9.3. МҚР саясатының қалыптасуы жəне оны бағалау
Меншікті қаржы ресурстарын қалыптастыру (МҚР) саяса-ты корпорацияның өзін-өзі қаржыландыруын қамтамасыз етуге бағытталған. Ол келесі кезеңдерден тұрады:
МҚР-дың базистік кезеңде қалыптасуы мен пайдаланылуын тал-даудан;
алдағы болжалды кезеңдегі МҚР-дың жалпы қажеттігін анық-таудан;
əртүрлі көздерден тартылған қаражаттардың құнын бағалаудан;
ішкі жəне сыртқы көздердің есебінен МҚР-ды тартудың ең көп көлемін қамтамасыз етуден;
МҚР-ды қалыптастырудың ішкі жəне сыртқы көздерінің ара-қатынасы бойынша оңтайландырудан.
1. Бірінші кезеңде пайда мен меншікті капиталдың өсу қарқынының активтердің, сату көлемінің жəне қаржы ресурстарының жалпы көлеміндегі меншікті көздердің үлес салмағы динамикасының өсу қарқынына сəйкестігі зерттеледі.
Олардың арасындағы оңтайлы мəн келесідей:
ПҚ > СТҚ > МКҚ > АҚ > 100%
ПҚ – пайданың өсу қарқыны;
СТҚ – сатудан түскен ақшалай түсімнің өсу қарқыны; МКҚ – меншікті капиталдың өсу қарқыны; АҚ – активтердің өсу қарқыны.
Формуладан көрінгендей пайданың басқа параметрлерге қарағанда барынша жылдам қарқынмен өсу керек екендігін байқауға болады. Бұл жерде бірінші кезекте өзін-өзі қаржыландыру коэффициенті анықтала отырып, базистік кезеңдегі МҚР-дың жеткіліктілігі бағаланады.
MKP
Kìêð =
МҚР – базистік кезеңдегі МҚР– меншікті қаржы ресурстары.
А (О) – есепті кезеңмен салыстырғанда болжалды кезеңдегі активтердің өсуі.
2. Меншікті қаржы ресурстарының жалпы қажеттігі мына формула бойынша анықталады:
MKP =
|
KK · MKYC
|
–БКК +Т
|
|
|
|
ТП
|
|
K
|
100
|
с
|
|
|
|
|
|
130
МҚРҚ – алдағы кезеңдегі меншікті қаржы ресурстарының жалпы қажеттігі;
КҚ – болжалды кезеңнің соңындағы капиталдың жалпы қажеттігі; МКҮС – болжалды кезеңнің соңындағы меншікті капиталдың жал-
пы сомасындағы оның үлестегі, бірліктегі үлес салмағы; ККБС – меншікті капиталдың кезеңнің басындағы сомасы;
ТТП – тұтынуға бағытталған болжалды кезеңдегі таза пайданың со-масы.
Əртүрлі көздерден тартылған меншікті капитал өзінің жекелеген элементтерінің бөлігінде (акционерлік капитал, бөлінбеген пайда жəне т.б.) бағаланады.
Сыртқы жəне ішкі көздердің есебінен меншікті қаржы ресурста-рын тартудың ең көп көлемін қамтамасыз ету дереккөздер мен олардың абсолютті көлемінің белгілі бір тізімін талап етеді.
Төменде берілген формула бойынша анықталатын таза пайда мен амортизациялық аударымдар негізгі ішкі көздер болып табылады.
+ TП → ∑ MKP → max
+ ТП – амортизациялық аударымдар мен таза пайданың болжалды көлемі;
МҚРmax – меншікті көздер есебінен пайда болған МҚР-дың ең көп сомасы.
Сыртқы көздерден (МҚРсырт) тартылған МҚР-дың көлемі олардың сыртқы көздері есебінен қалыптастыра алмаған бөлігінің тапшылығын жабуға арналған.
МҚРсырт = МҚРТК – МҚРішкі
МҚРсырт – сыртқы көздер есебінен меншікті қаржы ресурстарын тартудың қажеттігі;
МҚРТК – МҚР-дың болжалды кезеңдегі жалпы қажеттігі;
МҚРішкі – сыртқы көздер есебінен көзделіп отырған жəне тартылған қаржы ресурстарының сыртқы көздерінің көлемі.
МҚР-ды қалыптастырудың ішкі жəне сыртқы көздерін оңтайландыру процесі:
а) МҚР-ды жұмылдыру бағасының құнын барынша төмендетуге; ə) егер басқару ісі айтарлықтай өнімді болса, корпорацияны
басқаруды алғашқы құрылтайшының (меншік иесінің) құқығында сақтауға негізделеді.
МҚР-ды қалыптастыру үшін жасалған саясаттың тиімділігін тұрақты экономикалық өсу коэффициенті арқылы бағалауға болады.
ТЭЭ =ÒÏ−ΣÄ .
к ÌÊ
∑Д – акционерлерге төленетін дивидендтер сомасы;
МК – меншікті капиталдың қарастырылып отырған кезеңдегі орта-ша құны;
ТП – ∑Д – қайта инвестицияланатын пайда.
Көрсеткіштер корпорация дамуының тұрақтылығы мен келешектілігін сипаттайды.
МҚР-дың тұрақты қалыптасуы қаржы тəуекелінің ұйғарымды деңгейін ескере отырып, пайданың көлемін барынша көбейтуді қамтамасыз етеді. Олар:
таза пайданы дивидендтерді төлеуге жəне өндірісті дамытуға пайдаланудың оңтайлы құрылымы;
тиімді амортизациялық саясатты дайындау;
оңтайлы эмиссиялық саясатты қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |