Екінші сатысы. Кредиттік процестің екінші сатысында банк қарыз алушыкəсіпорынбасшысынанбанкбасқармасыбекіткентізімгесəйкес, құжаттардың толық пакетін алады. Бұл жағдайда, төмендегілерге айрықша назар аударылады:
● жарғылық капиталды қалыптастырудың толықтығы; ● кредитор-банк алдындағы міндеттемелерді орындау;
дайын өнімді (қызметті) сату нарығымен қамтамасыз ету;
кредиттелетін құндылықтар бойынша сатып алушымен шарт-тардың, оларды сату шарттарының жəне есеп айырысу нысандарының болуы.
Ақшалай қаражаттардың тапшылығы ағымдағы қаржылық міндеттемелер бойынша төлемдердің кідіртілуін көрсетеді, ол қарыз алушы кəсіпорын балансының тиімділігін төмендетеді.
Өтімді қаржылардың жеткіліксіздігінің негізгі себептері:
– өткен жылдардың жəне есеп беру жылының шығындары;
– материалдық босалқы қорлардың арзандауы;
– жинақталған қаржыландыру көзінен асатын күрделі шығындар;
– ұзақ мерзімді инвестицияларға артық салымдар (өзге кəсіп-орындардың жарғылық капиталдары жəне т.б.).
– Сонымен қатар, банк шоттарындағы ақшалай қаражаттардың артық көлемі инфляция əсерінен олардың құнсыздануына алып келеді, ол заемшы-кəсіпорын үшін тиімсіз.
Артық өтімді ақшаның қалыптасу себептеріне төмендегілер жата-
ды:
– капитал салымдарының көлемін кеңейтусіз, пайданың жинақ-талуы;
– негізгі құралдарды тиісті түрде алмастырусыз, амортизациялық аударымдарды жинақтау жəне т.б.
Қарыз алушыда қажетті өтімді ақшаның болуы төмендегілерге тəуелді болады:
– кəсіпорынның шаруашылық қызметінің көлеміне (өндіріс пен сату көлемі неғұрлым үлкен болса, материалдық-өндірістік шығындар да солғұрлым жоғары болады);
– өнеркəсіп салаларына жəне коммерциялық қызмет салаларына (өнім мен қызметке деген сұраныс жəне сатып алушылардан қаржының түсу жылдамдығы);
– өндірістік циклдың ұзақтығына, ол аяқталмаған өндірістің шама-сында көрініс табады;
– кəсіпорын жұмысының маусымдылығына;
– жалпы нарықтық конъюнктураның жай-күйіне (тауарлар мен қызметтерге деген сұраныс пен ұсыныс), объективті жəне субъективті сипаттағы өзге факторларға.
Несие алушының кредиттік қабілетін бағалау үшін өтімділік коэффициенттерімен қатар, барлық активтердің, айналымдық активтердің жəне меншікті капиталдың айналымдылығы мен өтімділігі көрсеткіштері қолданылады.
Кредиттік желіні ашу кредиттің ең көп сомасы туралы шартты жа-саумен өрнектеледі, оны қарыз алушы келісілген мерзім ішінде жəне кредиттеудің белгіленген талаптарды сақтауы кезінде пайдалануға құқылы. Кредиттік желі мерзімі ішінде несие алушы қосымша
келіссөздерсіз жəне рəсімдеусіз, кез келген сəтте кредитті банктен ала алады. Бірақ та банк қарыз алушының қаржылық жағдайының маңызды түрде нашарлауы кезінде кезекті кредитті клиентке ұсынудан бас тартуға құқылы. Клиент шарттың əрекет ету мерзімі ішінде кредиттік желі бойынша кредиттеу лимитін қайта қарастыру өтінімімен банкке хабарласа алады. Кредиттік желі тұрақты қаржылық жағдайы бар жəне жоғары іскерлік беделі бар несие алушыларға ашылады.
Бірінші класты қарыз алушы үшін арнайы несие шоты – контокор-рент ашылады. Бұл – бірыңғай активті-пассивті шот, онда банктің кли-ентпен барлық операциялары ескеріледі. Контокоррентте, бір жағынан, банк кредиті жəне клиенттің тапсырмасы бойынша шоттағы барлық төлемдер, екінші жағынан – клиенттен банкке сатулардан, салымдар-дан, дебиторлық берешектен жəне т.б. келіп түскен түсімнен түскен қаржылар көрсетіледі. Контокоррент несие шотының ағымдағы шоты-мен үйлесімін көрсетеді жəне оның дебеттік жəне кредиттік қалдығы бар. Мұндай кредиттеу ақшалай қаражаттарды шоттағы ақшаның еркін қалдығы шегінде ғана емес, сондай-ақ банк кредиті есебінен жүзеге асыруға мүмкіндік береді, ол клиенттің тұрақты төлем қабілеттілігін қамтамасыз етеді.
Клиенттерді кредиттеу қарапайым шарттарда, яғни қамтамасыз етудің тиісті нысандары болған кезде жүзеге асырады. Пайыздық мөлшерлемелер қамтамасыз етудің түріне, кредитке деген сұранысқа, Қазақстанның Ұлттық банкінің есептік мөлшерлемесіне жəне т.б. тəуелді болады.
Үшінші класты қарыз алушыларға кредитті ұсыну банк үшін негізгі борыш сомасы жəне пайыздар бойынша төлем жасамау қаупімен байланысқан. Егер банк үшінші класты қарыз алушы кредит беру шешімін қабылдаса, онда кредит мөлшері клиенттің жарғылық капиталы шамасынан аспауы тиіс. Кредит үшін пайыздық мөлшерлеме екінші сыныпты қарыз алушылармен салыстырғанда, өте жоғары деңгейде белгіленеді. Егер кредит клиентке оның қаржылық жағдайы нашарлағаннан бұрынырақ берілсе, онда банк кəсіпорынды банкроттықтан сақтандыру үшін жағымсыз жағдайдың себептері мен талаптарын зерттеуге құқылы. Клиенттің төлем қабілеттілігін маңызды түрде жақсарту мүмкін емес болған жағдайда, банк оны əрі қарай кредиттеуді тоқтатуға жəне бұрын берілген кредиттерді өндіріп алуға кірісуге, сондай-ақ заңнамада белгіленген тəртіпте кепілге қойылған мүлікке өндіріп алуды қолдануға құқылы. Банк кредиттік шарт бойын-ша міндеттемелерді орындамайтын борышкерге қатысты оның төлем қабілетсіздігі (банкроттығы) туралы іс қозғау өтінішімен төрелік сотқа жүгінуге құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |