Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00 Б 12 Пікір жазғандар



бет126/205
Дата03.01.2022
өлшемі418,39 Kb.
#108253
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   205
Байланысты:
Бабаев С. Педагогика оқулығы

Қайта тəрбие – мақсаты келеңсіз қасиеттерді жойып, ұнамды тұлғалық сапаларды дамытуға бағытталған тəрбие түрі.

Бұл процесс жеңіл емес, көп күш-қуат пен шыдамдылықты қажет ететін ұзақты процесс. Тəрбиелегеннен гөрі қайта тəрбиеге салу анағұрлым күрделі, себебі бұл белгілі бір уақыт аралығында орныққан көзқарас, əдеттерді, мінез бітістерін бұзып, бұрынғыларынан өзгеше, тəрбиеленушілердің дағдыланбаған жаңа əдет-қылық жүйелерінің тіктелуіне байланысты. Егер ұнамсыз мінез бітістері тұрақтанған сипат алған болса, қайта тəрбиелеу əбден қиын соғады. Сондықтан, «кейін қайта өңдеп жатпайтындай етіп тəрбиелеу қажет» (А.С.Макаренко).

Қылмысқа бейімділік, теріс моральдық қылық-əрекеттер мен

əдеттер адам бойында қоршаған ортаның кері ықпалынан, болымсыз тəрбиеден, тіршілік жағдайларының қолайсыздығынан орнығады. Мұндай тəрбиеленушілер «қиын балалар» немесе «педагогикалық қамқорлығы болмаған» оқушылар деп аталады. Олар арасында тəрбиелік ықпал-əсерлерді қабылдамайтындар, тіпті оған қарсы тұратын, психикасында педагогикалық тұрғыдан жат ауытқуларға түскендері де кездеседі.

Қайта тəрбиелеу тиімді нəтижеге жетуі үшін тəрбие тезіне түскен адам ең алдымен өзін-өзі тура жолға салу қажеттігін түсінуі, өмір салтын, əдеттерін, қылық-əрекеттерін өзгерту керектігін сезінуі тиіс.

Қайта тəрбиелеудегі маңызды шарт- тəрбиеленушіні қалай да өзіңе тарту, тұлғаны кері əрекеттерге итермелеуші проблемалардың туындау себептерін анықтау, кезек, ретімен белгілі бағытта орындалып баратын мақсаттар жүйесін құру. Мысалы, жақын мақсатты жүйе – ойын, саяхат, сыйлық; орта мақсатты жүйе – үйірме, секция жұмыстарына қосу, алыс сапарларға шығу, лагерьге жіберу жəне т.б.; ұзақ болашақты көздеген мақсат жүйесі - өзіндік өмір жəне кəсіптік бағдар-бағыттарды айқындау; тəрбиеленуші жасап не оқып жатқан жағдайды өзгерту – басқа ұжымға ауыстыру, жаңа іс-əрекетке қосып, бұрынғы бейімділіктерін ұмыттыру; мінез-құлқын бұрылысқа келтіру

мақсатында тұлға санасына, сезіміне, еркіне үздіксіз ықпал жасау шараларын қолдану жəне т.б.

Қайта тəрбие процесінің тиімділігін қамтамасыз етуші маңызды жағдай – «қиын баланы» тəрбиеші талаптарына құлақ асуға үйрету. Сондықтан тəрбиеші тəрбиеленушімен дұрыс қарым-қатынас қалыптастырудың жолдарын іздестіріп, екі арадағы алакөздікті, дау- дамай себептерін басуға əрекеттенуі тиіс. Өз басы əлекке толы балаға ұжымды қарсы қойып, оған ықпал жасауға тіпті болмайды. Əр тұлға үшін күресу қажет. Тəрбиеленуші мұғалім не педагогтың оның өзіне қарсы əрекеттеніп жатпағанын, ол оның бойындағы теріс мінез бітістеріне қарсы күресетінін сезінуі тиіс.

Қайта тəрбиелеу үшін дəстүрлі əдістермен қатар «адамның барша ниеттерін түпкілікті өзгеріске келтіріп, бүкіл ұмтылыстарына бұрылыс беретін»(А.С.Макаренко) – жарылыс əдісін («метод взрыва»)де қолдануға болады. Бұл əдіс тəрбиеленушіге өз теріс қылықтарының бұдан былай жарамсыз болатынын терең сезінуге, өз мінез- құлқы мен қоршаған ортаға деген қатынасын өзгертуге, жаңаша өмір сүру қажеттігін түсінуге жəрдем береді.

Қайта тəрбиелеу барысындағы аса маңызды қадам-тұлғаны өзіндік тəрбие процесіне (өзіндік қайта тəрбиелеу жəне өзіндік реттеу, түзету) қосу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет