Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет11/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   150
Байланысты:
munai

1-сурет.
Қос ретті булану жүйесі бойынша мұнайды атмосферлі
қысымда айдаудың сызбанұсқасы (жетілдірілген сызбанұсқа).
1 – К-І жанармайсыздану бағанасы; 2 – К-2 күрделі бағанасы; 
3 – булансыздану бағанасы; Ағымдар: І – мұнай: 
ІІ – жеңіл жанармай; ІІІ – ауыр жанармай; ІV – керосин; 
V – дизельді отын; VІ – мазут; VІІ – су буы; VШ – газ.
Бұл энергияны үнемдейтін ЛК-6У қондырғысында жаңа тех-
нологияны енгізу АҚ бөлігінің өндірістілігін пештің жылулық əсерін 
көтермей, 10%-ға арттырады. 
АҚ жəне АВҚ қондырғыларында фракцияларды ажырату ай-
қындығын арттыру үшін қолданылған əдістердің бірі – су буымен ай-
дау болып табылады. Су буының негізгі жұмысы – көмірсутектердің 
буларының парциалды қысымын төмендету болады. Бұл жұмыс 
нəтижесінде жеңіл қайнайтын фракциялардың булансыздануы жү-
реді. Аралық жақын дистиллятты қайнау температурасының бір-


23
біріне ауысуы 100°С дейін жəне одан да жоғарыға жетеді, ал 350°С 
дейінгі фракцияның мазуттағы мөлшері 10-15% дейін жетеді.
Мөлдір фракцияларды бөлуді тереңдету мақсатында жəне дизель 
отыны мен мазуттың бөлінуі температура шегіне қарап анықтауда 
мұнайды атмосфералық қысымда айдаудың əртүрлі жүйесі ұсы-
нылды. Солардың арасынан мазутты буландырғышта төменгі немесе 
аз вакуумды қысымда жүретін екінші айдау жүйесін атап өтуге 
болады; айналушымен айдау жəне күрделі атмосфералық бағананың 
концентрациялы бөлігінің төменгі жабық тəрелкесінен алынған флег-
маны əдеттен тыс қыздыру (400°С-қа дейін) арқылы айдау; мұ найды 
əдеттен тыс қыздыру жəне бағанананың төменгі жағын тез суыту 
арқылы жəне т.б.
АҚ мен АВҚ қондырғыларында фракциялардың бір-бірінен таза 
айырылуын жоғарылатудың ең көп тараған түрі – ол су буының 
қатысуымен айдау.
Буға айналдыру жылу жұмсалуымен байланысты болғандықтан 
айдаудан бөлінген сұйықтың температурасы төмендейді. Су буының 
булану əсері, оны бастапқы шикізатқа 1,5-2,0% масс., шығындалған 
уақытта қолайлы болады. Су буының шикізатқа жалпы қолданылуы 
атмосферлі бағанаға – 1,2-3,5% масс., ал вакуумды бағанаға – 
5-8% масс. бойынша құрайды. Алайда мұнайды су буымен айдаудың 
төмендегідей бірқатар кемшіліктері бар: 
- айдауға жəне конденсациялауға жұмсалатын энергия шығыны 
артады;
- бу жүйесінен бағанаға күш түсуінің жоғарылауы (бұл жабдық-
тардың диаметрінің ұлғаюына жəне тəрелкелердің арасында сұйық-
тықтың жойылуына əкеледі); 
- жылудың жəне жылуалмасудың регенерация шарттарының на-
шарлауы; 
- тебілудің артуы жəне бағана мен басқа қондырғыларда қысымның 
жоғарылауы;
- мұнай қондырғылары тоттануының күшеюі лайланған ағынды су-
лардың үлкен мөлшерінің түзілуі. 
Осы себептерге байланысты, соңғы жылдары əлемдік мұнай өңдеу 
саласында АВҚ қондырғыларында су буының қолдануын шектеу бай-
қалады жəне оларды құрғақ айдау технологиясына ауыстыру үрдісі 
пайда болды. Осы мақсатта, кейбір мұнай өңдеу зауыттары МӨЗ 


24
мынадай жартылай құрғақ немесе құрғақ атмосферлі мұнай айдаудың 
келесі əдістерін қолданады:
1) буланған бағаналардың булы айдауынан фракция конденсация-
ланады, сулы қабаты тұнбағышта бөлінеді жəне айдаудың кө-
мірсутекті бөлігі бағанаға қайтып келеді;
2) құбырлы жылытқыштар арқылы булансыздану бағанасына 
жылуды жіберудің көмегімен айдау процестері;
3) бүйірлі айдалушы фракция негізгі бағанадағы қысымға қа-
рағанда төменгі қысымда құрғақ буландырылады;
4) буландырушы бағананың түбіне су буының орнына жеңіл қай-
найтын буланушы фракцияны жіберу арқылы айдау;
5) байланысқан материалды жəне жылулық ағындармен көп ба-
ғаналы жүйеде құрғақ айдау. 
Сонымен жоғарыда көрсетілген мұнайды өңдеудің біріншілік 
процестерін жетілдіру – мұнай өндірісіне көптеген қолайлы жағ-
дайлар туғызады. Бұл жетістіктер арқылы мұнайды өңдеудің бірін-
шілік процестерін модернизациялап, қазіргі заманға сай өндіруге 
мүмкіншілік туады. Сəйкесінше, осындай жетістіктер арқылы сапалы 
мұнай алуға болады.
Шымкент мұнай өңдеу зауыты 
1985 жылы пайдалануға берілді. 
Зауыттың мұнайды өңдеу бойынша жобалау қуаттылығы жылына 
6 млн. тоннаны құрайды. 2000 жылы зауыттың Құмкөл кешені кен 
орындарының мұнайына ауыстырылуына байланысты дизельді отын 
мен керосинді гидротазалау секциясын қайта құру жүргізілді. Қазіргі 
кезде зауыттың белгіленген қуаттылығы жылына 5,25 млн. тоннаны 
құрайды.
Зауытта өңделетін мұнай – Құмкөл кен орындарынан 80%, Батыс 
Сібір кен орындарынан 20% мұнайдың қоспасы.
Зауыттың өндірістік қуаты ЛК-6У құрама қондырғысы (атмос-
фералық айыру, каталитикалық риформинг, дизельді отынды гидро-
тазалау, керосинді гидротазалау, газ фракциялайтын қондырғы), ма-
зут пен висбкрекингті вакуумды айдау қондырғысы сияқты негізгі 
қондырғылардан тұрады.
Мұнай өңдеу тереңдігін жəне мотор отыны өндірісінің көлемін 
ұлғайту мақсатында 1998 жылы мазуттың қуаттылығы жылына 
1,8 млн. тонна каталитикалық крекинг қондырғысының құрылысы 
бас 
талған болатын, бірақ қаржы тапшылығынан құрылыс тоқтап 


25
қалды. Аяқталмаған құрылыс нысандарының 57%-ға дейінін қайта 
құру үшін пайдалануға болады.
2007 жылы 6 шілдеде «ПетроКазахстанОйлПродактс» ЖШС-гі 
(Шымкент МӨЗ) 50%-ын сатып алу жəне оны «ҚазМұнайГаз» «СҮ» 
АҚ-на беру бойынша мəміле жасалды.
2009 жылы «Honeywell-UOP»(АҚШ) компаниясының Шымкент 
МӨЗ қайта құру жəне жаңғырту жобасы жасалды. 
Жобаның мақсаты: 
- мұнай өңдеу бойынша жобалық қуаттылығын жылына 6,0 млн.
тоннаға дейін қалпына келтіру;
- мұнайды терең өңдеуді 90%-ға дейін ұлғайту;
- ақшыл мұнай өнімдерін өндіруді 83%-ға дейін ұлғайту;
- ЕУРО-4 стандарттары деңгейіне дейін мотор отындарының са-
пасын жақсарту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет