Ойынның аты: «Ғажайып шеңбер» Мақсаты: Студенттердің пәнге деген қызығушылығын
арттыру.
Типологияның негізгі аспектісі тіл типі туралы
білімдерін жетілдіру
Ойынның шарты: Студенттер шеңбер құрады. Әуен
қосылады. Әуен қосылған кезде студенттер бір-біріне сұрақтар
салынған қорапшаны қолдан-қолға береді. Әуен тоқтаған кезде
қорапша қолында қалған студент қорапшадан бір сұрақты алып,
соған жауап береді.
Ойынның аты: «Адасқан әріптер» Мақсаты: Лингвистикалық типологиядағы
изоморфизм,
алломорфизм, тіл типі, тілдегі тип сияқты терминдерді еске
түсіріп, қайталау, шыңдау.
Ойынның шарты: Студенттерге әріптері орнын
ауыстырған сөздер беріледі. Әр әріпті өз орнына қойып терминді
дұрыс айту қажет.
Ойынның аты: «Типологиялық ғаламшар» Мақсаты: Лингвистикалық типологиядағы
терминдерді
еске түсіріп, қайталау, шыңдау.
Ойынның шарты: Студенттер үш топқа бөлінеді.
Лингвистикалық типологиядағы негізгі терминдерді сағат тілі
бойынша жазып шығу. Әрбір терминге анықтама беру және
берілген сөзжұмбақты шешу.