«мақсаты тұлға қалыптастыру болған əлеуметтік процесс» мəні- процесс нақты мақсаты болғанда ғана тəрбие деп аталуы мүмкін.
«əлеуметтік процесс» мəні – тəрбие əрқашан адамды ұнамды өзгеріске келтіруші көптеген қоғамдық іс-əрекеттердің арнайы түрі.
«тұлға қалыптастыру» мəні – бұл тəрбиеге басқарым, оны іске асыруға жағдай жасау, тəрбиелік іс-əрекеттерді ұйымдастыру (зорлау, əкімшіл ықпал мүлде болмауы тиіс). Қалыптастыру екі өзара байланыстан тұрады: педагогикалық қызмет жəне тəрбиеленушінің жауап іс-əрекеті.
«арнайы ұйымдастырылған тəрбиелік жүйе» мəні: неліктен жүйе? Себебі практикалық іс-əрекет процесінде қандай да жалғыз əдіс, тəсіл, жоба қолданумен шектелуге болмайды. Бұлардың бəрі өзара байланыста, бірін-бірі толықтырып, жетілдіретін болса ғана, оқу нəтижесі тиімді болады.
«тəрбиелеуші мен тəрбиеленушінің ықпалдасты əрекеттері» мəні – тəрбие процесі кері байланысқа міндетті түрде негізделуі тиіс, ол болмаған жағдайда мұғалім қызметінің нəтижесі жөнінде əңгіме болуы мүмкін емес.
Тəрбие процесінде ықпалдасты іс-əрекеттердің арқасында тəрбиеленуші ұсынылған ұйымдастырылып, белгілі тəжірибені игереді. Осыдан, тəрбиелеушінің басты міндеті – оқушыны көргенін, оқығанын қайталап, оларды өз бойына сіңіріп, өзінің меншікті əрекеті ретінде қайта жаңғырта алатындай оқу жұмыстарына қосудың жолдарын табу. Сонымен, тəрбие- бұл əрқилы іс-əрекет түрлерін ұйымдастыру процесі. Тəрбие теориясында мұндай бағыт тұлғалық- іс-əрекеттік атауын алған. Оның мəні: адам барша əлеуметтік тəжірибеден өзіне табиғаты жағынан жақын, əрі қызықтысын таңдайды.
Тұлғалық – іс-əрекеттік бағыттың негізгі мазмұндық бірліктері төмендегідей:
сан қилы тұлғааралық қатынастардың бəрінің негізі – ортақтасу
(общение):
іс-əрекет барысында тұлға дамуына басшылық жасау;
тұлға дамуы мен əлеуметтенуі.
Гуманистік педагогикада тəрбие –көзделген мақсатқа жеткізуші тəрбиелеуші мен тəрбиеленуші арасындағы тиімді қызметтестік процесі.
Мақсат –адамның қол жеткізуі тиіс нəтижені саналық деңгейде алдын-ала ниеттеуі.
Тəрбие мұраттарын анықтауда жаңа жағдайлар мен жаңа қоғамға икемдескен адам мұраты арқау етіледі. Тəрбие мазмұны, формасы, əдістері – бəрі де мақсатқа тəуелді. Тəрбие мақсатын түсінуден оны іске асырудың технологияларын таңдауға жол ашылады. Жан-жақты əрі үйлесімді дамыған тұлға тəрбиелеу мақсаты ҚР «Білім туралы» Заңында бекітілген.
Оның баптары:
тəрбие процесінің мазмұнын анықтайды;
тəрбие нəтижесінің шарттарын белгілейді;
педагог қызметінің өлшемдері ретінде қызмет етеді;
тəрбие жүйесін толықтай айқындайды.
Тəрбие мақсаттары жалпы (барша адамдарға арналған) жəне
даралықты (жеке адамға арналған) болып бөлінеді.
Тəрбие мақсатын белгілеуде жекеленген іс-əрекеттердің ғана емес, бүкіл оқу–тəрбие процесінің де бірлік элементі ретінде психологиялық- педагогикалық диагностика маңызды роль атқарады. Осыдан, тұлғаны зерттеудің əрқилы əдістерін білу жəне олар негізінде тұлға мен ұжымды зерттеудің бағдарламаларын түзе алу қажеттіктері туындайды.
Бір тəрбиелік жүйеде əрдайым бір тəрбие мақсаты көзделеді, ал мақсатқа орай орындалатын міндеттер (жалпы не нақты) көптеген болуы мүмкін. Тəрбие мақсаттары қоғамның даму қажеттерімен айқындалып, əлеуметтік жəне техникалық прогреске, қоғам, ересектер мен балалардың мүмкіндіктеріне тəуелді келеді. Тəрбиелік іс-əрекет нəтижесінде көрініс беретін көкейкесті мақсаттар : əр адамның даралықты дамуы жəне оның əлеуметтенуі, ал бұл өз кезегінде ақыл-ес, адамгершілік, əсемдік (эстетикалық), азаматтық, еңбектік жəне тəн- дене тəрбиесі міндеттерінің орындалуымен анықталады.
Тəрбие міндеттерінің шешімі тұлға мəдениеттілігінің негізін қалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |