9.4. Меншікті капиталдың құны
Нарықтық экономика жағдайында меншікті капитал құнын элементтері бойынша бағалау, меншікті капиталды тартудың қымбат емес көздерін таңдау негізінде, корпорацияның қаржылық тұрақтылығын нығайтуға ықпал етеді.
Меншікті капитал құнын бағалаудың бірқатар ерекшеліктері бар, олардың ішіндегі маңыздыларына жататындар:
Акционерлерге төлеу сомасын салықтық базаға жатқызады, ол дивидендтер түріндегі табыстар бойынша анықталады. Дивидендтік төлемдерге салық салу заемдық капиталмен салыстырғанда меншікті капитал құнын арттырады. Акция иеленушілерге дивидендтер түріндегі төлем акционерлік қоғамның таза пайдасы есебінен жүзеге асырыла-ды.
Меншікті капиталды тару инвесторлар үшін қаржылық тəуе-келмен байланысқан, ол оның құнын тəуекел үшін сыйақы шамасына ұлғайтады.
Меншікті капиталды жұмылдыру оның негізгі сомасы бойын-ша ақшаның кері ағымымен байланыспаған, оның жоғары құнына қарамастан, корпорация үшін осы көздің тиімділігін растайды. Заемдық қаржылар бойынша кері ақша ағымы пайыздарды төлеумен қатар борыштың (заемның) негізгі сомасының белгіленген мерзімде қайтарылуынан тұрады. Тартылатын меншікті капитал бойынша кері ақша ағымы акционерлерге төлемнен (дивидендтер нысанындағы) ғана тұрады. Ол корпорацияның қаржылық тұрақтылығы жəне төлем қабілеттілігіне қол жеткізу тұрғысынан меншікті капиталды пайдаланудың үлкен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Бухгалтерлік баланста белгіленген меншікті капитал көлемін оқтын-оқтын түзету қажеттілігі. Осы орайда меншікті капиталдың əрекет етуші бөлігі ғана нақтылануы тиіс, өйткені оның қайтадан тар-тылатын шамасын ағымдағы нарықтық бағаларда бағалайды.
Қайтадан тартылған меншікті капиталды бағалаудың ықтималдық сипаты бар, яғни акциялардың ағымдағы нарықтық бағалары қор нарығында едəуір өзгерістерге түсуі ықтимал. Заемдық қаржыларды тарту заемшылардың банктермен жасаған шарттарында тіркелген пайыздық мөлшерлемелерге негізделген.
Жай акциялардың эмиссиясы есебінен қосымша капиталды тарту құны келесі көрсеткіштермен анықталады:
– Жай акциялардың қосымша эмиссиясы сомасымен;
– Бір жай акция үшін төленген дивиденд сомасы;
– Дивидендтер түріндегі таза пайданы акционерлерге төлеу өсімінің жоспарланған индексі;
– Жай акциялардың эмиссиясы бойынша болжанған шығындар. Артықшылықты акциялардың эмиссиясы арқылы қосымша ка-
питалды тарту құнының белгіленген мөлшерін акционерлердің жал-пы жиналысы белгілейді. Артықшылықты акциялардың эмиссиясы арқылы қосымша капиталды тарту жəне заемдық қаржыларды тарту прооцестерінің ұқсастығы осында. Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтік төлемдер таза пайда есебінен жүргізіледі. Дивидендтерді төлеумен қатар қоғамның шығындарына акцияларды шығару бойынша эмиссиялық шығындар жатады.
Меншікті капиталдың (МК) құны келесі элементтер бойынша бағаланады:
есептік кезеңде пайдаланылатын МК құнын есептеу:
ÌÊêï = ÒÏÀ ⋅ 100 .
ÌÊ
МКкп – есептік кезеңде пайдаланылатын МК құны, %-бен;
АТП – пайдалану барысында акционерлерге төленген таза пайда со-масы;
МК – есептік кезеңдегі МК орташа мөлшері.
алдыңғы кезеңде пайдаланылатын капитал құны:
МКак = МКак * І (8.12).
МКак – алдыңғы кезеңде пайдаланылатын МК құны, %-бен;
– есептік кезеңде пайдаланылатын МК құны, %-бен;
– корпорацияның таза пайдасынан төленетін төлемдер өсімінің болжанып отырған индексі, жалпы үлесте/бірлікте.
3) қосымша тартылған акционерлік капитал құны жай жəне артықшылықты акциялар бойынша жеке есептеледі. Акциялар эмис-сиясы есебінен меншікті капиталды тарту құнын басқару процесі эми-тент үшін үлкен қиындықтарды жəне жоғары тəуекелдерді туында-тады.Осы орайда, корпорацияның меншікті капиталы құнын басқару үшін эмиссиялық жəне диверсиялық саясатты əзірлеу жəне жүзеге асыру қажет.
Акция көлемінің эмиссиясы арқылы тартылған қосымша капитал құны келесі формула бойынша есептеледі:
ÌÊààò =
|
Äñ ⋅ 100%
|
.
|
|
∑ ÌÊñ(1– Ýàø
|
|
МКжс – жай акциялар шығару есебінен тартылған меншікті капитал құны, %-бен;
Жас – қосымша шығарылған кəдімгі акциялар саны;
Дс – есептік кезеңде кəдімгі бір акцияға келетін дивидендтер со-масы;
– дивидендтер өсімінің жоспарланған индексі;
ÌKñÀ – жай акциялар шығару есебінен тартылған МК сома-
сы;
Эаш – акциялар эмиссиясының жалпы сомасына қатысты кəдімгі акцияларды шығаруға жұмсалатын шығындар, үлесте, бірлікте.
Меншікті капиталдың базистік жылмен салыстырғанда есеп беру кезңіндегі рентабельділігін жəне оның шамасына ықпал еткен фактор-ларды бағалау үшін Дюпонның үш факторлы моделі қолданылады:
PCK =×Ï*ÂÐ* À =×Ï*100,
ÂÐ À ÑÊ ÑÊ
Мұндағы, АҚом – есептеу кезеңіндегі активтер (мүлік) құнының орташа мəні;
ТП – есептеу кезіндегі таза пайда;
КҚом – есептеу кезеңіндегі капитал құнының орташа мəні.
Бұл формула меншікті капитал рентабельділігінің өзгеруіне қандай факторлар көбірек дəрежеде ықпал еткендігін анықтауға жəне осы өзгерістің себептері неде екендігін анықтауға мүмкіндік береді:
– Сату рентабельділігінің өзгерістерінде (ТП/АҚом);
– Немесе активтердің айналымдылығының өзгерістерінде (АҚом/А);
– Немесе капитал құрылымындағы өзгерістерде (А/КҚом);
– Көрсетілген факторлардың қатар ықпал етуінде. Артықшылықты акциялар есебінен тартылған қосымша капитал
құны:
ÌÊààò =
|
Äñ ⋅ 100%
|
формула бойынша анықталады.
|
|
∑ ÌÊñ(1– Ýàø
|
|
МКаат – артықшылықты акциялар есебінен тартылған меншікті ка-питал құны;
ДС – қоғамның шартты міндеттемелеріне сəйкес төленуі тиіс диви-дендтер сомасы;
ЭШ – эмиссияның жалпы сомасына қатысты бірлік үлесінде көрсетілген эмиссиялық шығындар.
Достарыңызбен бөлісу: |