160
қайта түлету, сонымен қатар, халық шаруашылығының көптеген
мəселелерін шешу барысында атластарды кеңінен қолданады.
Жалпы географиялық карталар сияқты атластарда аумақты
қамтуына,
қызметіне, мазмұны мен рəсімделуіне тағы басқа
белгілеріне қарай жіктеледі. Аумақты қамтуына қарай
дүниежүзінің, материктердің, жеке елдер мен облыстардың атла-
стары болып бөлінеді.
Мазмұнына қарай: жалпы географиялық;
салалық тақырып-
тық (геологиялық, климаттық, топырақ, ландшафттық, ауыл
шаруашылығы, экономикалық); өзара байланысқан құбылыс-
тарды (климат пен мұхитты) қамтитын карталар кіретін кешенді,
сонымен қатар, аумақтың табиғаттын, халқын,
экономика-
сын, саяси-əкімшілік құрылымын сипаттайтын көп мақсатты
атластарға жіктеледі.
Атқаратын қызметтеріне қарай ғылыми-анықтамалық, өлке-
танулық, оқу, туристік, жол тағы басқа атластар болады.
Өлшеміне қарай бірнеше томнан тұратын столға қоятын, ірі
жəне шағын қалтаға салатын атластар болып бөлінеді.
Кез-келген атластың сапасын оның тұтастығы, ақпараттың
кеңдігі,
ішкі бірлігі, құрылымы мен деңгейі айқындайды. КСРО
кезеңінде құрылған атластардың ішіндегі ең маңыздыларының
қатарына 1967 жылы геодезия мен картографияның бас бас-
қармасы шығарған дүние жүзінің үлкен анықтама атласы, ҚазКСР
ғылым академиясының география институтының ғалым
дары
шығарған Қазақстанның екі томдық физикалық жəне
экономи-
калық географиялық атластарын жатқызуға болады.
1980 жылы КСРО геодезия мен картографияның бас
басқармасы шығарған мұғалімдерге арналған дүние жүзінің
үлкен атласы 191 беттен, 149 картадан тұрады. Аталған
картографиялық өнімнің бірінші бөлімінде дүние жүзінің,
екінші бөлімі жеке материктердің, үшінші бөлімі КСРО-ның
табиғатының ерекшелігін, халқы
мен шаруашылығын сипат-
тайтын жалпы географиялық, физикалық-географиялық жəне
экономикалық-географиялық тақырыптық карталарынан тұрады.
Карталарға берілетін түсініктемелерінде кескінделген
құбылыстарды түсіру əдістері, қолданылған картографиялық
проекциялардың негізгі түрлері туралы деректер келтірілген.
161
Атласта жер бедерінің түрлері мен оларды кескіндеудің əртүрлі
тəсілдері көркем бейнеленген карталардың үлгілері көрсетілген
кестелер де бар.
Достарыңызбен бөлісу: