8.2. Бюджет үдерісінің инфрақұрылымы
Бюджет үдерісін басқару механизмінің көмегімен іске асырылады, оған
келесі үш құралдар блогы кіреді:
Əдістемелік блокта кəсіпорынның даму мақсатын анықтау жəне тиімділікті бағалау көрсеткіштерін есептеуге арналған əдістемелерді əзірлеу (бюджетті қалыптастыруды талдау, бақылау жүргізу) қарастырылады;
Ұйымдастыру блогында бюджеттендіру үдерісіне қатысушылар мен олардың бюджеттендіру тəртібін жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері (құжат айналымын ұйымдастыру, жоспарлы жəне есептік деректерді жинау) анықталады;
Бағдарламалық-техникалық блок кəсіпорында бағдарламалық өнімдерді пайдалана отырып, өте көп деректерді уақытылы, сапалы талдауды қамтамасыз етеді.
Бюджетті басқарудың тиімділігі компанияны басқарудың негізгі қағидаттары анықталып жəне таңдалған бюджет моделіне байланы-сты болады. Бюджет моделі деп бюджеттердің жиынтығы мен оларды əзірлеу, яғни бюджеттендіру объектілерін қалыптастыру тəртібі атала-ды.
Қазіргі уақытта бюджеттендіру объектілерін жеке бөлуде келесі екі тəсілдеме пайдаланылады:
● қаржылық жауапкершілік орталықтары (ҚЖО) бойынша қаржы құрылымы немесе бюджеттендірудің негізінде бюджетті қалыптастыру;
● бизнес-үдерістерінің немесе АВВ-бюджеттендіру (nativity – Based Budgeting) негізінде бюджетті қалыптастыру.
Қаржы құрылымының негізінде бюджеттендіру əдістемесінде қаржы құрылымын (қаржылық жауапкершілік орталықтарының құрылымын) қалыптастыру қарастырылады.
Осы əдістеме əрбір бөлімшенің, жауапкершілік орталығының кəсіпорын бойынша жалпы нəтижеге қосқан үлесін анықтауға мүмкіндік береді.
АВВ-бюджеттендіру əдістемесі фирманың ресурстары үшін жауапкершілік пен өкілеттікті бекіте отырып, үдерістерді негіздеуге (басқарушылық жəне қосалқы), бюджеттендіру жүйесін қалыптас-тыруға бағытталған.
Шаруашылық қызметтің мамандану ерекшелігіне сəйкес модель-дер үш түрге: классикалық, жеке жəне ішінара болып бөлінеді.
Классикалық бюджеттендіру моделі сату бюджетінен басталып кəсіпорын қызметінің барлық түрлерін қамтиды, ол қаржы нəтижесін, таза ақша ағынын, жалпы фирманың қаржысының жай-күйін анықтайды.
Жеке бюджет моделінде нақты компанияның ерекшелігі ескеріледі жəне бюджеттердің құрамына операциялық қызмет ауқымында ірі ивнестициялық бағдарлама жүзеге асырылған кездегі жекелеген жоба бюджеті түріндегі қосымша бюджеттер енгізілуі мүмкін.
Ішінара модельде жекелеген қызмет салаларын, атап айтқанда өндірістік-коммерциялық немесе қаржы саласын бюджеттендіру қарастырылады. Ал жаңадан жұмыс істей бастаған кəсіпорындарға тек қаржы ағындарын бюджеттендіру тəн.
Бюджеттік модель ауқымында жоспарлау үдерісін іске асыруда барлық қатысушылардың арасында ресурстарға қажеттілікті анықтау, олардың пайдаланылуын бақылау, олардың өкілеттіліктеріне қатысты жауапкершіліктерін бөлу қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |