Оқулық Алматы, 012 ббк 65. 29 К 68


Капиталдың безбенделген орташа құны



бет72/179
Дата07.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#96156
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   179
Байланысты:
mihel-korporativtik-karjy

11.2. Капиталдың безбенделген орташа құны

Капиталды (баланс пассивін) басқару оның құнын бағалау арқылы жүзеге асырылады.


Мұндай бағалау тұжырымдамасы капитал өндірісі факторларының бірі деген тұжырымдамасынан шығады, ол корпоративті топтың



166


ағымдағы жəне инвестициялық шығындары деңгейіне маңызды түрде ықпал етеді.
Шетелдік экономистер капитал құнын əртүрлі түсіндіреді. Мы-салы, Ф. Ли Ченгтің жəне Д. И. Финнертидің пікірінше, «капиталды тарту шығындарын немесе капитал құнын бағалау инвестициялық шешімдерді қабылдау процесінің маңызды сатысы болып табыла-ды. Осы орайда қаржы менеджментінің басты мақсаты компания құнын барынша жоғарылату, ал осы мақсатқа жету əдістерінің бірі – шығындарды, соның ішінде капитал тарту шығындарын азайту».

Инвестициялық ресурстардың алыну көзіне жататындар: бөлінбеген пайда, банк кредиттері, акциялар эмиссиясы. Əрбір алы-ну көзіне белгілі бір тəуекел, сəйкесінше, инвестициялық тəуекелді өтеу үшін рентабельділіктің талап етілетін норманың əр алуан мəні сəйкес келеді. Сонымен қатар, өтеу мынаны болжайды, яғни инвестициялардың күтілетін табыстылығы инвестициялық ресурстар-ды тарту шығындарынан жоғары болады. Инвестициялаудың негізгі аспектісі – нақты жобаларды немесе қаржы активтерін таңдау, олардан түскентабыстəуекеліөтемақысынқамтамасызетедіжəнекомпанияның акционерлік капиталы құнын ұлғайтады.





  • Росстың пікірінше, «капитал құны, ең алдымен, заемдардың алыну көзіне емес, заемдарды пайдалану əдісіне тəуелді болады».

Инвестицияланған капитал құны оны орналастырумен байланысқан тəуекел дəрежесіне тəуелді болатындығын ескеру керек. Корпорация меншікті қаржылар мен заемдарды пайдаланған кезде капиталдың жалпы құны акция иеленушілерге жəне кредиторларға өтемақыны төлеуге арналған жиынтық пайдаға тең болады. Басқаша айтқанда, капитал құны акционерлік капитал құнын жəне копорацияның борыштық міндеттемелері бағасын көрсетеді. Ван Хорн былай дейді, яғни «капитал құны – қаржыландырудың əр алуан типтеріне арналған дəл немесе болжанатын пайда». Капиталдың жалпы құны – бұл же-келеген құндардың орташа өлшенген шамасы». Əрі қарай Ван Хорн кейбір шектеулерді енгізеді, олардың қажеттілігі келесі жағдайлармен түсіндіріледі. Корпорация үшін қаржының шоғырланғаны маңызды. Сондықтан да капитал құны инвестициялық шешімдерді қабылдау критерийі ретіндегі капиталдың жалпы құны төмендегі жағдайларда ғана қолданылады:


– Компания активтері тəуекел тұрғысынан бірдей; –Бағаланатынжəнеқарастырылатынинвестициялықұсыныстардың


бірдей тəуекел дəрежесі бар.


Егер инвестициялық ұсыныстардың əр алуан дəрежесі болса, онда компания үшін қажетті пайда нормасы шешімдерді қабылдау үшін сипатбелгі болып саналмайды.


Келтірілген тұжырымдамалар жеткілікті дəрежеде негізделген жəне дамыған типтегі нарықтық экономикада тəжірибелік қолданысқа түсуге құқылы.



167


Капитал оның меншіктенушілерінің ағымдағы жəне болашақ кезеңдердегі əл-ауқатының көзі болып табылады. Капитал – корпорацияның (фирманың) нарықтық құнының басты өлшеуіші.

Бұл ең алдымен таза активтер көлемін анықтайтын меншікті капиталға қатысты. Сонымен қатар, қолданылатын меншікті капитал құны қосымша пайда əкелетін заемдық капиталды тарту параметрлерін сипаттайды.


Капитал құнымен компанияның нарықтық бағасының деңгейі өлшенеді. Капитал бағасының төмендеуі фирманың нарықтық бағасының өсуіне алып келеді жəне керісінше. Əсіресе, бұл тəуелділік акционерлік қоғамның (АҚ) қызметінен айқын көрінеді, оның акци-ялар бағасы қор нарығында ұдайы көтеріледі немесе төмендейді, ол қоғам капиталының құнына əсер етеді.


Сəйкесінше, капитал құнын басқару фирманың нарықтық бағасын көтерудің қажетті шарты болып табылады.


Капитал бағасын басқару кезінде келесі қағидалар (ережелер)
сақталуы тиіс:
– Капитал құнын элементтер бойынша бағалау қағидасы. Осын-дай нақты нысанда əрекет етуінің ұзақтығы бойынша корпорацияның активтеріменпассивтеріұзақмерзімдіжəнеқысқамерзімдідепбөлінеді. Пассивтердің белгілі бір элементін активтерді қаржыландыруға жұмылдыру белгіленген шығындармен байланысқан:

– Акционерлерге – дивиденд;


– Корпоративті облигациялардың иеленушілеріне – пайыздарды;
– Банктерге – олардың несиелерді ұсынуы үшін пайыздарды жəне т.б. төлеу керек.

Бұл көздердің құрылымы маңызды түрде ерекшеленеді жəне кəсіпорын мен кəсіпкерлік қызмет саласына байланысты ерекшеленеді. Сонымен қатар, қаржының əрбір көзінің өз бағасы бар, сондықтан да капитал бағасын орташа арифметикалық өлшенген шама форму-ласы бойынша анықтайды. Қаржының кейбір көздері үшін капитал бағасын дəл анықтауға болады (акционерлік капитал бағасы, банктік кредит жəне т.б.). Басқа көздері бойынша мұндай есептеулерді жүргізу қиынырақ (мысалы, жинақталған пайда баптары, кредиторлық бере-шек бойынша).


Ақшалай ресурстардың белгіленген көлемін тарту үшін төленуі тиіс осы көлемге қатысты пайыздармен өрнектелген ақшалай қаражаттардың жалпы шамасы капитал бағасы деп аталады. Қосымша акцияларды орналастыру арқылы қоғамның жарғылық капиталын ұлғайту туралы шешім төмендегілерді анықтайды:


–орналастырылғанжайжəнеартықшылықтыакцияларсанатындағы (типтегі) жарияланған акциялар саны шегінде осы санаттағы қосымша акциялар саны;


– Қосымша акцияларды орналастыру əдісі жəне бағасы;



168


– жазылым арқылы орналастырылған қосымша акцияларды төлеу формасы;

– орналастырудың өзге талаптары.


Осы Қосымша акцияларды орналастыру немесе олардың номинал-ды құнын ұлғайту арқылы қоғамның жарғылық капиталын ұлғайту оның мүлкі есебінен ғана жүзеге асырылады. Қоғамның мүлкі есебінен жарғылық капиталды ұлғайту сомасы таза активтер құны жəне оның жарғылық пен резервтік капиталының шамасы арасындағы айырма-дан аса алмайды. Қосымша акцияларды орналасыру арқылы қоғам мүлкі есебінен жарғылық капиталды ұлғайтқан жағдайда, бұл акци-ялар барлық акционерлер арасында бөлінеді. Бұл жағдайда олардың əрқайсысына, оларға тиесілі акциялар санына пропорционал көлемде акционерлерге тиесілі акциялар санатындағы акцияларды бөліп береді. Нəтижесінде бөлінетін акциялардың туындауына алып келетін қосымша акцияларды орналастыру арқылы қоғам мүлкі есебінен жарғылық капиталды ұлғайтуға жол берілмейді.


Мақсатты пайдаланылуы бойынша резервтік капиталды пайдалану нəтижесінде оның азаюы келесі есеп беру кезеңдерінде толық есептеуді талап етеді. Акционерлік қызметкерлер қорындағы ақша есебінен са-тып алынған акцияларды қоғам акционерлеріне төлем үшін сату кезінде түскен қаржы резервтік капиталды қалыптастыруға жіберіледі.


Егержобабойыншатабыстылықтыңішкімөлшерікапиталқұнының көрсеткішінен төмен болса, онда мұндай инвестициялық жоба жүзеге асыруға қабылданбайды. Осылайша, КБОҚ (капиталдың безбенделген орташа құны) инвесторлар өздері салған салымдарынан алуды күтетін пайданың ең төмен мөлшері болып табылады, яғни жүзеге асырылу үшін таңдалып алынған жобалар КБОҚ-ның құнын қамтамасыз етуі тиіс.


Капиталдың безбенделген орташа құны қаржы құралдарының:

  • акционерлік капиталдың;

  • облигациялық қарыздардың;

  • банктік кредиттің;

  • кредиторлық берешектің;

  • бөлінбеген пайданың əртүрлі көздері мен түрлерін тартудың жеке құнының орташа өлшенген мөлшері ретінде есептеледі.

КБОҚ-ның есептеуге арналған стандартты формула: КБОҚ =∑ Бі * Yі ,


мұнда: Бі – белгілі бір дереккөздің бағасы;


Үі – белгілі бір дереккөздің олардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы (бірлік үлесінде);

n – дереккөздердің саны.



169




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   179




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет