Оқулық Алматы, 013 Əож 528 (075. 8) Кбж 26. 12 я73 и 59


§ 15.11 Құрылыс осьтерін фундаментке шығару



Pdf көрінісі
бет119/153
Дата26.09.2022
өлшемі2,19 Mb.
#150820
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   153
Байланысты:
tuiakbaev-injenerlik-geodezia

§ 15.11 Құрылыс осьтерін фундаментке шығару
Бағаналарды жəне құрылыстың қаланбақшы бөліктерін ор-
натар алдында олардың фундаментерінің пландық жəне биіктік 
орындарын тексеріп алады. Бұл тексеріс қалай да жүргізілуі керек, 
себебі фундаментті дұрыс жəне дəл қадалаудан алдағы істелетін 
құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы артып, екпінді жұмыс 
істеуге мүмкіндік туады. Пландық тексеріс дегеніміз – фунда-
мент үстіне құрылымның ұзынабойлық жəне көлденең осьтерінң 
белгілеу жəне бағана аралық қашықтықтарды, белдемелердің 
(пролет) ұзындық өлшемдерін тексеру. Тексеру мəні төменгі рет-
пен жүргізіледі.
Айталық, 
А-А, Б-Б
жəне 
В-В
ұзынабойлық жəне 
1-1, 2-2, 3-3
көлденең осьтері жəне жеке фундаменттер қатары бар (142-су-
рет). Қатар тұрған тұрақты бекітілген 
1
нүкте үстіне теодолит 
орнатып, дүрбіні 
А-А
осін бекітетін 
II
нүктеге бағыттайды. Əрі 
қарай барлық фундаментке 
а
1
,
а
1
/
, а
2
,
а
2
/
... нүктелерін сызып 
белгілейді. Егер фундаментті дайындағанда оның ішіне қоса 
бетондалған детальдары болса, сызықты соған салуға болады. 
Əр фундаментте əр жұп 
а
1
,
а
1
/
, а
2
,
а
2
/
... нүктелерін түзу сызықпен 
фундамент үстінде немесе стакан қырында ізі қалатындай етіп 
қосады. Əрі қарай теодолитті 
Б-Б
осі қатарына қойып, жо-
ғарыдағыдай фундаментке осьтерді сызады жəне көлденең 
осьтерді белгілеуді де осылай атқарады.


253
Фундамент үстінде осьтерді алдымен бір бағытта, əрі қарай 
біріншісіне перпендикуляр бағытта шығарады. Осьтерді фун-
дамент үстіне үшкір сайманмен сызып белгілейді де, майлы 
бояумен бояп қояды.
Жоғарыда келтірілген құрама фундаменттің пландық орна-
ласу жағдайларын тексеруді фундамент қатарының ұзындығы 
120-150 
м
болған жағдайда жүргізген тиімді болады. Фундамент 
ұзындығы үлкен болған жағдайда бірнеше бөлікке бөліп, көздеу 
сəулесінің 150 
м
аспағанын қадағалайды. Тексеріс нəтижесін, 
орындалған жұмыстың тəсімін салумен аяқтайды (141-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет