Тақырыптық есептер
№1 есеп
Əртүрлі дəмдегі қытырлақ нандар өндіретін «Ақсай нан» АҚ бір қорап қытырлақ нан өндірісне кететін шығын мөлшерін анықтады. 1000 қорап өндіргенде 1 қорапқа кететін жиынтық шығын мөлшері 25 теңгені құрады. Соның ішінде 10 теңге тұрақты шығындар, ал 15 теңгесі сəйкесінше айнымалы шығындар болып табылады. Өндірістің мұндай көлеміндекəсіпорыншығынсызжұмысістейді,бірақтабысқадаиебол-майды. Тұрақты шығындардың үлесі өзгеріссіз екенін ескере отырып, 500, 1000, 3000, 10000 қорап өндіріс кезіндегі тұрақты шығындардың үлесін, маржиналды жəне жиынтық табысты анықтаңыз.
№2 есеп
«Ақсай нан» АҚ өндірісі 15000 қорап қытырлақ нан өндірді. Қарбыз дəмдес қытырлақ нанының бір қорабының өндірісіне кеткен тұрақты шығын мөлшері 5 теңгені құрайды, айнымалы шығындары 20 теңге, яғни жиынтық шығын мөлшері 25 теңге, бір қорабының көтерме бағасы50теңге.Өндірістіңкезкелгенкөлеміндетұрақтышығындардың үлесі өзгеріссіз екендігін ескере отырып, өндірістің бұл түрінің қандай
минималды көлемінде кəсіпорын шығынсыз жұмыс істей алатынын анықтау қажет.
№3 есеп
«Ақсай нан» АҚ өндіріске тікелей қатысатын бір жұмысшысының орташа еңбекақысы 50000 теңге. Орташа жылдық өнімділік 3 млн теңге болған кезінде 2013 жылы қызметкерлердің орташа еңбекақысын 75 теңгеге дейін арттыру жоспарланып отыр жəне жаңа станоктарды сатып алу нəтижесінде еңбек өнімділігін жылына 7 млн.теңгеге артты-ру жоспарланып отыр. Бір қорап өндірудің еңбек сыйымдылығы 2009 жылы өнімнің бір теңгесіне 25 тиыннан келеді немесе бір қораптың бағасы 30 теңге болған жағдайда 7,5 теңге. 2010 жылы жоспарлы өндіріс көлемі 1 млн қорапты құрайды. 2013 жылы еңбек өнімділігінің артуының өзіндік құнның төмендеуіне əсерін анықтаңыз.
№4 есеп
Иіс су өндіретін «Арай» АҚ-ның негізгі қорларының құны 2009 жылы 10 млн теңгеге тең болса, 2010 жылы өндірістік аймақты кеңейту жоспарланып отыр, яғни қосымша құрал жабдық сатып алуы қажет. Бұл 15 млн теңге соммасында шығынды қажет етеді. Амортизациялық аударымдар 2009 жылы 2 млн тг, 2013 жылы 5 млн.тг құрайтын бола-ды. «Арай» АҚ-ның жылдық орташа түсімі 2009 жылы 25млн.тг бол-са, 2013 жылы түсімді 75 млн.тг-ге дейін көбейту жоспарланып отыр, бір өнім бірлігі өндірісіне кететін амортизациялық аударымдар орта есеппен 500 теңге немесе орта бағасы 2500 болатын өнім бірлігінің 1 теңгесіне 20 тиыннан келеді. 2013 жылы бұрынғы бағамен 30000 дана өндіру жоспарланып отыр. Өндірістік қорларды дұрыс пайдалану ба-рысында өнімнің өзіндік құнынан үнемделген сомманы есептеңіз.
№5 есеп
2010 жылға бекітілген қаржылық жоспар бойынша «Арай» АҚ 20000 иіс су жəне 25000 басқа да косметикалық өнімдерді өндіруді жо-спарлап отыр. Бір иіс судың орташа бағасы 1500 теңге, басқа өнімдердің орташа бағасы 400 теңге. 1 теңгедегі өндіріс шығыны келесі түрде бөлінеді: еңбек сыйымдылығы өнімнен түскен түсімнің 1 теңгесіне 20 тиын, ал материал жəне энергия шығындылығы 35 тиын, капитал сыйымдылығы 1 теңгеге 5 тиын. 2010 жылдың басындағы қалдық 2500 иіс су жəне 5000 басқа өнімдерді құрайды. 2010 жылдың соңына жо-спарлы қалдық мөлшері 3000 иіс су жəне 4000 басқа да өнімдер. 2010 жылға арналған өндірістік емес шығындар 1 млн.тг. 2010 жылы өзіндік құнның өзгеріссіз екенін ескере отырып жоспарлы өткізу шығындарын анықтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |