Оқулық Алматы, 012 ббк 65. 29 К 68


-тарау. Корпорацияның өнімді өндіру жəне



бет36/179
Дата07.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#96156
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   179
Байланысты:
mihel-korporativtik-karjy

5-тарау. Корпорацияның өнімді өндіру жəне


өткізуге кеткен шығындары
5.1. Корпорацияның өнімді өндіру жəне өткізу шығындарының мазмұны жəне құрылымы


5.2. Корпорацияның өнімді өндіру жəне өткізу шығындарын бақылау


5.1. Корпорацияның өнімді өндіру жəне өткізу шығындарының мазмұны жəне құрылымы

Жалпы алғанда, экономикалық мазмұны жəне арналымы бойынша шығындар мен шығыстар:


– ұдайы өндірістің негізгі жəне айналым капиталы;
– өндіріс;
– əлеуметтік-мəдени шаралар немесе бағдарламалар;
– бір жолғы өндіріс шығындарымен байланысты операциялық шығындар сияқты бірнеше топқа біріктіріледі.

Бухгалтерлік есептің №7-стандартының əдістемелік сілтемесіне сəйкес корпорацияның өнімді өндіру жəне өткізу шығындары келесі баптар мен элементтерге бөлінеді:


I топ шығындары.


1) сырттан алынатын немесе сол мезетте дайындалатын «Матери-алдар» бабы. Материалдар сатып алыну бағасы бойынша бағаланады, одан қайтарылатын қалдықтар алынып тасталынады, яғни аралық са-тып алу шығындарын кірістірмей бағаланады. Элементтеріне: шикізат, негізгі материалдар, жартылай фабрикаттар, толықтырушы жəне қосымша материалдар, жанармай, бөлшектер жəне басқалар жатады.

2) «Еңбекақы төлемдері» келесі элементтерден тұрады: орындалған жұмысы үшін төленетін негізгі өндірістік персоналдың еңбекақысын төлеу, кешенді төлемдер, натуралды еңбекақы төлемдері жəне т.б.


3) Сақтандыру аударымдары.


4) “Жанама шығындар”: өзіне жаңа өнімді игеру, техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, еңбек гигиенасы жəне күзет жəне т.б. шығындарды қосады.

Шығындардың II тобы – тұрақты шығындары: ● жалпы əкімшілік шығыстар;


● тауар-материалдық қорларды іске қосу шығыстары; ● пайыздар бойынша шығыстар;


● негізгі қорларды қалпына келтіруге арналған амортизациялық ау-дарымдар.


Шығыстардың құрылымы, олардың еңбекке, материалға жəне



89


энергияға жұмсалуы шаруашылық саласына жəне кəсіпорынның түріне байланысты анықталады.

Корпорацияның өнімді өндіру жəне өткізу шығындарын жоспар-лау бір өнім бірлігіне кеткен шығындардың баптар мен элементтері бойынша құрылған жоспарлы калькуляциялауды құру арқылы жүзеге асырылады.


Жоспарлау тəсілдемесі:



  1. «салыстырылмайтын» өнім өндіретін кəсіпорында өнімнің өзіндік құны тауар өнімінің көтерме-бөлшек бағасындағы бір теңгеге қатысты тиынның мөлшері ретінде анықталады.




  1. Бір тектес өнімді өндіретін кəсіпорындарда өнімнің жоспарлы өзіндік құны абсолютті көрсеткіштермен (өнім бірлігіне тиын жəне теңгемен) анықталады.




  1. «салыстырылатын» өнім өндіретін кəсіпорындарда өткен жылы болжанған деңгейге қарсы өнімнің толық өзіндік құнын төмендету пайызы жоспарланады.

Қазіргі кезде өнім бірлігіне тұрақты жəне айнымалы шығындарды бөлек жоспарлаудың қажеттілігі туындап отыр.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   179




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет