар.
№27 есеп.
Төмендегідей анықталатын төлемдер ағынының қазіргі кездегі мөлшерін табу керек: бірінші жылы – түсімдер 500 долл., екінші жылы
– түсімдер 200 долл., үшінші жылы – түсімдер 400 долл., ары қарай жеті жыл бойы – табыс 500 доллардан. Дисконттау мөлшерлемесі – жылдық 6%.
№28 есеп.
Жылдық 4% күрделі пайыздық мөлшерлемемен берілген кредитті өтеу үшін 10 жыл бойы жыл сайын 5 000 долл. көлемінде төлемдер жүргізілуі тиіс. Өзгерген жағдай алғашқы кезден бастап 7 500 долл. көлемінде төлем жасауға мүмкіндік береді. Борыш толығымен өтеліп болатын n1 жаңа мерзімді анықтаңыздар.
№29 есеп.
Екі аннуитеттің параметрлері төмендегідей:
төлемнің мөлшері – 2 000 долл., пайыздық мөлшерлеме – жылдық 5%, мерзімі – 12 жыл;
төлемнің мөлшері – 2 000 долл., пайыздық мөлшерлеме – жылдық 5%, мерзімі – 10 жыл;
біреуін мерзімі 10 жыл жəне пайыздық мөлшерлемесі жылдық 6% төлеммен ауыстыру қажет.
Жаңа төлемнің мөлшерін анықтаңыздар.
49
№30 есеп.
Жылдық 4% күрделі пайыздық мөлшерлемемен 12 000 долл. көлемінде қарыз берілді. Егер қарызгер жыл сайын 1 500 доллардан қарыздыжабатынболса,ондаөтеумерзімініңұзақтығынанықтаңыздар. Борышты өтеу графигін құрыңыздар.
№31 есеп.
10 000 доллар көлеміндегі борышты бес жылдың ішінде өтеу қажет. Мерзімдік төлемдердің мөлшері алғашқы төрт жылда – 2 000 долл., 2000долл.,4000долл.,1500долл.Егерпайыздықмөлшерлемежылдық 5%-ды құрайтын болса, соңғы төлемнің мөлшерін анықтаңыздар.
№32 есеп.
14 мамырда номиналы 200 000 теңге депозиттік сертификат 8 желтоқсаннан бастап жылдық 18%-бен өтеуге берілді. Нақты жəне кəдімгі пайыздарды есептегендегі табыстың сомасын жəне борышқорлық міндетті өтеу сомасын анықтаңыздар.
№33 есеп.
Төлем міндеттемесі жылдық 25%-бен үш айға 20 000 000 теңгеден
өтеуге берілді (жыл). Аталмыш төлем міндеттемесі иесінің табысын
анықтаңыздар.
№34 есеп.
Номинал құны 28 000 000 теңге болатын сертификат 200 күнге (кібісе жыл) 30 000 000 теңгеден өтеуге берілді. Кредиттік пайыздың жай мөлшерлемесі түріндегі сертификат табыстылығын анықтаңыздар.
№35 есеп.
Төлем мерзімі 21 шілдеден басталатын 10 000 000 теңге мөлшерінде вексель берілді. Вексель иесі оны 5 шілдеден бастап 20%-дық есептік мөлшерлемемені банкке төлеуді ұйғарды. Банктің табысын жəне век-сель бойынша алынған соманы (К = 365) анықтаңыздар.
№36 есеп.
Бес жылға шығарылған номиналы 10 000 теңге облигация бағам бойынша 120-ға сатып алынды. Егер оған жыл сайын 18% мөлшерлеме бойынша күрделі пайыздар есептелетін болса, онда облигациялар бой-ынша табысты есептеңіздер.
№37-есеп.
№36 есепте берілген шарттағыдай күрделі пайыздардың тиімді
мөлшерлеме түріндегі облигацияларды сатудың табыстылығын
анықтаңыздар.
№38 есеп.
5 000 теңге номиналмен акция шығарған кезде дивидендтердің белгіленген мөлшері жылдық 15%-ға тең болады, ал бағалау бойынша олардың номиналға қатысты құны жыл сайын 4%-ға өсіп отырады. Номинал бойынша сатудан жəне бес жылдан кейін дəл осындай 100 акцияны сатудан түсетін күтілетін пайданы анықтаңыздар.
№39 есеп.
5 000 теңге номиналмен акция шығарған кезде дивидендтердің белгіленген мөлшері жылдық 15%-ға тең болады, ал бағалау бойын-ша олардың номиналға қатысты құны жыл сайын 4%-ға өсіп отыра-ды. Күрделі пайыздардың тиімді мөлшерлемесі түріндегі акциялар сатылымының табыстылығын есептеңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: |