Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар


Дүниежүзінің дамыған жəне дамушы елдеріндегі



Pdf көрінісі
бет12/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   150
Байланысты:
munai

2.2. Дүниежүзінің дамыған жəне дамушы елдеріндегі 
мұнай өңдеу жұмыстары
Əлемнің басқа да елдерінде соңғы жылдары мұнай өңдеу көлемі 
оның өндіру мөлшеріне сəйкес өзгерді. «Мұнай дауы» уақытында
(60-70 жылдары), арзан Таяу Шығыс жəне Латын Америкасының 
мұнайы бар кезде, дүниежүзінде мұнай өңдеу зауыттардың (МӨЗ) 
саны жəне олардың қосынды қуаты тез қарқынмен өсті. Осы кезде 
өркендеген елдердің (АҚШ-тан басқа), сонымен қатар өркендеуші 
Латын Америка, Таяу жəне Орта Шығыс жəне Африка елдерінде, 
мұнай өңдеудің негізінен терең емес өңдеу немесе аздау терең өңдеу 
жүйесі жолға қойылды.
- АҚШ-та қозғалтқыш отынының жоғары қолданысқа ие болуына 
жəне табиғи газ бен көмірдің арзан көзінің ашылуына байланысты, 
мұнайды терең өңдеу жүйесі іске қосылды. 
Əлемдік мұнай өңдеу ісінде сапалы жəне санды секіріс 1970-
1980 жылдарында байқалды. Осы кезеңде мұнай бағасының күрт 
төмендеуі, оның өндірілуін жəне қазандық отыны есебінде пайдала-
нуын төмендетті, сол кездері мұнайды терең өңдеу жұмыстары жолға 
қойылды. 1979 жылдан кейін мұнай өңдеудің көлемі, МӨЗ қосынды 
қуаты мен саны біртіндеп азая бастады, аз қуатты тиімсіз зауыттар 
жабыла бастады. Бұл өз кезегінде МӨЗ меншікті қуатын арттырды. 


26
Мұнай өндіру көлемінің кемуі МӨЗ-да негізінен мұнайды тіке айдау 
процестерінде бос қуат қалып қоюына əкелді, осы кезде оларды 
екінші кезектегі процестерде қайтадан өңдеу көзделді.
Мұнай өңдеу көлемі мұнай өнімдерін өндіру жағынан дүниежү-
зінде жəне өркендеген елдер арасында АҚШ жетекші орында. АҚШ-
тың мұнай өңдеу саласындағы ерекшелігі – оның өте жоғары өңдеу 
тереңдігі (қозғалтқыш отынының шығымы дүниежүзінде ең жоғары 
көрсеткіште 75%), МӨЗ бағыты «бензин өндіру» жүйесіне, екінші 
кезектегі өңдеу процестерді көп қолдану арқылы, дəлірек айтқанда 
каталитикалық крекинг (~38%), каталитикалық риформинг (~23%), 
гидротазалау жəне гидрокүкіртсіздендіру (~54%), гидрокрекинг 
(7,2%), кокстеу, алкилдеу, изомерлеу жəне басқа процестері басым. 
АҚШ-та ең көп қолданылатын өнім – ол автобензин (мұнайға 
шаққанда 47 % масс.).
Бензиннің дизель отынына арақатынасы 2,1/1 тең. Қазандық 
отыны, мұнайға есептегенде, аз мөлшерде өндіріледі – 8%. АҚШ-та 
мұнай 
ды өңдеудің тереңдігі терең өңдеу процестерін қолданумен, 
əсіресе вакуум газойлін жəне мазутты каталитикалық крекингке, 
гидрокрекингке салу жəне кокстеу процестерін көп қолдану 
нəтижесінде жетеді. Бұл процестердің қуаты жөнінен АҚШ дүние-
жүзінде көш ілгері. Канада мұнай өңдеуде, мұнай өнімдерінің 
қолдану жəне өндіру құрылымы жағынан, отын сапасы жағынан, 
екінші кезектегі өңдейтін процестердің көптігі жағынан жəне басқа 
көрсеткіштерімен АҚШ-қа үлкен ұқсастық байқатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет