254
XVI тарау
ҒИМАРАТТАР МЕН ҚҰРЫЛЫСТАРДЫҢ ЖЕР БЕТІ
БӨЛІКТЕРІН САЛУДАҒЫ ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
§ 16.1 Жер бетіндегі құрылыс-монтаждау
жұмыстарының құрамы
Алдағы параграфтар ғимараттың жер асты бөліктерін геоде-
зиялық іспен қамтамасыз ету əдістеріне арналған. Ал бұл тарау-
дағы жұмыс, құрылыс осьтерін жəне биіктік шамаларын салын-
бақшы құрылыс фундаментінің үстіне шығарумен аяқталады.
Геометриялық нивелирлеу
арқылы ғимараттың тік тұр-
ғы зылатын бөлігінің
нөлдік деңгейі
құрылады, бұл деңгей
бірінші қабаттың «таза едендік» (чистого пола) деңгейі болып
есептелмейді. Таза едендік деңгей ғимараттың тік тұрғызылатын
бөлігінен жəне жер асты бөлігін жабу жазықтығынан біршама
жоғары орналасады. Сондықтан шартты
деңгей биіктігін ниве-
лирмен шығарады, іс жүзінде оны
бастапқы деңгей
деп атайды
да, оның үстіне
пландық қадалау торы
құрылады. Бұл тордың
қосындары ғимаратты тұрғызу кезінде монтаждау қабатына
координаталар беру үшін, тірек
қосындары ретінде пайдалы-
нылады.
Монтаждау қабаты
деп монтаждалмақшы құрылым
элементтерінің төменгі жақ табанындағы шартты жазықтықты
атайды.
Пландық тірек қадалау торы тек қана жер асты қабатының
төбесінде ғана емес, фундамент блоктарында немесе оның бе-
тондалған тұстарында да құрыла береді. Жер үсті
құрылыс-
монтаждау құрамына келесі негізгі жұмыстар кіреді:
- тастан қалау немесе сыртқы жəне ішкі қабырғаларды тере-
зелерін, балкондарын, санитарлық-техникалық, желдет
кіш
терін
жəне есік жақтауларын тұрғыза монтаждау;
-
қабатаралық төбесін жабу, арасын бөлу, баспалдақтарды
салу, сонымен бірге шатырдың, төбесінің құрама элементтерін
монтаждау;
- лифттерді, санитарлық-техникалық бөліктерді жəне жаб-
дықтарды,
қоқыс шығарғышты, газ құбырын, ішкі сумен қамта-
масыз ету құбырларын, канализацяны жəне арнаулы істерге
арналған құбырларды монтаждау;
255
-
электр сымдарын, төменгі вольтті, радио жəне теле желілерін
монтаждау;
- ақтап, əрлеу жұмыстары;
- территорияны жерұйықтау, уақытша салынған құрылым-
дарды, жабдықтарды
құрылыс машиналарын бұзу, жинау.
Ғимараттың қабырғасын көтеру, жер асты бөлігін салудың
жалғасы болып саналғанмен, жұмысты бастамас бұрын, негізгі
құрылыс осьтерін бекітетін геодезиялық
қосындардың сақталуын
жəне құрылыс алаңының ішінде орналасқан, ғимараттың жəне
құрылымның қабырғасында, фундаментінде жұмыс реперлерінің
жағдайын тексеріп, дұрыс сақталғанына көз жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: