6.1-кесте. Кəсіпорынның инвестициялық жоспарының
болжамдары
№
|
Көрсеткіштер
|
Соммасы
|
1.
|
Күрделі қаржы жұмсалымдарын
|
85 000
|
|
жоспарлау:
|
|
|
1)
|
құрылыстық, монтаждық жұмыстар
|
35 000
|
|
2)
|
машиналар мен құрал-жабдықтарды сатып алу
|
45 000
|
|
басқа да күрделі қаржылық жұмсалымдар
|
5 000
|
2.
|
Қаржыландыру көздері
|
|
|
1)
|
меншікті қаражаттар:
|
40 000
|
|
а) амортизация
|
10 000
|
|
б) жинақтау қорына бағытталған таза пайда
|
25 000
|
|
в) басқа да меншікті қаржаттар
|
5 000
|
|
2)
|
Орталықтандырылған қаражаттар
|
5 000
|
|
3)
|
тартылған қаражаттар (акцияларды қосымша
|
15 000
|
|
эмиссиялау)
|
|
|
4)
|
қарыз қаражаттар
|
25 000
|
|
Бюджеттік ассигнациялар
|
|
Инвестицияның өзін-өзі қаржыландыру коэффициенттерін жəне меншіктіқаржаттардыңүлесінанықтауқажет:(45000/85000*100%=47%) қажеттісі 51%, керекті нормаға дейін жетпейді.
Инвестиция тиімділігі =пайда/инвестициялық шығындар Шығындар рентабельділігі=пайда/ өткізілген өнімнің өзіндік құны Негізгі қорларды қалпына келтірудің бір əдісі еңбек құралдары
тозуының бір бөлігін ғана қалпына келтіру, ұдайы өндірісті қамтамасыз ету, яғни негізгі қорларды жөндеу болып табылады. Жөндеу түрлеріне: ағымдағы, орташа, толығымен жөндеу жатады. Толығымен жөндеудің экономикалық мəнділігі – жөндеуге кеткен шығын жөнделінетін объектінің құнымен салыстырылады. Негізгі өндірістік қорларды жөндеу меншікті қаражаттар есебінен жүргізіледі жəне өнімнің өзіндік құнына жатқызылады. Əлеуметтік мəдени объектілерді, яғни балабақшалар, мəдениет үйлерін жəне т.б жөндеу кəсіпорынның қаражаттары , яғни пайдасы есебінен орындалады.
Тақырыптық есептер
№1 есеп
«Арман» лазерлік дискілер шығаратын корпорацияның өнім өндірісінен түскен табыс 2011 жылы 1 млрд теңгені құрады. Бұл
корпорацияның 2011 жылдағы негізгі қорларының құны 250 млн.тг. 2011 жылдағы жұмысшылардың тізім бойынша орташа саны 10000 адам. Бəсекелес лазерлік дискілер шығаратын компанияның сол жылғы табысы 900 млн.тг. бұл корпорацияның негізгі қорларының құны 200 млн.тг. 2011 жылдағы жұмысшылардың тізім бойынша орташа саны 8000 адам. Екі компанияның берілген мəліметтері бойынша негізгі қор тиімділігінің көрсеткішін анықтаңыз.
№2 есеп
«Арман» корпорациясындағы лазерлік дискінің пластикалық негізін жасауға арналған бір станоктың құны 12 100 000 тг. Активтердің қызмет ету мерзімі 6 жыл. Жойылу құны 100000 тг. Жыл сайынғы амортизациялық аударымдар көлемін анықтаңыз жəне құнды тура сызықты есептен шығару əдісін қолдана отырып, 6 жыл ішіндегі актив құнын есептен шығару кестесін құрыңыз.
№3 есеп
«Арман» корпорациясындағы лазерлік дискінің қолдану мерзімін ұзарту үшін қорғаныш қабықшамен қаптау станогының құны 5 800 000 теңгені құрайды. Активтің қызмет ету мерзімі 6 жыл. Жойылу құны 400000 тг. Станоктың өнімділігі 1800000 дискілер. Бірінші жылы бұл станокта 150000 дискілер өңделді. Екінші жыл 350000 дискілер, үшінші жылы 200000 дискілер, төртінші жылы 350000 дискілер, бесінші жылы 450000 дискілер, ал алтыншы жылы 300000 дискілер өңделді. Əр жылдағы амортизациялық аударымдар сомасын анықтаңыз жəне құнын есептен шығарудың өндірістік əдісін қолдана отырып, активті есептен шығару кестесін құрыңыз.
№4 есеп
«Атамекен» корпорациясында дискіге жазба түсіру станогының құны 3 300 000 тг. Активтің қызмет ету мерзімі 5 жыл. Жойылу құны 300000 тг. Жыл сайынғы амортизациялық аударымдар көлемін
анықтаңыз жəне сандардың жиынтығы бойынша (кумулятивтік əдіс) есептен шығару əдісін қолдана отырып, 6 жыл ішіндегі актив құнын есептен шығару кестесін құрыңыз.
№5 есеп
«Атамекен» корпорациясында мөртаңбалау əдісімен лазерлік дискіге жазу құрылғысының құны 8800000 теңге. Активтің қызмет ету мерзімі 8 жыл. Жойылу құны 800000 тг. Жыл сайынғы амортизациялық аударымдар көлемін анықтаңыз жəне қалдығын азайту жолымен есеп-тен шығару əдісін қолдана отырып, 8 жыл ішіндегі актив құнын есеп-тен шығару кестесін құрыңыз.
№6 есеп
Веерлер жасайтын жапондық «Диана» корпорациясының Қазақстандағы филиалы құрал-жабдықтарды жаңарту мен жаңғыртуды жоспарлап отыр, бұл 7 млн. тг көлемінде салымдарды қажет етеді. Өндірістік орындардың аумағын кеңейтуге қажетті күрделі қаржылық жұмсалымдар 8 000 000 тг. Өндірістік күштерді арттырудың ұлғаюымен байланысты қосымша шығындары 2 000 000 тг. Амортизациялық ау-дарымдар есебінен өндірістік қорларды жаңартуға 5 000 000 тг кетеді. Жинақтау қорындағы өнімдерді өткізуден түскен таза пайда 7 000 000 тг. Акцияларды қосымша эмиссиялау 3 000 000 табыс əкелуі қажет. Фи-лиал өндірістік емес қызметтен 1 000 000 теңге табыс алады. Өндірістік қорларды ұлғайту мен жаңғырту шығындарын өтеуге қажет кредиттеу көлемін анықтау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |