Оқулық Алматы, 012 ббк 65. 29 К 68



бет63/179
Дата07.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#96156
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   179
Байланысты:
mihel-korporativtik-karjy

Бірінші саты. Кредитке өтінімді алдын ала қарастырудан кейінгі бірінші сатыда оны əрі қарай зерттеуді болашақ қарыз алушымен сұхбаттасу барысында жүргізу керек.

Кредиттік өтінімде кредиттік мəміленің негізгі параметрлері бой-ынша мəліметтер болуы тиіс:





  • Кредиттің мақсаты. Кредит қарыз алушының жарғылық мақсаттарын орындау үшін сұратылып жатқандығына көз жеткізу ке-рек. Ол бизнес-жоспармен, оның серіктестерімен жасалған шарттар-мен (келісімшарттармен) жəне өзге құжаттармен расталады.




  • Сұратылатын кредитке қатысты өтінімді негіздеу іс-шараны (жо-баны) қаржыландыруға клиенттің меншікті қаржыларының қатысу дəрежесін сипаттайды.




  • Бұл жағдайда кредит сомасы клиенттің есеп айырысу шотта-ры бойынша айналымдарымен жəне оның шаруашылық қызметінің көлемдерімен (тауарларды, өнімді, жұмыстар мен қызметтерді сатудан түскен таза түсім шамасымен) салыстырылады.




  • Кредитті өтеу жəне ол бойынша пайыздарды төлеу мерзімдерінің клиенттің мүмкіндіктеріне сəйкестігі ұсынылатын кредитті техникалық-экономикалық негіздеу деректерімен, бизнес-жоспарлармен, кредиттік қатынастардың əрекет етуі кезеңінде ақшалай қаражаттардың есеп айырысу шоттарына түсу кестелерімен анықталады. Көп жағдайда кредитті өтеу көзіне өнімді сатудан түскен түсім жатады. Сондықтан да қарыз алушының қаржылық жоспарының (бюджетінің) сəйкес көрсеткіштері зерттеледі. Бірінші сатыда оның серіктестермен (оның өнімдерін тұтынушылармен жəне жеткізушілермен) іскерлік байланыстарының сипаты белгіленеді, ол сатудан түскен түсімді бол-жау үшін маңызды. Егер қарыз алушы өз өнімінің бір-екі сатып алу-шысымен ірі келісімшартты жасаса, онда банк тəуекелі жоғарылайды. Егер кредитті өтеу қарыз алушының активтерін (жылжымайтын мүлік, бағалы қағаздар жəне т.б.) сату есебінен болжанса, онда оларды сату-дан түскен түсімнің сомасы мен мерзімдерінің кредитті қайтару мерзімі мен сомасына сəйкестігін зерттейді.




  • Кредит мерзімін қарастыру кезінде банктер мынаған сүйенеді, яғни несие мерзімі неғұрлым ұзақ болса, болжанбаған жағдайларға байланысты оны өтемеу тəуекелі соғұрлым жоғары болады. Сондықтан да заемшы банкке борышты, соның ішінде пайыздық төлемдерді мерзімінде қайтара алмайды.




  • Қамтамасыз ету – кредиттік мəміленің маңызды элементі. Кредитті қамтамасыз ету ретінде төмендегілер қолданылады:







  • заңды тұлғаның кепілгерлігі;

149


  • банкке орналастырылған қолма-қол рубльдік немесе валюталық депозиттер;







  • банктің кредитті өтемеу тəуекелін сақтандыруы;

  • банк пайдасына қарыз алушының талаптары мен шоттарын үшінші тұлғаларға шеттету (цессия).

Мүлік кепілі жалпы кəсіпорынға (шаруашылық субъектісі), сондай-ақ оның жекелеген активтеріне (материалдық босалқы қорлар, өнім, тауарлар жəне т.б.) ресімделуі мүмкін.


Кепіл құқығы – бұл қарыз алушының жылжымалы жəне жыл-жымайтын мүлкіне заттық шағым-талап немесе егер де борышкер банк алдындағы кредиті бойынша өз берешегін өтей алмаса, кепілге қойылған мүлікті сатудан өтемақыны алу құқығына талап-шағым.


Кепілдік – бұл кепілгердің кепілдікті жағдай туындаған кез-де белгіленген соманы борышкер үшін төлеу міндеттемесі. Кепілдік (кепілгерлікпен салыстырғанда) кепілдікті хат болғандықтан, кредиттік шартты толықтыратын құжат болып есептелмейді.


Кепілгерлік – бұл біржақты міндеттемесі бар шарт, оның негізінде кепілші қарыз беруші (банк) алдында қажетті жағдайда қарыз алушының берешегін төлеу міндеттемесін өз жауапкершілігіне алады. Кепілгерлік шарты кредиттік келісімнің (шарттың) толықтырушысы болып саналады. Кепілгерлік немесе кепілдік нысанында кредитті қамтамасызетуқарызалушыалынғанкредитбойыншаміндеттемелерді белгіленген мерзімде өтемеген жағдайда, кредитор-банктің кепілшінің немесе кепілгердің шоттарынан белгіленген мөлшердегі ақшалай қаражаттарды міндетті түрде алу құқығын болжайды.


Қарыз алушының кредитті өтемегені үшін жауапкершілігін сақтандыру қазіргі жағдайда сақтандырудың жеткілікті түрде кең тараған нысаны болып табылады, дегенмен ол сақтандыру сыйақысы


есебінен кредитке қажетті шығындарын арттырады. Банк пайдасы-на қарыз алушының талаптары мен шоттарын үшінші тұлғаға шетте-ту (цессия) арнайы шартпен ресімделеді. Банк сатудан түскен түсімді берілген кредитті жəне ол бойынша пайыздарды төлеу үшін пайдалануға құқылы. Кредитті қамтамасыз ету нысандары əрбір нақты жағдайда кредит берілетін іс-шараның сипатын ескере отырып, анықталады.


Кепіл заты ретінде вексельдер түріндегі бағалы қағаздар алынса, банктер кредитті қамтамасыз ету ретінде нақты тауарлық өтемі бар вексельді қабылдайды. Ұсынылған вексельдерді банктер олардың экономикалық жəне заңды сенімділігі, барлық деректемелердің дұрыс толтырылуы, вексельге қол қойған тұлғалардың өкілеттіктері тұрғысынан тексереді.


Мынаны ескеру керек, яғни кредитті беру туралы шешім

150


қамтамасыз етудің тартымдылығына емес, кредиттелетін іс-шараның маңыздылығына негізделеді.



  1. Кредит бойынша пайыздардың төлену тəртібі оның мерзіміне, қамтамасыз етудің сенімділігіне жəне несие капиталы нарығындағы жағдайға байланысты болады. Жалпы ереже келесідей: қысқа мерзім үшін төлем ақша нарығында қалыптасқан мөлшерлеме бойынша, ал ұзақ мерзімді кредиттер бойынша – капитал нарығының мөлшерлемесі бойынша алынады. Пайыздық мөлшерлемелер банктің қарыз алушы-мен кредиттік шартында белгіленеді.

Тəжірибеде пайыздарды алудың келесі əдістері қолданылады: пайыз кредитті алу сəтінде; кредитті өтеу сəтінде немесе кредиттің бүкіл мерзімі ішінде тең үлестермен ұсталады. Қарыз алушы қарыз берушіге онымен төленген банктік комиссияны, кредитті пайдалану-мен байланысқан телеграфтық жəне өзге шығындарды өтейді. Кредит үшін пайыздар оны іс жүзінде пайдалану сəтінен бастап есептеледі.


Пайыздар екіге бөлінеді: кредитті пайдалану мерзімі шегінде белгіленетін қарапайым пайыздар жəне мерзімі өткен кредиттер бой-ынша өндіріліп алынатын жоғарылатылған пайыздар. Қарапайым жəне күрделі пайыздар болады. Қарапайым пайыздар кредитті пай-далану мерзімі үшін бір ғана сомаға есептейді; күрделі пайыз өткен кезеңде есептелген пайыздарды ескере отырып есептеледі. Кредит үшін пайыздар дегеніміз – банктің кредиттік қызметтері үшін төлем жəне олар банктің табысын қалыптастырады.


Келіссөздерді жүргізу кезінде клиент ресми расталған құжатты ұсынуы тиіс, оның негізінде қарыз алушы атынан келіссөздер жүргізуге уəкілетті (бір реттік немесе өзге сенімхаттың түпнұсқасы). Сұхбаттасу барысында клиент пен банк кредиттік өтінімнің сенімділігін жəне не-сие алушының қаржылық тұрақтылығын тағы бір рет тексеріп алуы тиіс. Егер клиент бұрын-соңды бұл банкпен қарым-қатынас жасамаған болса, онда оның қызмет көрсетуші банктен кредитті не себепті сұрамағанын анықтап алу керек. Клиентпен сұхбаттасып болған соң, банк онымен байланысты жалғастыру немесе кредит беруден бас тар-ту сияқты екі шешімнің бірін қабылдайды.


Кредит бойынша тəуекелді бастапқы кезеңде-ақ анықтап алу керек. Егер банк клиентке кредит беруден бас тартса, оның бас тартуы дəйекті болуы тиіс. Егер банк оң шешім қабылдаса, онда ол кредитті ұсыну туралы шешімді əрі қарай қарастыру үшін қандай құжаттар қажет екендігі жөнінде клиентті хабардар етуі тиіс.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   179




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет