20 теңге.
Көлемі 144х69 мм
Банкноттың бет жағындағы басым түс - қара
қоңыр. Банкноттың оң жағына Абайдың
портреті орналастырылып, тігінен қоңыр
бояумен оның аты жəне өмір сүрген жылдары
жазылған.
Сол жағындағы төменгі бұрышына жəне оң
жағына жоғарыға банкноттың номиналы "20"
саны көрсетілген, ал оның астына оюмен
өрнектелген.
Сырт жағындағы негізгі түсі - қоңыр. Орта
тұсына Абай Құнанбаевтың шығармалары
бойынша
бүркіт
ұстаған
бүркітші
бейнеленген.
10 теңге.
Көлемі 144х69 мм
Бет жағындағы басым түс шымқай жасыл. Оң
жағына
қазақтың
ағартушысы
Шоқан
Уəлихановтың портреті орналастырылып,
тігінен оның аты жəне жəне өмір сүрген
жылдары жазылған. Портреттің сол жағында
төменде қазақтың ою-өрнегі бар.
Банкноттың сол жағына су тамғы белгімен
Шоқан Уəлихановтың бейнесі салынған.
Банкноттың сырт жағында жасыл түс басым.
Банкноттың
орта
тұсына
"Оқжетпес"
тауының көрінісі бейнеленген
32
5 теңге .
Көлемі 144х69 мм.
Банкноттың бет жағы қоңыр түсті. Оң жағына
халық композиторы Құрманғазының портреті
орналастырылған. Тігінен қоңыр бояумен
композитордың аты жəне өмір сүрген
жылдары жазылған. Портреттің сол жағында
төменде
қазақтың
ұлттық
өрнегі.
Номиналдың астына сол жақ бұрышына ою-
өрнекті сурет орналастырылған.
Банкноттың сырт жағы сарғыш-қызыл түсті.
Орта тұсына кесененің кешені бейнеленген.
3 теңге.
Көлемі 144х69 мм.
Банкноттың бет жағы жасыл-сұр түсті. Оң
жағына халық ақыны Сүйінбайдың портреті
орналастырылған. Тігінен шымқай жасыл
бояумен ақынның аты жəне өмір сүрген
жылдары жазылған. Портреттің сол жағында
төменде
қазақтың
ұлттық
өрнегі.
Номиналдың астына сол жақ бұрышына ою-
өрнекті сурет орналастырылған. Банкноттың
сырт жағы жасыл түсті. Орта тұсында
Алатаудың көрінісі.
1 теңге.
Көлемі 124х62 мм.
Құны 1 тенгелік банкноттың бет жағы көк
түсті. Банкноттың оң жағына Шығыстың ұлы
ойшылы
Əл-Фарабидің
портреті
орналастырылған, тігінен көк бояумен оның
аты жəне өмір сүрген жылдары жазылған.
Портреттің сол жағына жоғарыға қазақтың
ұлттық
өрнегі
салынған.
Номиналдың
астында сол жақ бұрышында ою-өрнекті
сурет бар. Банкноттың сырт жағы қызғылт
түсті.
Орта
тұсына
Əл-Фарабидің
геометриялық сызбалары мен формулалары
бейнеленген.
33
Номиналы 100 теңгелік монета
Диаметрі - 24,5 мм
Қалыңдығы - 1,95 мм
Массасы - 6,65 гр
Қыры - "СТО ТЕНГЕ ЖҮЗ ТЕҢГЕ" деген жазумен бедерленген
Биколорлы (құрамды) монета үйлестіріле орналасқан сақина дискіден тұратын
шеңбер формасында. Монетаның ішкі дискісі ақ түсті "нейзильбер" қоспасынан,
сыртқы сақинасы сары түсті "нибрасс" қоспасынан жасалған. Монетаның үстіңгі
бетінде (аверс) ортада бедерлі шеңбер ішінде монетаның құнын білдіретін "100
ТЕҢГЕ" деген жазу екі жолға орналастырылған. Айналдыра үстіңгі бөлігінде сегіз
бұрышты өрнекпен, сол жақта "ҚҰБ" деген жазумен, оң жақта Қазақстан теңге
сарайының тауар белгісімен бөлінген ұлттық ою-өрнектің үш элементі
бейнеленген. Айналдыра бедерлеп жиектелген. Монетаның сырт жағына
(реверсіне) ортада Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі
бөлігінде монетаның соғылған жылын білдіретін датасы "2002". Айналдыра
мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазу
орналастырылған. Жазу мен бедерленген жылы бедерлі нүктелермен бөлінген.
Айналдыра бедерлеп жиектелген.
Номиналы 50 теңгелік монета
34
Диаметрі - 23 мм
Қалыңдығы - 1,6 мм
Массасы - 4,7 гр.
Қыры бедерленген. Монета ақ түсті "нейзильбер" қоспасынан жасалған. Үстіңгі
бетінің орта бөлігінде "50" саны орналастырылған. Номинал санының астында
"ТЕҢГЕ" деген жазу бар. Үстіңгі бөлігінде ою-өрнекті сегіз бұрыш бейнеленген.
Төменгі бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Айналдыра бедерлеп
жиектелген. Сыртқы жағында (реверс) Қазақстан Республикасының елтаңбасы,
төменгі бөлігінде монетаның соғылған жылы бейнеленген. Айналдыра
"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазу орналастырылған. Айналдыра
бедерлеп жиектелген.
Номиналы 20 теңгелік монета
Диаметрі - 18,27 мм
Қалыңдығы - 1,6 мм
Массасы - 2,9 гр.
Қыры бедерленген. Монета ақ түсті "нейзильбер" қоспасынан жасалған. Үстіңгі
бетінің орта бөлігінде "20" саны орналастырылған. Номинал санының астында
"ТЕҢГЕ" деген жазу бар. Үстіңгі бөлігінде ою-өрнекті сегіз бұрыш бейнеленген.
Төменгі бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Айналдыра бедерлеп
жиектелген. Сыртқы жағында (реверс) Қазақстан Республикасының елтаңбасы,
төменгі бөлігінде монетаның соғылған жылы бейнеленген. Айналдыра
"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазу орналастырылған. Айналдыра
бедерлеп жиектелген.
Номиналы 10 теңгелік монета
35
Диаметрі - 19,56 мм
Қалыңдығы - 1,3 мм
Массасы - 2,81 гр.
Қыры тегіс. Монета сары түсті "нибрасс" қоспасынан жасалған. Үстіңгі бетінің
орта бөлігінде "10" саны орналастырылған. Номинал санының астында "ТЕҢГЕ"
деген жазу бар. Үстіңгі бөлігінде ою-өрнекті сегіз бұрыш бейнеленген. Төменгі
бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Айналдыра бедерлеп
жиектелген. Сыртқы жағында (реверс) Қазақстан Республикасының елтаңбасы,
төменгі бөлігінде монетаның соғылған жылы бейнеленген. Айналдыра
"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазу орналастырылған. Айналдыра
бедерлеп жиектелген.
Номиналы 5 теңгелік монета
Диаметрі - 17,27 мм
Қалыңдығы - 1,3 мм
Массасы - 2,18 гр.
Қыры тегіс. Монета сары түсті "нибрасс" қоспасынан жасалған. Үстіңгі бетінің
орта бөлігінде "5" саны орналастырылған. Номинал санының астында "ТЕҢГЕ"
деген жазу бар. Номиналының оң жəне сол жағында бір-бірін қайталай орналасқан
ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Айналдыра бедерлеп жиектелген. Сыртқы
жағында (реверс) Қазақстан Республикасының елтаңбасы, төменгі бөлігінде
монетаның соғылған жылы бейнеленген. Айналдыра "ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазу орналастырылған. Айналдыра бедерлеп
жиектелген.
Номиналы 2 теңгелік монета
36
Диаметрі - 16 мм
Қалыңдығы - 1,3 мм
Массасы - 1,84 гр.
Қыры тегіс.
Монета сары түсті "нибрасс" қоспасынан жасалған.
Үстіңгі бетінің орта бөлігінде "2" саны орналастырылған. Номинал санының
астында "ТЕҢГЕ" деген жазу бар. Номиналының оң жəне сол жағында бір-біріне
қарама-қарсы орналасқан ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Айналдыра
бедерлеп жиектелген. Сыртқы жағында (реверс) Қазақстан Республикасының
елтаңбасы, төменгі бөлігінде монетаның соғылған жылы бейнеленген. Айналдыра
"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазу орналастырылған. Айналдыра
бедерлеп жиектелген.
Номиналы 1 теңгелік монета
Диаметрі - 15 мм
Қалыңдығы - 1,3 мм
Массасы - 1,63 гр.
Қыры тегіс
Монета сары түсті "нибрасс" қоспасынан жасалған.
Үстіңгі бетінің орта бөлігінде "1" саны орналастырылған. Номинал санының
астында "ТЕҢГЕ" деген жазу бар. Номиналының оң жəне сол жағында бір-біріне
қарама-қарсы орналасқан ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Айналдыра
бедерлеп жиектелген. Сыртқы жағында (реверс) Қазақстан Республикасының
елтаңбасы, төменгі бөлігінде монетаның соғылған жылы бейнеленген. Айналдыра
"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазу орналастырылған. Айналдыра
37
бедерлеп жиектелген.
Қазақстан ұлттық валютасының енгізілуіне 10 жыл толуына арналған номиналы
1000 теңге "proof" сапалы мерейтойлық күміс монеталардың екі түрі жəне
номиналы 100 теңге биколорлық металл монеталардың төрт түрі 2003 жылғы 1
қазаннан бастап айналысқа шығарылды.Қазақстан теңгесі мемлекет
тəуелсіздігінің ең басты атрибуттарының бірі болды жəне республиканың
экономикалық жəне əлеуметтік өмірінде сынақтан сүрінбей өтті.
Мерейтойлық күміс монеталар.
1) Бет жағы (аверсі)
Ортасында көгілдір эмаль мен алтын қолданылып орындалған Қазақстан
Республикасының мемлекеттік жалауы бар. Монетаның жоғарғы бөлігіне - ұлттық
ою-өрнектің элементі салынып, екі жолға мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ" деп жазылған. Төменгі тұсына монетаның номиналын
білдіретін "1000 ТЕҢГЕ" жазуы екі жолға орналастырылған. Айналдыра
шығыңқы жиек жүргізілген
Сырт жағы (реверсі)
Ортасында құны 5000 теңгелік банкнот бейнеленген жəне сол жақ тұсында
Қазақстан тəуелсіздігінің 10 жылдығына арналған мерейтойлық монетаның аверсі
жəне реверсі бейнеленіп, монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы
мен массасын білдіретін "Ag 925 67,25 gr." деген жазу бар. Жоғарғы тұсына екі
38
жолға мемлекеттік тілде "ТЕҢГЕГЕ 10 ЖЫЛ" деп жазылған. Төменгі тұсында -
монетаның соғылған жылын білдіретін "2003" саны. Санның сол жағына -
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі, оң жағына - Қазақстан теңге
сарайының тауар белгісі орналастырылған. Айналдыра шығыңқы жиек
жүргізілген.
Монетаның бет жағындағы жəне сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.
Қыры (гурты) бедерленбеген жəне жазулар жоқ, тегіс.
Монета 925/1000 сынамды күмістен жасалған,
салмағы - 67,25 грамм, диаметрі - 50 мм, қалыңдығы - 3,3 мм,
"proof" сапасымен шығарылған,
таралымы - 3 мың дана.
2) Екінші монетаның бет жағы (аверсі)
Ортасында монетаның номиналын білдіретін "1000 ТЕҢГЕ" жазуы екі жолға
жазылған жəне монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен
массасын білдіретін "Ag 925 67,25 gr." деген жазу бар. Жазудың сол жағына -
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі, оң жағына - Қазақстан теңге
сарайының тауар белгісі орналастырылған. Жоғарғы тұсына - 1993 жылғы үлгідегі
1, 3, 5, 10, жəне 20 теңгелік монеталардың аверсі мен реверсі бейнеленген.
Төменгі тұсына - мемлекеттік тілде "ТЕҢГЕГЕ 10 ЖЫЛ" деген жазу айналдыра
жазылған. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.
Сырт жағы (реверсі):
Ортасында көгілдір эмаль мен алтын қолданылып орындалған Қазақстан
Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бар. Мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН
39
РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазу жəне монетаның соғылған жылын білдіретін
"2003" деген сан айналдыра орналастырылған. Жазу жəне монетаның соғылған
жылын білдіретін сан бедерлі нүктелермен бөлінген. Айналдыра шығыңқы жиек
жүргізілген.
Монетаның бет жағындағы жəне сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.
Қыры (гурты) бедерленбеген жəне жазулар жоқ, тегіс.
Монета 925/1000 сынамды күмістен жасалған,
салмағы - 67,25 грамм, диаметрі - 50 мм, қалыңдығы - 3,3 мм,
"proof" сапасымен шығарылған,
таралымы - 3 мың дана.
Биколорлы монеталар.
Биколорлы (құрамдас) монета араластырылып орналастырылған сақина мен
дискіден тұратын шеңбер түрінде жасалған. Монетаның ішкі дискі ақ түсті
"нейзильбер" қоспасынан, сыртқы сақинасы сары түсті "нибрасс" қоспасынан
жасалған.
Бет жағы (аверсі)
Барлық төрт монетаның бет жағында бірдей жалпы бейне бар. Ортасында
бедерленген шеңбердің үстіне екі жолға монетаның номиналын білдіретін "100
ТЕҢГЕ" жазуы орналастырылған. Жоғарғы тұсына сегіз бұрышты розеткамен
бөлінген ұлттық ою-өрнектің үш элементі айналдыра салынып, сол жағына -
"ҚҰБ" деген жазу, оң жағына - Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі
орналастырылған. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.
Сырт жағы (реверсі)
1) ортасына арқардың басының мифтік бейнесі - 1993 жылғы үлгідегі құны 1
теңгелік монетадан алынған көшірме салынған. Монетаның сол жақ тұсында -
ұлттық ою-орнектің элементі жəне мемлекеттік тілде "ТЕҢГЕГЕ 10 ЖЫЛ" деген
жазу бар. Мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазу жəне
монетаның соғылған жылын білдіретін "2003" деген сан айналдыра
орналастырылған. Жазу жəне монетаның соғылған жылын білдіретін сан бедерлі
нүктелермен бөлінген. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген;
40
2) ортасына бөрінің (қасқырдың) мифтік бейнесі жəне спираль мен қолдың
идеограммасы - 1993 жылғы үлгідегі құны 3 теңгелік монетада бейнеленген
көшірме салынған. Монетаның оң жақ тұсында - ұлттық ою-өрнектің элементі
жəне мемлекеттік тілде "ТЕҢГЕГЕ 10 ЖЫЛ" деген жазу бар. Мемлекеттік тілде
"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазу жəне монетаның соғылған жылын
білдіретін "2003" деген сан айналдыра орналастырылған. Жазу жəне монетаның
соғылған жылын білдіретін сан бедерлі нүктелермен бөлінген. Айналдыра
шығыңқы жиек жүргізілген.
3) ортасына барыстың мифтік бейнесі - 1993 жылғы үлгідегі құны 5 теңгелік
монетада бейнеленген көшірме салынған. Монетаның оң жақ тұсында - ұлттық
ою-өрнектің элементі жəне мемлекеттік тілде "ТЕҢГЕГЕ 10 ЖЫЛ" деген жазу
бар. Мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазу жəне
монетаның соғылған жылын білдіретін "2003" деген сан айналдыра
орналастырылған. Жазу жəне монетаның соғылған жылын білдіретін сан бедерлі
нүктелермен бөлінген. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген;
4) ортасына құстың (қораздың) мифтік бейнесі жəне спиральдың идеограммасы -
1993 жылғы үлгідегі құны 10 теңгелік монетада бейнеленген көшірме салынған.
Монетаның оң жақ тұсында - ұлттық ою-өрнектің элементі жəне мемлекеттік
тілде "ТЕҢГЕГЕ 10 ЖЫЛ" деген жазу бар. Мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазу жəне монетаның соғылған жылын білдіретін
"2003" деген сан айналдыра орналастырылған. Жазу жəне монетаның соғылған
жылын білдіретін сан бедерлі нүктелермен бөлінген. Айналдыра шығыңқы жиек
жүргізілген.
41
Монеталардың бет жағындағы жəне сырт жағындағы бейнелер мен жазулар
бедерлі.
Қыры (гурты) бедерлі, қырында мемлекеттік тілде "ЖҮЗ ТЕҢГЕ" жəне орыс
тілінде "СТО ТЕНГЕ" деген жазулар бар. Жазулар бес бұрышты жұлдыздармен
бөлінген.
Диаметрі - 24,5 мм, қалыңдығы - 1,90 мм, салмағы - 6,45 грамм,
таралымы - монетаның əр түрі бойынша 100 мың данадан.
1993 ж. үлгідегі теңгенің монеталары
Монеталар ақ түсті "нейзильбер" қоспасынан жасалған.Ақшаның бет жағындағы жəне
сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.Монетадағы бейнелер - біздің даламызда
мəдениеті мыңдаған жылдар бойын дамып келген көшпенділердің сүйікті кейіпкерлері.
Олар көшпенділер өркениетінің алғашқы мемлекеттік құрылымының нақты көрінісін,
қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген халықтардың идеологиясы мен тұрмысын айқын
бейнелейді.
"Арқар" - бүкіл Еуразия көшпенділері қастерлейтін аң. Өмірдің күннен жəне жарықтан
басталатыны туралы қасиетті ұғым сонымен байланысты. Арқардың өзі, оның иір
мүйіздері (қошқар мүйіз) қазақ фольклорының кең тараған аңыздық сюжеттерінің бірі.
Бұл бейне Есік қорғаны ескерткіштерінен алынған ( біздің дəуірімізге дейінгі VI- IV
ғасырлар).
"Қасқыр" (бөрі) - көне таңбалық бейне, оған ежелгі сақтар да табынған. Оның бейнесі
біздің дəуірімізге дейінгі VI ғасырдағы Алтай ескерткіштерінен алынды. Қасқырды біздің
бабаларымыздың батылдығы мен тектілігінің белгісі ретінде күллі түрік халқы құрмет
тұтады.
"Арқау" - өсу белгісін, сарқылмас күшті, өмірлік қуатты білдіреді. Қолдың геральдикалық
белгісі - адамның дүниеге, барша тіршілік атаулыға құшақ жаятындығының нышаны.
"Барыс" - Шығыс мəдениетіндегі ең танымал бейнелердің бірі. Ол əрқашан адамды
тылсым күштерден қорғайтын наным қызметін атқарып келген. Сонымен бірге бұл
бейнеде осы аңның алғырлығына, күші мен əбжілдігіне табыну көрініс тапқан. Бұл бейне
Есік қорғанынан табылған бұйымдардан алынды.
"Құс" - бұл аспан мен күннің жалпы адамзаттық бейнесі. Еуропадан Қытайға дейін жиі
қолданылатын пазарық мəдениетінің ер-тұрман əбзелдеріндегі əтеш кескіні ежелгі
заманнан біздің кезімізге дейін адамдарды түрлі күнəдан, зұлымдық пен былықтан сақтап
келеді. Ғалым Л.Я.Штернбергтің пайымдауынша, əтеш - "таңды алғаш қарсы алушы"
болып табылады.
1993 жылғы үлгідегі монеталардың параметрлері.
42
Номиналы
(теңге)
Диаметрі,
(мм)
Қалыңдығы
(мм)
Массасы
(гр)
Қыры
1
3
5
10
20
17.27
19.56
21.87
25.00
31.00
1.3
1.6
1.7
2.0
2.0
2.26
3.48
4.71
7.43
11.37
тегіс
тегіс
тегіс
тегіс
бедерлі
Құны 1; 3; 5 теңгелік монетаның бет жағы (аверс) шеңбердің ішінде монета номиналын
көмкерген он алты қырлы өрнекті рəміз бейнеленген. Номиналдың сол жақ бөлігінде
монетаның соғылған жылы жазылған, ал оң жақ төменгі бөлігінде "ТЕҢГЕ" жазуы бар.
Айналасы моншақ сияқты шеңбермен көмкеріліп, кант жүргізілген.
Монеталардың сырт жағында (реверс):
- 1 теңге -монетаның орта шенінде салт-дəстүріміздегі аң - арқардың мифтік бейнедегі
басы кескінделген. Оң жағына "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген сөз айналдыра
жазылған.
- 3 теңге - монетаның шенінде қасқырдың (бөрінің) сəндік-мифтік бейнесі кескінделген.
Төменгі бөлігінде, бөрінің жоғары жағында қолдың геральдикалық бейнесі. Сол
жағына"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген сөз айналдыра жазылған, оны
шығарылған жылы бөліп тұр.
- 5 теңге - орта шенінде барыстың өрнекті-мифтік бейнесі кескінделген. Сол жағына
"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген сөз айналдыра жазылған, оны шығарылған
жылы бөліп тұр.
43
Құны 10; 20 теңге монеталардың бет жағының жоғары жақ бөлігінде Қазақстан
Республикасының елтаңбасы бейнеленген жəне оның оның астында екі жол етіп жазылған
"ТЕҢГЕ" жазуы бар. Номиналдың сол жағы мен оң жағында ұлттық ою-өрнек элементтері
салынған. Айналдыра "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазу бар. Айналдыра кант
жүргізілген.
Монеталардың сырт жағында (реверс):
- 10 теңге - орта шенінде мифтік құстың бейнесі кескінделген. Жоғарғы бөлігінде
геральдикалық арқау бейнесі. Айналдыра"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген сөз
жазылған, оны шығарылған жылы бөліп тұр.
- 20 теңге - монетаның ортасында Əбу Насыр Əл-Фарабидің суреті бейнеленген.
Айналдыра"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген сөз жазылған, оны шығарылған
жылы бөліп тұр.
Назар аударыңыз
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының 2001 жылғы 6 тамыздағы №
300 қаулысына сəйкес 2001 жылдың 1 қазанынан бастап айналымда жүрген 1993 жылғы
үлгідегі ескерткіш жəне мерейтойлық монетадан басқа 1993 жылғы үлгідегі монета (теңге)
айналымнан алынады.Ақша айналымынан алудың мынадай тəртібі белгіленсін:
1) 2001 жылдың 1 қазанынан бастап монеталар тек қана Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің (бұдан əрі - Ұлттық Банк) филиалдары, екінші деңгейдегі банктер жəне
Қазақстан Республикасының аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан əрі - екінші деңгейдегі банктер) қабылдайды жəне
айырбастайды;
2) екінші деңгейдегі банктер 2 (екі) жыл бойы заңды жəне жеке тұлғалардан 1993 жылғы
үлгідегі монетаны (теңгені) қабылдайды жəне айналымда жүрген ақшаа белгілерінің басқа
түрлеріне айырбастайды. Осы мерзім өткеннен кейін екінші деңгейдегі банктердің заңды
жəне жеке тұлғалардан 1993 жылғы үлгідегі монетаны (теңгені) қабылдауға құқығы жоқ;
3) Ұлттық Банктің филиалдары 7 жыл бойы заңды жəне жеке тұлғалардан 1993 жылғы
үлгідегі монетаны (теңгені) қабылдайды жəне олардың түпнұсқалығы анықталғаннан
кейін айналымда жүрген ақша белгілерінің басқа түрлеріне айырбастайды.
7 жыл өткеннен кейін Ұлттық Банктің Басқармасы заңды жəне жеке тұлғалардан 1993
жылғы үлгідегі монетаны (теңгені) қабылдау жəне айырбастаудың белгіленген мерзімін
ұзартуға құқылы.
1993 жылғы үлгідегі металл тиындар
1994 жылы айналысқа шығарылған
44
Монеталар сары түсті Л-80 қоспасынан жасалған.
Бет жағының (аверс) ортасында монета номиналын көмкерген сегіз қырлы өрнекті рəміз
бейнеленген. Номиналдың астында "ТИЫН" деген жазу бар. Төменгі жақ бөлігінде
монетаның соғылған жылы жазылған. Сегіз бүйірлі розетканың алты қыры ұлттық ою-
өрнектің декоративті элементтерімен өрнектелген.
Монеталардың сыртқы бетінің (реверсінің) орта бөлігінде Қазақстан Республикасының
елтаңбасы бейнеленген жəне айналдыра "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген сөз
жазылған. Айналдыра кант жүргізілген.Монеталардың беті мен сыртқы жағындағы
бейнелер мен жазулар бедерлі.
Монеталардың параметрлері.
Номинал
(тиын)
Диаметрі
(мм)
Қалыңдығы
(мм)
Массасы
(гр)
Қыры
2
5
10
20
50
17.27
17.27
19.56
21.87
25.00
1.3
1.3
1.6
1.7
2.0
2.26
2.26
3.48
4.71
7.43
тегіс
тегіс
тегіс
тегіс
тегіс
Қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алу олардың ақша айналымынан толық
шығарылады дейін жүргізіледі.Барлық төлем құжаттарында тиындарды есепке алу,
көрсету жəне тиындарды пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру
тəртібі өзгеріссіз қалады.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001
жылғы 3 наурыздағы №57 қаулысымен бекітілген, қолма-қол ақша белгілерін-тиындары
ақша айналымынан алу ережесі ақша белгілері-тиындары айналымнан алудың мынадай
тəртібін белгілейді:
Екінші деңгейдегі банктер:
1) заңды жəне жеке тұлғаларға операциялық кассалардан қолма-қол тиындар беруді
тоқтатуға;
2) клиенттерден ешқандай шектеусіз банктік есепшоттарға есептеу үшін операциялық
кассаға қолма-қол тиындарды кедергісіз қабылдауды қамтамасыз етуге;
45
3) заңды жəне жеке тұлғалардан бір теңгеге дейінгі қолма-қол тиындарды айналымдағы
ақша белгілерінің басқа түрлеріне ешқандай шектеусіз қабылдауға жəне айырбастауға
міндетті;
4) қолма-қол тиындар сомасы теңгемен айырбастау үшін жеткіліксіз болған кезде қолма-
қол тиындар клиенттің банктік есепшоттарына есептелуі мүмкін. Күмəнді жəне
төленбейтін тиындарды қабылдау жəне теңгеге айырбастау Ұлттық Банктің екінші
деңгейдегі банктерде кассалық операцияларды жүргізу тəртібін реттейтін нормативтік
құқықтық актісіне сəйкес жүзеге асырылады;
5) операциялық кассадағы қолма-қол тиындардың қалдығын Ұлттық Банктің
филиалдарына тапсыруға міндетті.
Ұлттық Банктің филиалдары:
1) екінші деңгейдегі банктерге, заңды жəне жеке тұлғаларға айналым кассасынан қолма-
қол тиындар беруді тоқтатады;
2) Ұлттық Банктің эмиссия-кассалық операцияларын жүргізу жəне құндылықтардың
сақталуын қамтамасыз ету тəртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес
қолма-қол ақшасыз баламаны екінші деңгейдегі банктердің тиісті банктік есепшоттарына
кейіннен аудару арқылы екінші деңгейдегі банктерден жəне Ұлттық Банкте банктік
есепшоттары бар заңды тұлғалардан қолма-қол тиындарды айналым кассасына шектеусіз
қабылдайды.Қазақстан Республикасының ақша айналымынан қолма-қол тиындарды
алудың шектеу мерзімі белгіленбейді жəне олар ақша айналымынан толық шығарылғанға
дейін жүзеге асырылады.Ұсақ номинал-тиындар алғашқыда қағазға басып шығарылды.
Ақша түрлеріне – бұл заңды төлем құралы болып табылатын: несиелік
жəне қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) жатады. Мысалға, АҚШ-та
айналыста: 100, 50, 20, 10, 5, 2 жəне 1 долларлық банк билеттері; 100
долларлық қазыналық билеттер; 1 долларлық, 50, 20, 10, 1 центтік күміс-мыс,
жəне мыс-никелдік монеталар жүреді. Ұлыбританияда айналыста: 50, 20, 10,
5 жəне 1 фунт стерлинг банкноттар, 1 фунт стерлинг, 50, 10, 5, 2 пенсалық
монеталар, 1 жəне 1/2 пенилер, сондай-ақ жаңа 10 жəне 5 пенсалардың
құныны тең келетін 2 жəне 1 шиллингтер де бар. Ал, Қазақстанның бүгінгі
ақша айналысында: 10000, 5000, 2000, 1000, 500, 200, 100, 50, 20, 10, 5, 3
46
жəне 1 теңгелік банктік биллеттер, 20, 10, 5, 3 жəне 1 теңгелік металл
монеталлармен бірге 500 теңгелік алтыннан мерейтойға арнап, дайындалған
монеталар, алғашқыда көлемі 64х100 мм. су тамғылы қағазға басылған 50,
20, 10, 5, 2 жəне 1 тиындар кейіннен олардың орнына осы номиналдарда
металл тиындар шығарылды. Бірақ, бүгінгі күні 1 теңгеге дейінгі тиын
монеталар айналыстан алынған, сондай-ақ 100 теңгеге дейінгі номиналдағы
банкноталар (қағаз түріндегі) айналыста жүрмейді, олардың орнында
металлдан жасалған монеталар қолданылыста жүр. Қазыналық билеттер
айналымда жоқ.
Эмиссиондық жүйе – бұл əр елдің орталық банктерінің айналысқа ақша
шығаруын білдіреді. Мысалға, АҚШ-та банкноттарды айналысқа шығарумен
Федералды резевті жүйе, Ресейде – РФ Орталық банкі, ал Қазақстанда - ҚР
Ұлттық банкі айналысады. Ұлттық банктің қарамағында еліміздің банкнота
жасайтын – Банкнота фабрикасы (Алматыда) мен монета жасайтын – Монета
сарайы (Өскеменде) бар.
Достарыңызбен бөлісу: |