Оқулық Алматы, 012 ббк 65. 29 К 68



бет58/179
Дата07.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#96156
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   179
Байланысты:
mihel-korporativtik-karjy

Тақырыптық есептер

1 есеп.


«Алмас» АҚ жарғылық капиталы 8 млн теңгеге тең. Ол АҚ-ның негізгі қаражатынан да, сондай-ақ меншікті акцияларды сатудан түскен қаражаттан да тұрады. Өндірісті кеңейтуді жүзеге асыру үшін жəне алынуы мүмкін кредитке байланысты əр акцияның номинал құны 20 теңге болатын 100 000 дана қосымша акция шығару ұйғарылды. Жыл-жымайтын мүлік нарығындағы жағымды өзгерістердің нəтижесінде, мүлік қайта бағаланғаннан кейін АҚ-ның өндірістік аудандарының құны 1 300 000 теңгеге өсті, ал құрал-жабдықтардың құны, керісінше, оның сапасының ескіруі нəтижесінде 200 000 теңгеге түсті. Эмиссия жүргізілгеннен кейін, қор нарығына кəсіби делдалдарды тартудың нəтижесінде АҚ əр акцияға номинал құнынан тыс 10 теңгеден алды. Делдалдың комиссиясы номинал құнынан тыс табыстан 10%-ды құрайды. Осы кезеңде бөлінбеген пайданың көлемі 10 млн теңгені құрайды. Мамандандырылған өнеркəсіп кешенінің құрылысына мемлекеттік тапсырыс алуға байланысты Ұлттық инвестициялық қор осы міндеттетрді жүзеге асыру үшін «Алмас» АҚ шотына бюджет-тен бөлінген қаржыдан 15 млн теңгені аударды. Жоғарыда келтірілген мəліметтерді пайдалана отырып, «Алмас» АҚ меншікті капиталының көлемін анықтаңыздар.


2 есеп.

«Жалын» АҚ меншікті капиталы 2010 жылдың басында 29 млн теңгені құрады. «Жалын» АҚ өрт сөндіргіштер дайындайтын ғимараттары мен жер телімдерінің құны 2010 жылдың басында 3,5 млн теңгені, құрал-жабдықтар құны 6 млн теңгені құрайды, ал қалған айна-лымнан тыс активтерге 2,5 млн теңгеден келеді. 2010 жылдың аяғында қайта бағалау нəтижесінде АҚ ғимараттары мен жер телімдерінің құны 40%-ға түссе, керісінше, құрал-жабдықтардың құны 20%-ға өскендігі анықталды. Ал айналымнан тыс басқа активтердің құны 2,7 млн теңгеге дейін көтерілген. АҚ меншікті капиталының басқа да элементтерінің құны өзгерген жоқ. 2009 жылдың бас кезінде кəсіпорын 5 млн теңге көлемінде ұзақ мерзімді кредит алу үшін кредит келісімшартын жаса-ды. 2010 жылдың соңында пайыздарды есептегенде төлеуге арналған борыштың негізгі сомасы 3 млн теңгені құрады. 2010 жылдың 7



137


қаңтарында үш жылға төлеу күні əр айдың тоғызына келетін 250 000 теңгекөлеміндегіайлықлизингтіктөлемібарлизингтіккелісімшартжа-салды. Осы мəліметтерге сүйене отырып, меншікті негізгі капиталдың мөлшерін, таза айналым капиталының көлемін жəне оңтайландыру коэффициентінің мəнін анықтаңыздар.

3 есеп.


Төсек-орын жабдықтарын шығаратын «Жиhаз» кəсіпорнының баланс бойынша активтері 2010 жылдың бас кезінде 50 млн теңгені құрады. 2010 жылдың аяғында активтер 55 млн теңгені құрады. Болжамға сəйкес, активтер бабының мөлшері 2011 жылы 20 млн теңгеге өсуі керек. Меншікті капитал құны 10 млн теңге, 2010 жылдың соңындағы қайта бағалау нəтижесінде оның құны 12 млн теңгені құрады. Өндірілген өнімдерді сатудан түскен ақшалай түсім 2010 жылы 20 млн теңгеден 25 млн теңгеге дейін өзгерді. 2010 жылғы пайда 2,5 млн теңгеге өсті, ал оның бастапқы мəні 2010 жылдың бас кезінде 5 млн теңгені құраған болатын. Меншікті қаржы ресурстарының мөлшері 2010 жылы 10 млн теңгеге жетті. Пайда мен меншікті капиталдың жəне активтер мен сату көлемінің өсу қарқыны арақатынасының оңтайлылығын анықтаңыздар.


4 есеп.


Үй жануарларына жем-шөп өндіретін «Нұрай» АҚ 2010 жылдың 1-тоқсанында 88 млн теңгеге өнім сатты. Өнім өндіруге кеткен шығын 55 млн теңгені құрады. Сонымен қатар АҚ қаржы қызметін жүргізуден 11 млн теңге көлемінде табыс тапты. Амортизациялық аударымдардың көлемі 2010 жылдың 1-тоқсанында 33 млн теңге болды. Өндірісті ары қарай дамыту жəне ұстап тұру үшін қажет жалпы сома 2010 жылдың 2-тоқсанында 99 млн теңгені құрады. Акционерлік Қоғамның МҚР-дың ішкі көздерін тартуды қажетсінуін анықтаңыздар.


5 есеп.


2010 жылдың 1-тоқсанында «Жиhаз» АҚ 10 млн теңге таза пай-да алды, 2-тоқсанда аталмыш көрсеткіш 12 млн теңгені құрады, 3-тоқсанда таза пайданың мөлшері 15 млн теңгеге жетті, 4-тоқсанда оның деңгейі 12 млн теңгеге дейін түсті. 1 жəне 3-тоқсанда акционер-лерге төленген дивидендтер мөлшері таза пайданың 5%-ын, 2-тоқсанда 6%-ын, 4-тоқсанда 7%-ын құрады. Бірінші жарты жылда меншікті капиталдың орташа құны 50 475 000 теңгеге тең болды, 2010 жылдың екінші жарты жылында 65 млн теңгеге дейін көтерілді. «Жиhаз» АҚ МҚР-ды қалыптастыру саясатының тиімділігін бағалаңыздар. Тұрақты экономикалық даму (ТЭД) коэффициентін пайдалана отырып, 2010 жылы пайдаланылған меншікті капиталдың құнын есептеңіздер.


6 есеп.


«Жиhаз» АҚ меншікті капиталының орташа көлемі 2010 жылы 45 млн теңгені құрады. «Жиhаз» АҚ 2010 жылғы таза пайдасының көлемі



138


30 млн теңге. Бөлінбеген пайдаға бағытталған үлестің көлемі 70%-ды құрайды, акционерлерге сəйкесінше, таза пайда мөлшерінен 30% төленеді деп шешілді. Қосымша инвестицияларға байланысты, 2011 жылы аталмыш мəнді 25%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр. 2010 жəне 2011 жылдардағы меншікті капиталдың құнын анықтаңыздар.

7 есеп.


Айна шығаратын «Анель» АҚ өзінің өндірісін ұлғайту мақсатында Жапониядан жаңа жабдықтар сатып алуды ұйғарды. Аталмыш кəсіпорынды қаржыландыруды кəдімгі акциялардың қосымша эмиссиясының 25%-ымен жəне артықшылықты акциялардың қосымша эмиссиясының 25%-ымен қамтамасыз етілуі тиіс. Сол үшін номиналы 1000 теңге кəдімгі акциялардың 200 данасын шығару ұйғарылды. Бір кəдімгі акцияға келетін дивидендтер мөлшері 2010 жылы бір акцияға 50 теңгені құрады. Əрі қарай дивидендтер төлемін 5%-ға арттыру жо-спарланып отыр. Эмиссияға кеткен шығындар кəдімгі акциялардың эмиссиялары арқылы тартылған капиталдан 7%-ды құрайды. Сондай-ақ, номиналы 1000 теңге артықшылықты акциялардың 200 данасын шығару ұйғарылды. Төленуі қарастырылып отырған артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер сомасы 25 млн теңгені құрайды. Артықшылықты акциялардың қосымша эмиссиясына кеткен шығындар артықшылықтыакциялардыңқосымшаэмиссияларыарқылытартылған капитал сомасының 8%-ын құрайды. Кəдімгі жəне артықшылықты акциялардың қосымша эмиссияларын жүргізу нəтижесінде алынған қосымша капитал құнын анықтаңыздар.


8 есеп.


Жарық беретін аспаптар шығаратын «Сəуле» АҚ 2010 жылы 75 млн теңге көлемінде ақшалай түсім алды. Өндіріске кеткен шығындар, пайыздық төлемдер мен салықтар есептелгеннен кейін, таза пайданың көлемі 25 млн теңгені құрады. 2010 жылы меншікті капитал құны орта есеппен 20 млн теңгені құрады, оның 12 млн теңгесі акционерлік капиталға тиесілі. Тіркелген активтердің орташа мөлшері 2010 жылы 15 млн теңгені құрады. Жоғарыда келтірілген мəліметтерді пайдала-на жəне 2010 жылдың есептік кезеңін есепке ала отырып, «Сəуле» АҚ меншікті капиталының айналымдылығы жəне пайдалылығы көрсеткішін есептеңіздер.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   179




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет