27
да бензин шығымы – 25% жоғары. Бұл көрсеткіш басқа елдердің
МӨЗ-да 12-22%. Бензиннің дизель
отынына қатынасының аздығы
Батыс Еуропа МӨЗ-да дизель отынының көбірек өндірілу себебі,
бұларда автомобиль көліктерін дизель қозғалтқышымен жабдықтауға
бет алғандығынан. Жапония мен Италия МӨЗ-да мұнай өнімдері
құрылымында, бірінші орында қазандық отыны (35 жəне 37%
тиісінше). Басқа өркендеген Батыс Еуропа жəне
Жапония МӨЗ екінші
кезектегі өңдеу процестерінен қамтылу жағынан АҚШ-тан əлдеқайда
төмен. Мұнай өңдеуді тереңдету процестер үлесі (термиялық, гидро-
крекинг, каталитикалық крекинг жəне алкилдеу) АҚШ-та 1985 жылы
60,8 % болды.
Батыс Еуропада қозғалтқыш отынының шығымын көбейту үшін
мұнайды терең өңдеу процестерінің бағдары іске асырылуда, ка-
та
литикалық крекинг, висбкрекинг, гидрокрекинг жəне
кокстеу
процестері орын алуда.
АҚШ-та каталитикалық крекинг қуаты бензинге сұранысты ке-
ректі мөлшерде өтейтіндіктен, олардың құрылысы соңғы жыл дары
бəсеңдеді.
Соның есебінен, дизель отынын өндіретін қуат гидро-
крекинг есебінен өсе бастады.
АҚШ-та жəне Батыс Еуропа елдерінде этилденген бензинді пай-
далану азайып келеді, ал Жапонияда этилденген
бензинді тіпті өндір-
мейді де. Бұл жағдай автобензинді жоғары октанды басқа отынмен
ауыстыру қажеттілігін туғызды, метанол, метилтретбутил эфир,
ацетон, бутанол, этанол жəне т.б. қолданыла бастады.
Достарыңызбен бөлісу: