Оқулық Алматы, 012 ббк 65. 29 К 68


Бюджеттің атқарылуын талдау мен бақылау



бет51/179
Дата07.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#96156
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   179
Байланысты:
mihel-korporativtik-karjy

8.5. Бюджеттің атқарылуын талдау мен бақылау

Кəсіпорында бюджеттің атқарылуын талдау мен бақылау жүйесін енгізуде бюджеттің атқарылуын ағымдағы талдау мен бақылау жəне қорытындыбақылаументалдаутəртібініңмазмұныменмақсаттарының айырмашылығы қарастырылады.


Бюджет үдерісі ауқымында ағымдағы бақылау мен қорытынды талдау стратегиялық көрсеткіштерді нақтылау мен бюджет үдерісінің əдістемелік базасын жетілдіру үшін маңызды болып табылады


Бюжеттердің атқарылуын талдауды жүргізу үшін əрбір ОҚО (орталықтандырылған қаржылық орган) үшін міндетті болып та-былатын басқарушылық есептердің тізбесі, сондай-ақ олардың басшылыққа қандай мерзімде жəне тапсырудың жиілігі туралы есеп беру белгіленеді. Талдау үшін есептер ОҚО қызметінің барлық түрлері бойынша жасалуы мүмкін, олар бюджеттің белгілі бір тарауларына, баптары мен тиімділік көрсеткіштеріне қатысты болуы мүмкін.


Басқару деңгейі бойынша жедел, ағымдағы жəне жиынтық есеп-тер болады. Жедел есептер ҚЖО-ның төменгі деңгейде жасалады жəне онда күн, апта жəне ай сайынғы егжей-тегжейлі ақпарат болады. Ағымдағы есептер пайда жəне инвестициялар орталықтарында жаса-лып, олардың кезеңділігі əрбір аптадан басталып, тоқсан сайынғымен аяқталады жəне онда біріктірілген ақпарат болады. Жиынтық есептер бюджеттік-инвестициялық комитетке стратегиялық шешім қабылдау үшін ұсынылады жəне олар айдан бастап жылға дейін кезеңді қамтиды.


Есептілік нысандарының негізінде қаржы-экономикалық талдау жүргізуге арналған көрсеткіштердің тізбесі жасалады, деңгейлес, саты-лас, тренд техникасы мен коэффициентерді талдау үшін пайдаланылған көрсеткіштер мен есептердің көрсеткіштерін есептеу мен талдау əдістемесі анықталады.


Ауытқуларды талдауға мына бағыттар кіреді:



  • əдістемелік сипаттағы проблемаларды зерттеу, яғни тиімділік көрсеткіштерін есептеудің қате нысандарын, қол жеткізілмейтін нормаларды, жоспарлы жəне есептік құжаттардың нысандарының жетілдірмеуін, тапсырмаларды орындау мерзімдерін жоспарлаудағы қателерді жəне т.б. табу;




  • ресурстардыңоперациялықбюджеткесəйкес жұмсалуын бақылау жəне ақша қаражаттарының ақша қозғалысы бюджетінде бекітілген лимит шегінде жұмсалуын бақылау;




  • ауытқуыларды талдау жоспарлы (нормативтік) көрсеткіштерді нақты нəтижелермен салыстыру арқылы жүргізіледі, мұның өзінде барлық емес, тек маңызды ауытқуларға ғана жедел басқарушылық ықпал жасау керек;




  • бюджеттерді бақылау рəсімінде қалыпты ауытқуды бағалау

124


мен басшылықтың араласуын қажет ететін қалыпты мəнінен асу мөлшері кіретін ауытқудың жол берілетін шегін анықтау механизмі қарастырылуы тиіс.

Ресурстарды жұмсаудың ауытқуларын талдаудың негізгі құралы ретінде нормалар рəсімдері мен икемді бюджет жасау қарастырылады. Бұл жағдайда өндірістік жауапкершілік орталықтарының айны-малы шығындары нормаланады. Нормативтік шығындар бюджеті технологиялық нормалардың негізінде жасалады.


Нормативтерде шығынның сомалары материалдық ресурстар-ды сатып алудың орташа статистикалық бағасына, жұмысшылардың тарифтік мөлшерлемесі мен өнім бірлігіне немесе жұмыс түріне шаққандағы ресурстарды тұтыну нормаларына сəйкес көрсетіледі.


Қызмет көлеміне сəйкес айнымалы шығындар өзгереді, ал тұрақты шығындар өзгермейді.


Шығындар мен өндіріс көлемін байланыстыратын келесі формуланың көмегімен іскерлік белсенділіктің əртүрлі деңгейлері үшін бюджет əзірлеуге болады:


ТС= V х Q нақты + F,
мұнда: ТС – жауапкершілік орталығының жалпы шығындары; V–өнім бірлігіне шаққандағы шығынның нормативі; Q нақты–сатылған бұйымның саны; F –ҚЖО тұрақты шығындары.

Икемді бюджет нарық белсенділігінің бюджет баптарының ауытқуының жасайтын ықпалын жояды, сол себептен шығын орталығы басшысының қызметінің тиімділігін дұрыс бағалауға мүмкіндік береді жəне белгілі бір сату деңгейіне жету үшін ресурстардың қаншалықты тиімді пайдаланылғанын көрсетеді.


Бюджеттендіру ауқымында ақша ағындары қозғалысының қоры-тынды талдауда ақша қаражаты қозғалысының негізгі көрсеткіштері есептеліп, олар стратегиялық жоспарлардағы мағыналармен са-лыстырылады, сондай-ақ ақша ағындарының синхрондылығы мен теңгерімділігі анықталады, кəсіпорынның жоспарланған қызметіне сыртқы қаржыландырудың қажеттілігі анықталады.


Жалпы талдау стратегиялық шешімдердің негізгі көрсеткіші ретіндегі еркін ақша ағынының артуына, кəсіпорынның ағымдағы қызметі үдерісіндегі өтімділіктің деңгейін бағалауға ықпал ететін фак-торларды айқындауы тиіс.


Бюджеттің атқарылуын, ақша қаражатының қозғалысын жедел талдау мен бақылауды, төлем күнтізбесін қалыптастырып, оны орын-дау, дебиторлық жəне кредиторлық берешектің мониторингі, төлем өтініштерін бақылау арқылы жүзеге асырылады. Оперативтік талдау келесілерге негізделеді:





  • төлемдердің түсу ықтималдығы, мерзімі мен оларды орындау басымдылығы бойынша жіктеу;




125


қозғалысының бюджеттерінің бірқатар баптары бойынша шығыс жəне төлем лимиттерін белгілеу;



  • кəсіпорын шотындағы ақша қаражатының оңтайлы қалдығын есептеу;




  • ақша қаражаты тапшылығын қаржыландыру механизмін əзірлеу. Қазынашылық шығыстарды қаржыландыру көздерін анықтайды

жəне жауапкершілік орталығының басқа шығыстарын қаржылан-дыруды қысқартуы, сондай-ақ төлемді жүзеге асыру мерзімін өзгерту туралы шешім қабылдауы мүмкін. Бірінші кезектегі төлемдерге əдетте кешіктіру маңызды санкцияларға əкеп соқтыратын ең жедел төлемдер, атап айтқанда, салықтар, кредиттердің пайыздары жатады. Екінші кезектегі төлемдер шамалы кешіктіріп орындалуы мүмкін, бұл ретте кəсіпорын төлем көшірілетін мерзімді шектейді жəне ол көбінесе үш күнді құрайды. Үшінші кезекке орындалуы апталық мерзімге кейінгі қалдырылуы мүмкін не болмаса компанияға ерекше залал келтірмей төлемнің сомасын азайтуға болатын төлемдер кіреді.


Ақша қаражаты қалдығының бақыланатын көлемі талдамалы əдіспен орташа жылдық айналымның белгілі бір пайызы деңгейінде есептеледі.


Компанияның кірісі бірыңғай шотта жинақталып, оның жұмсалуына толық бақылау жүзеге асырылатын орталықтандырылған қазына-шылық жүйесі енгізілген жағдайда кəсіпорын топтарының ақша қаражатының қалдығын бақылау өте тиімді жүзеге асырылады.


Жалпы кіріспеншығысбюджетімен ақша қаражатықозғалысының бюджетініңатқарылуынбақылау кəсіпорын басшылығынстратегиялық жəне тактикалық шешім қабылдаудың қажетті механизмдерімен қам-тамасыз ететін ақпараттық базаны қалыптастыру, қаржыны талдау, қаржыны жоспарлау мен бақылауды үйлестіретін бірыңғай контрол-линг жүйесіне біріктірілген жағдайда ойдағыдай жүзеге асырылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   179




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет