. Сапа менеджмент жүйесін таныстыратын құжат;
. Сапа менеджмент жүйесінің белгілі бір өнімге қолданылуы ту-
ралы құжат;
. Талап қоятын құжаттар;
. Ұсыныстар мен әдістемелер жазылатын құжаттар;
. Үдерістің орындалғаны туралы хабар беретін құжаттар;
Әр кәсіпорын өз құжаттарын өздері тағайындайды. Ол кәсіпорынның
түрі мен аумағына байланысты.
6.5.2. Жауапкершілік, уәкілеттілік және ақпарат алмасу Басшыларға сапа жүйесінің тиімділігі мен жұмысының нәтижелі-
лігін енгізу үшін жұмысшыларға жауапкершілік пен уәкілеттілікті
қамтамасыз етуі тиіс. Жұмысшы уәкілетті бола отырып сапа саласындағы
мақсаттарға жетуде, сонымен бірге, өзіне жүктелген шешімдерге
жауапкершілікпен қарауға міндетті. Берілген жауапкершіліктерден
бөлек, басқа да іс-әрекеттерге жауапты басшылардан өкіл тағайындалады.
Оған келесі міндеттер жүктеледі: