Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00 Б 12 Пікір жазғандар


Тұлғаның өзіндік тəрбиесі мен қайта тəрбиесі



бет125/205
Дата03.01.2022
өлшемі418,39 Kb.
#108253
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   205
Байланысты:
Бабаев С. Педагогика оқулығы
УМКД Тарбие жумы 2020-2021, КЕШЕН Конструктивті оқыту 2020-21 уч.год Word, КЕШЕН Конструктивті оқыту 2020-21 уч.год Word

Тұлғаның өзіндік тəрбиесі мен қайта тəрбиесі



Өзіндік тəрбие адамның өзіндік дамуға, өзіндік білім алуға, өз ұнамды қасиеттерін жетілдіріп, келеңсіз тұлғалық сапаларын жоюға бағытталған саналы əрі мақсатты бағдарланған іс-əрекеттері.

Өзіндік тəрбие бірліктері - өзіндік таным, өзіндік талдау, өзіндік бағалау, өзіндік есеп жəне өзіндік қадағалау. Өзіндік тəрбие тəсілдері- өз өзіне бұйрық беру, өзіндік сергектік көтеру, өзіндік қолдап-қуаттау, өзіндік мадақ, өзіндік жаза.

Өзіндік тəрбиеге ынталандырушы жағдай – тек тəрбиешінің тəрбиелік іс-əрекетін ғана емес, сонымен бірге тəрбиеленушінің өз қалауы мен ынта-ықыласын қамтыған дұрыс тəрбие.

Өзіндік тəрбие элементтері мектеп жасына дейінгі балалардың өздерінде де көрініп жатады: олар əзірше өз тұлғалық қасиеттерінің мəнін жете түсіне бермеуі мүмкін, бірақ ненің жақсы, қандай өз əрекеттерінің ересектерге ұнамайтынын сезінеді.

Бозбалалық жаста өзіндік тəрбие процесі біршама саналы сипат алып, бағдарлы мақсатпен ұштасады. Өзіндік тəрбие адамның нақты қабілеттеріне, өзінің даралықты мүмкіндіктерін түбегейлі талдай білуіне сай баға беруге негізделеді. Саналылық дəрежесі неғұрлым

жоғары болса, тұлғаның өзіндік дамуына бағытталған өзіндік тəрбие мəні болымды сипат алады.

Тұлғаның жалпы тəрбиелілігі өзіндік тəрбие деңгейімен сипатталады, өзіндік тəрбие сырттай педагогикалық тəрбиемен ажыралмас өзара байланыста болып, тұлғаның қалыптасу процесіне қолдау-қуаттау береді, əрі оны дамытады.

Оқу, тəрбие жəне өзіндік тəрбие біртұтас оқу-тəрбие процесінде өзара байланысты. Бұл процестің қаншалықты нəтижелі болары, осы бірліктің есебінен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет