Оқулық Алматы, 012 ббк 65. 29 К 68


Корпоративтік тəуекел-менеджмент жүйесі



бет34/179
Дата07.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#96156
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   179
Байланысты:
mihel-korporativtik-karjy

4.5. Корпоративтік тəуекел-менеджмент жүйесі

Əрбір кəсіпорын өзінің өндірістік қызметінде өзіне ғана тəн жеке тəуекелдержиынтығыменкездеседі.Кəсіпорындаəрекетететінбасқару жүйесі, өндірістік басқару мəдениеті де айырықша ерекшеліктерге ие, сондықтан да тəуекел-менеджмент жүйесі жəне оны енгізу процеду-расы əрбір кəсіпорын үшін бірегей болады. Сонымен қатар жалпы қабылданған стандарттар да болады, олар əр алуан кəсіпорындар үшін тəуекел-менеджмент жүйесін əзірлеу жəне енгізудің ортақ ережелері бар екендігін көрсетеді. Осы аталған ортақ ережелерді қарастырайық.


Кез келген компаниядағы тəуекелдерді басқару жүйесінің жəне оны енгізу мен қолдау жүйесінің келесі құрамдас бөліктері бар:





  • тəуекел-менеджмент жүйесін енгізу мақсаты мен қажеттілігін си-паттау;




  • тəуекелдерді басқару саласындағы компания саясатын əзірлеу;

  • компания тəуекелдері картасын жасау;

  • компаниядағы тəуекелдері басқару стандарттарын əзірлеу;

  • тəуекел-менеджмент жүйесінің функционалды құрылымын қалыптастыру;




  • тəуекел-менеджмент мəдениетін жылжыту.

86


Компанияға тəуекел-менеджмент жүйесін енгізу қажеттілігі бірқатар сыртқы, сондай-ақ ішкі факторлардың болуынан туындаған. Сыртқы факторларға жататындар: өндірістің қауіпті сипаты; қаржы нарықтарының волатильділігінің өсуі; салалық бəсеке; интеграциялық процестер; реттеуші органдардың талаптары; корпоративті басқаруды жетілдіру. Ішкі факторларға жататындар: компанияның ауқымды инвестициялық қызметі; кредиттік портфельдің ұлғаюы немесе оның сапасының төмендеуі; дебиторлық берешекті басқарудағы проблема-лар; компанияны ұзақ мерзімге жəне ағымдағы қаржыландыру про-блемалары.
Тəуекел-менеджмент жүйесін енгізу қажеттілігі анықталған соң, кəсіпорында əрі қарайғы əзірлемелер мен жылжулармен айна-лысатын жұмыс тобы құрылады. Жұмыс тобы, ең алдымен, тəуе-келдерді басқару саласындағы компания саясатын жоғары менед-жмент арқылы қалыптастырады, содан кейін оны компанияның барлық қызметкерлерінің қаперіне жеткізеді. Онда кəсіпорындағы тəуекелдерді басқару жүйесінің мақсаттары анықталады, осындай басқарудыңқажеттілігіжарияланады,туындайтынтəуекелдергесəйкес, қызметкерлердің əрекеттеріне қатысты жалпы талаптар анықталады.

Тəуекелдер картасын жасау сатысы, ең алдымен тəуекел-менеджментпен байланысқан компаниядағы түсініктер бойынша қолданылатын терминологияны бірегейлендірудің жүргізілуін бол-жайды. Содан кейін жекелеген бөлімшелер бойынша тəуекелдер кар-тасы жасалады. Алынған карталар бүкіл кəсіпорын бойынша ортақ тəуекелдер картасына енгізіледі. Ол өте үлкен қауіптер тобын анықтау үшін жəне тəуекелдерді басқару стратегиясын əзірлеу үшін қажет бо-лады.


Əрі қарай анықтаған сəттен бастап бақылау сəтіне дейінгі тəуекелдерді басқару процесін реттейтін стандарт əзірленеді, ол компаниядағы тəуекелдерді басқару процесі үшін жауаптыларды, тəуекелдерді басқарудың əр алуан процесіне қатысушы бөлімшелермен өзара əрекеттесу процедурасын, сондай-ақ есеп жəне есептілік проце-дурасын анықтайды.


Тəуекел-менеджменттің маңызды құраушы бөлігі болып оның функционалды құрылымы саналады. Функционалды құрылымда тəуекелдерді басқарудың барлық шешуші қатысушылары көрсетіледі, олардың функциялары мен өкілеттіктері аталады, олардың өзара əрекеттесу тəртібі анықталады.


Тəуекелдерді корпоративті басқарудың тəуекел-менеджмент мəдениеті түріндегі соңғы құрамдас бөлігі бір қарағанда онша маңызды емес, бірақ та тəуекел-менеджмент бойынша барлық мамандардың пікірінше, тəуекел-менеджменттің корпоративті мəдениетін құрусыз, онытиімдіенгізумүмкінемес.Мұндаймəдениеттəуекелдіңтөмендеуін компанияның болашақ пайдасының қайнар көзі ретінде қарастыруы тиіс.



87


Кəсіпорын тəуекел-менеджменттің дұрыс мəдениетін иеленіп отыр деп септелінеді, егер де ол келесі белгілермен сипатталатын болса:



  • Дұрысəзірленгенстратегияболсажəнебасқарудыңкөшбасшылық стилі қабылданса. Барлық қызметкерлерге арналған стратегияны, түсініктерді əзірлеу мен жүзеге асыруды компанияның жоғарғы басшылығы жүзеге асырады;




  • Жауапкершілік жəне қызметкерлерді марапаттау жүйесі айқын анықталған жəне барлық қызметкерлерге түсінікті;




  • Тəуекел-менеджмент жүйесі тəуекелдерді қабылдау мен оларды басқаруға ықпал ететіндей дəрежеде жасалған.

Тəуекел-менеджменттің кез келген жүйесі компаниядан белгіленген шығындарды талап ететін іс-шара болып табылады, сондықтан да оның тиімділігі туралы ақпаратты иеленген маңызды, ол қаржыларды тікелей үнемдеуден байқалады. Ереже бойынша, тəуекел-менеджмент жүйесі экономикалық тұрғыда тиімді болып табылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   179




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет