200 5 - т а р а у. КАРТАЛАРДЫ ҚҰРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ 5.1. Карталар мен атластарды құру бағдарламалары туралы түсінік Ұсақ масштабты карталар əртүрлі картаграфиялық, статисти-
калық басқада дерек көздерін пайдалана отырып, камералық
өңдеу жағдайында құрылады. Оларға аэроғарыштық түсірулер,
гидрометеорологиялық бекеттер торлары сияқты тікелей табиғат-
тан алынған бастапқы деректер, картаның тақырыбы бойынша
бұрын орындалған геодезиялық түсіру, картографиялық, физи-
калық жəне экономикалық-географиялық тағы басқа жұмыс-
тардың материалдары жатады. Карталар мен атластарды құру-
ға бұрын құрылған топографиялық жəне ұақ масштабты жалпы
географиялық жəне тақырыптық карталардан, əртүрлі ста
тис
-
тикалық анықтамалардан, кітаптар мен кестелерден басқа да
еңбектерден алынған көлемі ірі деректерді өңдеу кіреді.
Картаны құру оны жобалаудан, дайындау-саралау жұмыстары-
нан басталады. Олар картаның түпнұсқасын құруды жүзеге асы-
руды көздейтін барлық жұмыстарды ұйымдастыруды құмтамасыз
ететін құжаттарды, ережелерді жасауды қамтиды.