Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар


Зауыттағы мұнай өңдеудің біріншілік процестері үшін



Pdf көрінісі
бет10/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   150
Байланысты:
munai

Зауыттағы мұнай өңдеудің біріншілік процестері үшін 
қолданылатын жетілдірілген КТ-1 кешені
КТ-1 технологиялық кешені ПМӨЗ-да мұнайды екіншілік про-
цестерге дайындайды. Мазутты терең өңдеу бойынша Кеңес өкіметі 


20
кезіндегі алғашқы КТ-1 1983 жылы пайдалануға енгізілді жəне 
мұнай өңдеудің тереңдігін 80%-ға дейін қамтамасыз етеді. Жоба 
бойынша кешеннің вакуумдық айдау қуаттылығы 4 млн.т/жылына, 
2001 жылғы реконструкциядан кейін 2,2 млн.т/жылына, вакуумдық 
газойльді гидротазалау 2,4 млн.т/жылына, каталитикалық крекингті 
2 млн.т/жылына, 2006 жылғы реконструкциядан кейін 1,25 млн.т/жы-
лына құрады. Кеңес кезіндегі бірінші КТ-1 жүйесінің жобасы ар найы 
Павлодар мұнай өңдеу зауыты үшін Грозный қаласындағы «Гроз-
гипронефтехим» институтында əзірленді. КТ-1 кешені мазуттан 
құнды мұнай өнімдерін: АИ-92Н, АИ-95Н бензин маркаларының 
жо 
ғары октан компонентін, гидротазартылған дизель отынының 
ком по нентін, пропан-пропилен жəне бутан-бутилен фракциясын (ал-
килдеуге арналған жəне мұнай-химия шикізаты), пеш отынын алуға 
мүмкіндік береді.
КТ-1 секцияларының сипаттамасы
- 001-секция – мазутты вакуумды айдау; 
- 100-секция – күкіртті, азотты, оттекті қосылыстардан вакуум-
ды газойлді сумен тазалау; 
- 200-секция – бензиндердің жоғары октанды компоненттерін 
алуға арналған каталитикалық крекинг; 
- 300-секция – абсорбциялау жəне газбен фракциялау процестері 
жүргізіледі.
Каталитикалық крекинг секциясынан келіп түсетін тұрақсыз бен-
зин мен қаныққан газды фракциялауға, абсорбциялау жəне газбен 
фракциялауға арналған. 
Ауыр фракцияны тереңдетіп өңдеу мақсатында зауытта мынадай 
қондырғылар жұмыс істейді: 
- Битум өндіретін қондырғы (мазутты вакуумды айдау блогынан 
жəне тотықтыру бағаналарынан тұрады); 
- мұнай коксін алуға арналған баяулатып, кокстейтін қондырғы, 
ректификация жəне реакторлық қондырғыдан тұрады; 
- күкірт өндіретін қондырғы, су ерітіндісін регенерациялауға жəне 
күкірт алуға арналған. 
Шығарылатын өнімнің сапасын зауыттың орталық зертханасы 
қадағалайды жəне зауытта дүниежүзілік мұнай өңдеу практикасында 
қолданылып жүрген стандарт бойынша өндіретін өнімнің сапасын 
бақылайтын, жоғары білікті мамандар жұмыс істейді.


21
- 100-секция – мұнайды электрмен сусыздандыру мен тұзсыз-
дандыру жəне оны ауамен айдау. Бұл қондырғы ЛК-6У құрамалы 
қондырғысына негізделген; 
- 200-секция – каталитикалық риформинг, автокөлік бензиндері 
мен техникалық сутегінің жоғары октанды компоненттерін алуға 
арналған; 
- 300/1-секция – дизельді отынды сумен тазалау, күкіртті, азотты 
жəне тағы басқа зиянды қосылыстарды тазалауға арналған; 
- 300/2-секция – керосинді сумен тазалау, күкіртті, азотты жəне 
тағы басқа зиянды қосылыстардан фракцияларды тікелей айдауға 
арналған; 
- 400-секция – газбен фракциялау, техникалық жəне коммуналды-
шаруашылыққа арналған сұйытылған көмірсутекті газдар мен 
автомобильді бензиндердің компоненттерін алуға арналған. 
Мұнайды алғашқы өңдеу бойынша негізгі технологиялық процесс 
ЛК-6у құрама қондырғысында жүргізіледі. ЛК-6 құралған қон-
дырғысының АҚ бөлімінің технологиялық сызбанұсқасы төменде 
көрсетілген (1-сурет).
Көптеген МӨЗ бұл қондырғыларды қолданғанда К-1 бағанасы 
көп жағдайда толық емес жүкпен жұмыс істейтінін, жанармайдың 
айқын жəне жобалық бөлінуін қамтамасыз етпейтінін көрсетті. 
Оның жұмы сын жақсарту үшін, бірқатар МӨЗ К-1 бағанасының 
кіру жерінде мұ найды қыздыру үшін, температураны арттыру мақ-
сатымен, шикізат жə не жылуалмастырғыштар бойынша жүргізді. 
Басқа бағандарда ыс тық ағын үшін қосымша пеш орналастырылған. 
К-1-дің биіктігі бойынша 2 жəне 3 жерден мұнайды енгізу сəйкестігі 
қолданылды. 
Профессор А.А. Кондратьевтің ұсынысы бойынша Рязань, Жаңа-
Горький, Сызран, Пермь жəне Ферғана мұнай өңдеу зауыттарында 
ыстық ағынның орнына пеште қыздырылған мұнайдың бір бөлігін 
К-1 бағанасының астына енгізуді қолданды. Бұл бағананың төменгі 
бөлігінің температурасын көтеруге, жанармайдың бөлінуін арттыруға 
жəне қондырғылардың өндірістілігін 10-15%-ға жоғарылатуға мүм-
кіндік берді. 
Б.К.Марушкин бастаған ғалымдар мұнайды атмосферлі айдаудың 
энергия үнемдейтін тиімді жəне К-1-ге буландырушы фракцияны 
беру технологиясын ұсынды. Бұл жобаның сызбанұсқасы бойынша 


22
жанармайсызданған мұнайдың бір бөлігі пешті айналып өтіп, қыз-
дырылған мұнайдың негізгі ағынын енгізу орнына жоғары жерден 
К-2-ге жіберіліп, күрделі колоннаның екіағынды қоректенуі арқылы 
жүзеге асырылады (1-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет