Оқулық Алматы, 012 ббк 65. 29 К 68



бет75/179
Дата07.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#96156
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   179
Байланысты:
mihel-korporativtik-karjy

Тақырыптық есептер

1 есеп


2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға байланысты «Жанар» АҚ-ның ыдыс шығару бойынша жарғылық капиталы баланс бойынша 55 млн теңгені құрайды, оның 40 млн теңгесін жай акциялар, осыған сəйкес 15 млн теңгені артықшылықты акциялар құрайды. Сондай-ақ, бұрындары шығарылған, өтелмеген корпорациялық облигациялардың көлемі 5 млн теңгені құрайды. Кредиторлық берешектің көлемі 30 млн теңге. Банктің қысқа мерзімді кредиттерінің көлемі 10 млн теңге. Қорытынды жасау барысында 2011 жылдың екінші тоқсанына ба-ланс жасалды. Оны қарастырған кезде екінші тоқсанда қаражаттың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін 2 млн. теңгеге жай акциялар жəне 3 млн теңгеге артықшылықты акциялар, қосымша 1 млн теңгеге обли-гациялар шығарылды. Кредиторлық берешектің мөлшері бұрынғыдай қалды. Қысқа мерзімді кредиттерге қатысты айтар болсақ, олар 14 млн теңге сомаға қосымша тартылды. Кəдімгі акциялар бойынша «Жа-нар» АҚ 15% көлемінде дивиденд төлейді. Артықшылықты акция-лар бойынша олардың құны орташа 10%-ды, кредиторлық берешек бойынша төленетін пайыздардың орташа мөлшері 10%-ды құрайды. Корпорациялық облигациялар бойынша төленетін пайыз орташа 20%-дықұрайды.Аталмышкөрсеткіштерберілгенмерзімішіндеөзгермеген. Қысқа мерзімді кредиттерге келер болсақ, баланстың аталмыш бабы бойынша орташа пайыздық ставка 2011 жылдың басында 25%-ды, жаңа қарыз тартылғаннан кейін 2011 жылдың екінші тоқсанында 20%-ды құрады. Осы екі кезеңде капиталдың безбенделген орташа құны қалай өзгергенін анықтаңыздар.

2 есеп


Ыдыс шығару нарығында үш корпорация: «Жанар» АҚ, «Диас» АҚ жəне «Бамбук» АҚ бар. Меншікті капитал көлемі олардың барлығында бірдей 50 млн теңгені құрайды. Екі корпорацияның актив-тер пайдалылығы да бірдей, 50%-ға тең. Екі корпорацияның орташа пайыздықставкасышамаменбірдейжəне15%-дықұрайды.«Диас»АҚ-сында ол жоқ, себебі бұл корпорация қарыз қаражатты пайдаланбай-ды. Бірақ «Диас» АҚ сырттан қосымша қаражат тартпай, тек меншікті қаражаттарын ғана пайдаланады. «Бамбук» АҚ 50-де 50 саясатын қолданады, яғни қажетті активтердің жартысы меншікті қаражаттың есебінен, ал жартысы қарыз қаражаттың есебінен қаржыландырылады. Ал «Жанар» АҚ активтерді қаржыландыруда басқыншылық саясат-ты пайдаланып, меншікті қаражаттан басқа, қосымша 100 млн теңге



176


тартады. Барлық үш корпорация үшін салық тəртіптемелері мен мөлшерлемелері бірдей. КТС-ның мөлшерлемесі, сəйкесінше бірдей, 15%-ды құрайды. Осы мəліметтерді пайдалана отырып, меншікті капи-тал пайдалылығының ең үлкен өсімі тұрғысынан қай корпорацияның капитал құрылымы айтарлықтай тиімді екендігін анықтаңыздар.


3 есеп


Осы жолы №2 есепте келтірілген деректерді пайдаланып жəне ка-питал құрылымындағы айырмашылыққа байланысты қаржыны инве-стициялау тəуекелділігінің əртүрлі болуы салдарынан үш корпорация бойынша орташа пайыздық ставканың ауытқу фактілерін ескере оты-рып меншікті капиталдың орташа өлшенген мөлшерін есептеңіздер. «Жанар» АҚ-сында 20%-ды, «Бамбук» АҚ-ында 17,25%-ды құрайды, ал «Диас» АҚ-сында ол, əрине жоқ, себебі аталмыш корпорация тек меншікті қаражатты ғана пайдаланады. Барлық үш корпорацияның дивидендтер мөлшері бірдей, 10%-ды құрайды. Капиталдың безбен-делген орташа құнының көрсеткіштерін алдыңғы №2 есепте алынған меншікті капиталдың таза рентабельділігінің көрсеткіштерімен салыстырыңыздар.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   179




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет