Оқулық Алматы, 012 ббк 65. 29 К 68



бет65/179
Дата07.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#96156
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   179
Байланысты:
mihel-korporativtik-karjy

Үшінші сатысы. Үшінші сатыда кредиттік шарттың дайындалуын жүзеге асырады. Қолданыстағы кредиттік ресурстарды ескере отырып, несиені беру мүмкіндігін белгілей отырып, банк мамандары клиентпен

153


кредиттік шартты дайындайды. Кредиттік шартты банктік несие шар-ты деп атайды. Кредиттік шарт жазбаша түрде жасалуы тиіс, əйтпее ол жарамсыз болады. Кредиттік шарттың талаптары банк жүргізетін кредиттік саясатқа; кредиттік ресурстардың бар-жоқтығы мен құнына; мемлекеттің қаржылық жəне ақша-несие тұжырымдамасына; нақты іс-шараны (жобаны) кредиттеудің тəуекелі мен табыстылығы дəрежелерінің арақатынасына байланысты болады.

Кредиттік шартта келесілерді белгілейді: кредиттің мақсаты, со-масы жəне берілу тəртібі, пайыздық мөлшерлеме, тараптардың өзара міндеттемелері, кредиттеу барысындағы банктің қадағалау функциясы жəне басқа да талаптар.


Кредиттік шартты кредиттің мақсатты пайдаланылуына байланы-сты саралап жүзеге асырады:



  • бір реттік кредиттік мəмілелер;

  • арнайы несиелік шоттар бойынша кредиттеу;

  • босалқы қорларды жəне маусымдық шығындарды кредиттеу;

  • онкольды кредит (талап етілмелі қарыз) – банктің алғашқы та-лабы бойынша өтеледі. Оны тауардың жəне өтімді бағалы қағаздар кепіліне береді.

Кредитті өтеу арнайы ағымдағы шотқа келіп түскен ақша есебінен немесе кепілді сату арқылы осы шоттан жүзеге асырады. Онкольды кредитті өтеу туралы қарыз алушыны ескерту 2-7 күн бұрын жүзеге асырылады. Ол бойынша пайыздық мөлшерлеме мерзімді кредиттер-мен салыстырғанда негізінен төмен болады. Қайтару мерзімі жəне қамтамасыз ету сапасы тұрғысынан онкольды кредит банк балансы активінің кассалық қолма-қол ақшадан кейінгі өтімді бабы болып та-былады.


Кредиттік шарттардың үлгі нысандарын Ұлттық Банкінің ұсыныстарын ескере отырып, банктердің өздері жасайды, ол коммерциялық банк басқармасының Кредиттеу туралы ережені бекітуінен көрініс табады. Кредитік шарттарды көбінесе қосымша келісімдермен нақтылайды. Қарыз алушы туралы мəліметтерді жал-пылау үшін баланстық есепті қоса беру арқылы несие заемшысына есептік карточканы жасау ұсынылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   179




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет