8.3. Компанияның қаржылық жəне бюджеттік
құрылымының өзара байланысы
Кəсіпорынның қаржылық құрылымы деп өкілеттіктердің жоғары деңгейден төменгі деңгейге беруді анықтаушы бөлігін қаржылық жауапкершілік орталықтарының иерархиясы деп атайды.
Қаржылық жауапкершілік орталығы (ҚЖО) – шаруашылық операциялардың белгілі бір жиынын жүргізетін, осы операциялардың шығысы мен кірісіне тікелей ықпал етуге қабілетті жəне осы кірістер мен шығыстардың мөлшері үшін жауап беретін құрылымдық бөлімшелер.
Əрбір қаржылық жауапкершілік орталығы шаруашылық операция-ларды өзінің бюджетіне сəйкес жүргізеді жəне ол үшін қажетті ресур-стары болады.
Орталықтың шығындары үшін жауапершілікті бекітудің келесі екі тəсілдемесі қолданылады:
Орталық басшылығы тікелей шығындар үшін жауап береді.
Жауапкершілік тек бақыланатын шығындар үшін жүктеледі. Шығын орталығы өндірістік бөлімшелер мен ресурстарды тұтыну
үшін жауап беретін функционалдық қызметтер (бухгалтерия, жарнама, күзет) болып табылады.
Бір кəсіпорынның өндірістік бөлімшесі ішінде əртүрлі өнім түрлерін шығыратын бірнеше орталық болуы мүмкін. Нормаланатын жəне нормаланбайтын шығындарды талдау мен бақылау əдістері бір-бірінен ерекшеленеді, осыған байланысты нормаланатын жəне норма-ланбайтын шығындар орталығының болғаны дұрыс.
Нормаланатын шығындар орталығына шығындарының көп бөлігі айнымалы жəне нормаланатын болып табылатын, ал жауапты тұлғаларға жоспарлы нормалар мен нормативтердің орындалуы үшін жауап беретін негізгі өндіріс бөлімдері жатады.
Табыс орталығы (ТО) даяр өнім, тауар мен қызметті сату үшін жауап беретін, сатылған өнімнің көлеміне (баға белгілеуге, сатылатын тауар түрлерін таңдауға, жеңілдік, сатып алушылармен есеп айыры-су саясатын белгілеуге) ықпал ететін бөлімшелер. Оларға сату бөлімі, коммерциялық қызмет, көтерме сауда базасы, фирмалық дүкендер желісі жатады.
Табыс орталығы деп қаржы құрылымын басқарудағы ең жоғары саты аталады. Бұл жекелеген бизнес бағыттары не болмаса холдингтің құрамындағы кəсіпорындар немесе толық дербес кəсіпорындар.
Табыс орталығының басшысы сатып алу, сату, есеп айырысу са-ясатын қалыптастырады, кіріс пен шығыс бюджетін, ақша қаражаты қозғалысының бюджетін жасайды, пайда мен сатудың пайдалылық көрсеткіштерін есептейді. Бұл жерде бірнеше шығын орталықтары мен бір табыс орталығы болуы мүмкін.
Инвестициялар орталығы (ИО) қаржы құрылымының жоғарғы деңгейі болып табылады жəне өзінің шешімдерімен компанияның ағымдағы қызметінен ғана емес, сонымен бірге инвестициялық шешімдерден алынған пайдасына ықпал етеді. Инвестициялар орталығы, əдетте, біреу, ал пайда орталығы бірнеше болады.
Басқару құрылымы орталықсыздандырылған жеке холдингтерде бірнеше инвестициялар орталығы болады.
Қаржы құрылымының күрделілігі мен маңыздылығын оны əзірлеу мен бюджет құрылымымен келісу бюджеттендіру жүйесін енгізуге жұмсалған көп уақытты алатынын дəлелдейді.
Қаржы құрылымы компанияның операциялық, функционалдық жəне негізгі бюджеттерінің иерархиясын құрайтын бюджет құрылымын білдіреді. Компанияда əзірленетін бюджеттердің барлық түрлері (тұрпаттары) бюджет нысандарының альбомында келтіріледі, мұның өзінде əрбір бюджет бойынша əдістемелік құжаттар кешені қалыптастырылады.
Əдістемелік құжаттардың мазмұны кəсіпорынның басқарушылық есеп саясатының ережелерімен өзара байланысты əзірленеді.
Басқарушылық есеп саясаты бухгалтерлік есеп жүргізудің жалпыға танымал ережесіне немесе халықаралық стандарттарға негізделеді жəне компания басшылығына қолдануға орынды деп саналатын жеке-леген ережелерге түзету енгізеді.
Жалпы мойындалған басқа негізгі ережелерді қалыптастыру келесілерге əсер етуі мүмкін:
амортизацияны есептеу əдісіне;
табыс пен шығысты мойындау тəртібіне;
активтерді жіктеуге, активтерді бағалау тəртібіне;
өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау əдісіне;
трансферттік баға белгілеуге;
дивиденд төлеу тəртібіне;
бухгалтерлік есептің басқадай тəсілдеріне.
Жаңа ережелерді əзірлеу кəсіпорынның мақсатты пайда
көрсеткіштерін алу үшін маңызды деп санайтын міндеттерге байла-
нысты.
Достарыңызбен бөлісу: |