204
рынан кейін енгізбей, ұзындық өлшеу кезінде есепке ала отырып
салады. Қадалау жұмыстарының ерекшелігі жəне күрделілігі мі-
не осында жатыр, себебі түзету шамасын анықтайтын берілім дер
белгісіз немесе жуықтап алынуы мүмкін.
Сондықтан берілген
ұзындықты жер бетіне салу əдісі бұрыштарды жер бетіне салуға
ұқсас жүргізіледі: алдымен қандай да бір жобалық берілімді жер
бетіне керекті дəлдікпен салып, белгілейді. Салынған ұзындық-
ты камеральды өңдеуден өткізеді де, сол ұзындықты жобалық
ұзындықпен
салыстырып, сызықтық түзету шамасын анықтайды.
Осы түзету шамасының таңбасын сақтай отырып, өлшенген
ұзындыққа соңғы нүктеден бастап салады.
Берілген жобалық ұзындықты өлшеу тəсімін көлбеулікке,
компарирлеу жəне ауа қызуына түзетулерін ескере отырып, бе-
рілген жобалық ұзындықты өлшеу тəсімін қарастырып көрейік.
Көлбеулікке түзету
шамасын анықтау үшін горизонтальда-
ры бар топографиялық планды пайдаланады
немесе сол өлшен-
бекші сызық бойымен геометриялық немесе тригонометриялық
нивелирлеуді жүргізу керек. Көлбеулікке түзету шамасын есептеу
кезінде еске ұстайтын нəрсе, ол – өлшенбекші сызыққа түзетуді
минус (-) таңбасымен емес, плюс (+) таңбасымен енгізеді. Себебі
жобалық арақашықтық жазық жазықтықта өлшеніп салынады.
Қадалау жұмыстарының тəжірибесінде, жобалық қашықтыққа
түзетулерді енгізуден құтылу үшін,
оларды сыртқы жазық қоршау
арқылы салады (алдағы параграфта толық айтылады). Біркелкі
жер бедерінде, ол жерге салынатын жобалық сызықтың ұзындығы
келесі формулалардың бірімен есептеледі
l =
ν
cos
0
l
немесе
l =
2
2
0
h
l
+
, (166)
l
0
–
жобалық ұзындыққа тең жазық арақашықтық;
n –
жер
көлбеулігі,
h –
ұзындықтың екі басының бір-бірінен биіктігі (өсімшесі).
l
0
– жобалық ұзындыққа енгізетін D
l
түзетуін формуламен
есептеуге болады
∆
l = l
0
(secn-1)
немесе D
l =
0
2
2
l
h
.
(167)
Өлшегіш таспаны
компараторда тексеру (компарирлеу түзе-
туі) түзетуіне
келетін болсақ, барлық геодезиялық өлшегіш
205
жабдықтары компараторда тексерілген
өлшегіш таспалармен
жүргізіледі. Егер тексеру кезінде өлшегіш жабдық өзінің номи-
налды (төлқұжаты бойынша ұзындығы) шамасынан ұзын бол-
са, онда түзету минус (–) таңбасымен енгізіледі, өйткені мұндай
жабдықпен өлшеу кезінде жобалық ұзындық бір шама кем болып
шығады. Егер өлшегіш жабдық өзінің
номиналды шамасынан кем
болса, онда түзету плюс (+) таңбасымен енгізіледі, түзету шама-
сын формуламен есептейді
∆
l
к
=
l
dl
N
,
(168)
мұндағы
l
– өлшегіш жабдықтың нағыз ұзындығы;
N –
өлшегіш жабдықтың номинальды ұзындығы;
dl = l-N.
Ауа қызуы үшін түзету
енгізу қажеттілігінің туатын себебі,
өлшегіш жабдықты компараторда тексеру
кезінде бір температу-
рада, өлшеу кезінде басқа температура, яғни əртүрлі температура-
да өтеді. Түзетуді төмендегі формуламен септеуге болады:
∆
l
t
= a l(t - t
0
)
, (169)
мұндағы,
a
– қызудан сызықтық ұлғаю коэффициенті;
l –
өлшегіш жабдықтың ұзындығы;
t , t
0
–
ретімен өлшегіш жабдықпен өлшеу кезіндегі жəне
ком параторда тексеру кезіндегі температура.
Айта кететін жағдай, температурадағы түзету
шамасының
мəні, компарирлеу түзетуімен бірдей, сондықтан жоғарыдағы
формуланы былай жазуға болады:
∆
l
t
= a l(t
0
- t).
(170)
Достарыңызбен бөлісу: