Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов



бет34/36
Дата04.11.2016
өлшемі6,9 Mb.
#242
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36

Мурасаки жер бетіндегі қайғы-қасіретті адам, сезімдер мен таби­ғи құбы­лыс­тар арқылы көрсетеді. Дәстүрлі дүниетаным мен поэтикалық бейнелер­де кездесетін түрлі элементтер алғаш рет Гэндзи туралы романда жекелеген қа­сиет­тер мен драмалық қайшы­лықтарды бейнелеу үшін қолданылады. Роман­дағы оқиға желісінің өрбуіне байланысты оған жасалатын талдау да терең­деп, кейіп­керлердің түрлі эгоистік ойлары, ішкі сезімдері мен әрекеттері айқындала түседі. Көп жағдайда белгілі бір кейіпкер туралы басқа­лардың әркеттері арқы­лы білеміз. Мурасаки ғасырлар бойы қалып­тас­қан поэтикалық негізден бас тартпастан әлем әдебиетінің тарихында алғаш рет нағыз психологизмнің қалып­та­суына бастау болды.

Романдағы кейбір жағдайлар мен кейіпкерлердің ойлау жүйесі қайталан­ғандай болады. Бұл құбылыс, әсіресе, оқиға желісінің ша­рық­тау тұста­рында анық байқалады. Мысалы, Гэндзи мен Фудзи­цубоның ғашықтық кездесуі және олардан туылған заңсыз мұрагер оқиғасы Ниой мен Касивагидің өмірлерінде де қайтала­на­ды. Сонымен қатар Гэндзи сүйіктісінің өлімі сияқты келесі оқиғада да ай толған мезетте ғашық болған зұлым рух Рокудзе Югао мен оның әйелін өлтіреді. Мұнда Гэндзи мен оның сүйіктілерінің арасындағы болған жағдайлар көбіне "музыкалық прин­цип­ке" сай келеді. Сон­дық­тан да лирикалық тақырып­тардың ауысып келуі сюжеттік байла­ныс­тардан гөрі негізгі маңыздылыққа ие.

Мурасаки қолданған осындай суреттеу әдістері мен көркем тәсілдер аталған романды орта ғасырдағы куртуаздық романдардан әлде­қайда жоғарлатып, оны кейінгі ғасырлардағы Еуропа әдебие­ті­нің кейбір шығармаларымен қатар қояды (17 ғ. француз психоло­гия­лық романы).



25 "Кокинсю" де "Манъесю" секілді 20 кітаптан (шиыршық қағаз) тұрады. Оның көлемі "Көне поэзияның қожайыны" аталған "Манъесю" шығармасынан кіші болса да, үлкен маңыздылыққа ие. Онда 1100 өлең жинақталған. "Кокин­сюдегі" өлеңдер тақырыптар бойынша жинақталған: жыл мезгілдеріне байла­нысты шығармалар, саяхат пен махаббат туралы өлеңдер және т.б. "Кокин­сюде" ғана өлеңдер алғаш рет жыл мезгілдеріне байланысты жіктеу принципі­мен құры­лған. Кейіннен бұл принцип жапон поэтикалық антоло­гиясында мін­детті түрде қолданылатын болған. "Кокинсюдің" құрамына бір жарым ғасыр бойғы өлеңдер жинақталған. Олардың көпшілігі белгілі бір атаумен аталмаған. «Кокинсюдегі» өлеңдердің біразы "Манъесю" құрылғаннан кейінгі кезеңге жататын "ескі әндер". Ал өлеңдердің келесі тобы "Поэзия­ның алты данышпаны" өмір сүрген дәуірге жат­са, ал қалғандары антологияны құрушылар мен оның замандастарына тиесілі «жаңа өлеңдер» болған. Ақын Аривара Нарихира, буддалық шіркеу қыз­мет­кері Хэндзе мен дүние­ден безген Кисэн, ақын Бунья Ясухидэ мен Отомо Куронуси, Аривара Нарихира сияқты тек поэти­калық талантымен ғана емес, сонымен қатар көркем сұлулығымен әйгілі болған әйел ақын Оно-но Комати жапон әдебиетінде “Поэзияның алты данышпаны” деп қаралады. Осы аталған ақын­дардың барлығы да ІХ ғ. өмір сүреді. Бірақ Ясухидэ, Куронуси мен монах Кисэн­нің шығар­машылықтары өте аз сақталады. “Поэзияның алты даныш­па­ны” кезіндегі жапон әдебиеті Хендзе, Нарихира мен Комати еңбек­терімен байланысты.

«Манъесюдің» ақындары сияқты «Кокинсюдің» де авторлары поэзияға сол дәуірдің барлық жаңалығы және табиғатпен байла­ныс­ты салыстырулар мен суреттеулер енгізіп, өз сезімдеріне табиғат әлемінен үн қатулар табады. «Манъесю» мен «Кокинсюді» салыстыра отырып, олардың арасында айтар­лықтай айырмашы­лықтар бар екеніне көз жеткіземіз. Танканың өзіндік ерекшелігі мен оның шағын көлемі поэтикалық тәсілдердің нәзіктігі мен фор­ма­ның нақтылығын талап етеді. Сарай ақсүйектерінің ортасында танканың осы ерекшелігі басты орынға ие болған. Ол өз кезе­гінде кез келген тақырыпта өлең шығаруға еш қиындық тудырмайтын канондық қағидалар мен нақты қалыптардың қалыптасуына әсер етеді. Сондықтан да «Кокинсюдегі» көпте­ген өлеңдер­де күрделі фонетикалық ассоциацияларды құруға мүмкіндік беретін омофон­дар кеңінен қолда­ны­лады. Ондағы өлеңдердің негізінде дүниета­нымдық көзқарастар мен философиялық ойлар жатыр.

«Кокинсюді» құру барысында пайда болған эстетикалық канон­дар поэти­ка­лық бейнелеу жүйесінде кең таралып, жекелеген бейнелі сөздер өлеңнің жал­пы тақырыбымен байланысты шағын поэтикалық тақырыпшаларға айналады. Осылайша, бұлбұл құсы­ның алғашқы әні көктем келуінің, самал жел күздің келуін бейне­леп, адам өмірінің өтпелілігін білдіреді. Автор қардың түсуімен қарттықтың келгенін, ал аспанда ұшқан қаздың бейнесі арқылы ғашық жандар­дың сағынышы мен мұңлы зарын суреттейді.

Егер «Манъесю» кезінде жазба поэзияны фольклорлық шығар­ма­шы­лықтан ерекшелеу үде­рісі бастапқы сатыда болып, халық поэзиясына кәсіп­қой ақын­дар­дың шығармашылығы үлкен әсе­рін тигізген болса, «Кокинсю» антоло­гиясында мұндай әсер байқал­майды және халық поэти­ка­лық тәсілдерінің орны­на шектен тыс формалық өнер келеді. Дегенмен маңыздылығы жағынан «Кокин­сю» ерте жапон поэзиясының көрнекті ескерткіші «Манъсесюден» кейінгі екін­ші орынды алады. «Кокинсюдағы» аттары белгісіз ақындар мен сол кездегі аты әйгілі болған Ки-но Цураю­ки сияқты ұлы ақындардың шығармашы­лықтары жапон поэзиясындағы жаңа дәуірдің дамуына өз үлестерін қосады.




26 «Кондзяку моногатари» - жеке шығармашылықтардың кең көлемдегі жинағы 31 кітапты құра­­ған 1063 әңгімеден тұрады. Үш кітап (8-ші, 18-ші және 21-ші) сақталмаған. Бүкіл жинақ үлкен үш тақырып бойынша бөлінеді: Үндістан (оны ескі атауы Тэндзику), Қытай (Синтан) және Жапония (көне Хонте сөзімен аталады). Жинақтағы ең көлемді бөлім 18-31 кітаптарды қамтитын Жапония бөлімі болып табылады. Жинақтағы әңгімелер тақырыбы бойын­ша, кейде хронология­лық датасы бойынша қатаң түрде жіктелген. Мысалы, Үндістан бөлімінде 4-ші кітап «Буддадан кейінгі», ал 5-ші кітап «Буддаға дейінгі» Үндістан туралы әңгіме­лерден тұрады. Қытай бөлімінде 9-шы кітап “ата–анаға құрмет көрсетуге” арналса, 12-ші кітап елдің тарихы туралы әңгі­ме­лерден тұрады. Жапон бөліміне кіретін әңгімелер тобы тақырып бойынша бір-бірімен байланысты. Әңгі­ме­лерде «Каннон әйел-құдайының мейірімділі», тәубесіне келіп, тура жолға түскен ұрлық­шы және т.б. туралы айтылады. Тіпті кейбір әңгімелерде «әйелінің өлімінен кейінгі күйеуінің өлең шығара бастауы» жайлы айтылады. Қара­пайым халықтың күнде­лікті тіршілігі туралы айтылған әңгімелер басты назар алады.Жинақтағы әңгімелердің көпшілігі дидактикалық сипатқа ие және автор­дың буддизмді ұстан­ғанын көрсетеді. Кітапқа енген халық әдебиетінің ескерт­кіштері ерекше түрде қайта өңдеу­ден өтіп буддалық адамгершілік құндылық­тарымен біріктірілген. Әңгімелер таңғажайып құбы­лыс­тарға толы фантастика­лық үлгіде жазылған. Бірақ мұндағы фантастика халық шығарма­шы­лы­ғына тән сипат­тардан мүлдем бөлек. Онда құбылыстарға фантастикалық түсінік­те­мелер беріл­ге­­німен, құбылыстардың өзі шынайы әлемнің заңды­лық­тарына бағынады. Мысалы, егер «сиқыр­лы жапқыш» жоғалса, онда оны біреу ұрлап алады немесе айламен алдап алады. Халық ертегіле­рінде өмірлік заңдылықтар бұзылмайды. Ал «Кондзяку моногатари» жинағында келтіріл­ген аңыз­дар мен әңгімелердің сипа­ты мүлдем өзгеше. Онда мистикалық күштер мен жоғарғы құдай әлемі негізгі заңдылық ретінде алынып, ал халық өмірінен алынған оқиғалар осы тылсым күш­терді көрсету үшін ғана қолда­нылады. Мысалы, өз әулетіне арнап үй салуға ақшасы болмаған кедей әйел туралы әңімеде де осы заңдылық сақталған. Бұл әңгіме әйел-құдайы Кан­нон­ның мейі­рім­ділігімен әйелдің ақшаға ие болуы­мен аяқталады. Осылайша, жылқыларды жауыз­д­ықпен өлті­­ре­­тін адам да өз жазасын алады. Ол бір күні қазанға су қайнатып жатқанды екі көзі қайна­ған суға түсіп кетеді де, үлкен қасіретке ұшырайды. Автор бұл әңгімені: «Бұл оған берілген жаза бола­тын. Сондықтан алдағы өмірдің қиыншылықтарын да ойлау керек. Халық солай деп айтып жүр» деген сөздермен аяқтайды.



27 Роман оқиғасы жауынгер ақын туып-өскен Арабия даласында өтсе, енді бірде Таяу және Орта Шығыс, Азия, Африка, Еуропа елдеріне де жетелейді.Шығарманы маддахтар Абс тайпасының көсемі Шаддадтың кезекті бір жорықта зәңгі текті Забиба атты әйелді тұтқынға алға­нын, кейінірек одан Антараның дүниеге келуі, оның батыр боп өскені, бірақ әкесінің Антараны ұлым деп санамай түйе бақтырып қойғанын айтудан бастайды. Бірде жау шауып Абс тайпасы жеңі­ліске ұшырайды. Шаддад Антарадан қол ұшын беруді сұра­ғанда жас батыр әкесінің өзін менсінбей қорлағанын айтып, бас тартады. Шаддад тайпа алдында оны ұлым деп танығаннан кейін, Антара жауды ойсырата жеңіп, көш жерге қуып тастайды.

Антара әкесінің інісінің қызы Аблаға ынтық боп өседі. Махаб­бат отына шарпылып Абланы көрмесе тұра алмайтын халге жетеді. Сүйіктісіне арнап көптеген өлеңдер шығарады. Бірақ қыз әкесі оған қарсы болып, Антараны талай қиын сапарға жұмсайды. Қыз қалы­ңы ретінде мыңға жуық әдемі ақ түйелер әкелуді бұйырады. Антара тұлпарын ерттеп алыс елдегі Иракқа, одан әрі Иран жұртына сапарға шығады. Жол-жөнекей қызық та қатерлі түрлі оқиғаларды бастан кеші­реді. Парсы жұртының шаһы Хосрау Ануширанмен танысып достасады. Сөйткен Антара Византия Императоры Ирак­лидің шақыруымен Константинопольге де барады. Ақкөңіл батыр византиялықтардың жауы франк­тер­мен соғысу үшін Еуропа елде­рі­не аттанады. Испания королі Сант Ягоны өлтіріп, жауды тізе бүктір­ген соң Магриб елдерін аралай отырып, Мысыр арқылы қайтадан Констаптинопольге қайтып оралады.

Өмірінің соңында Антара ежелгі жауы Узр ибн Джабир дегеннің қолынан кездейсоқ қаза табады. «Сират Антараның» авторы деп зерттеушілер бірде Иусуф Исмаил әл-Мысри мен әл-Асмаиді көрсетсе, енді бірде Абу Убайда мен ибн ас-Саигті атайды. Дегенмен «Сират Антараны» басында бір адамның шығарғаны даусыз. Бірақ ол кейін өңделіп, толықтырылып, түзетіліп коллек­­тивтік еңбекке айналған. «Сират Антарада» композициялық бірлік жоқ. Оқиға баяу дамиды. Керек­сіз шегіністер мен қайталаулар, мезі етер баяндаулар жиі ұшырасады.

Романда Антара бойындағы ерлік пен батырлық Аблаға деген махаббаты­мен әдемі жарастық тауып жалғасып отырады. Антара­ның Аблаға деген ыстық сүйіспеншілігі ғана батырдың жолын тос­қан түрлі қиыншылық­тарды жеңуге көмектеседі. Шығыстанушы И.М. Фильштинский роман­ның әр бөлімінен көптеген ғасырлар үні мен лебі сезілетінін айтады. Шығарманың батырлық, бәдәуи­лік рухы мен тайпа арасын­дағы соғысты суреттеуде исламға дейінгі ғасырлардағы аңыз іздері аңғары­лады. Жеңімпаз исламға жол аш­қан Антараның ерліктері мен оның Арабия, Иран, Сирия, Солтүстік Африка мен Испанияға жасаған жорықтары­ның суреттеулері де YІІ-YІІІ ғ. араб жаугершілігін елестетеді. Парсы ордасы­ның рәсімі мен сарай өмірін (аңшылық, көгершін пош­тасы) суреттеуде, түрлі қызмет, істердің парсыша атауымен, терминдер, кісі аттарынан да парсы мәде­ние­тінің іздері көрінеді.

Романда Антараның Еуропаға барғандағы басынан өткендері Таяу және Орта Шығыс елде­ріне крест тағушылар жасаған жорық­ты жылдармен үндесіп жатқаны күмәнсіз.


28 Неміс шығыстанушысы Август Мюллер «Мың бір түнді» Бағдадта және Мысырда туған ертегілер деп екіге бөліп қараған. Ағылшын арабтанушысы Д.Д. Макдональд, француз ғалымы Галлон түрлі тұжырым жасаған. Шынында, «Мың бір түн» XIY-XYI ғ. өңделіп, толықтырылып бір жүйеге келтіріліп түгел­дей араб­тық колорит аталған.«Мың бір түн» ертегілерінің бірқатарының оқиғасы Мысыр жерінде өтеді. Кітаптың «Мың ертегі» деген атауы IX ғ. «Мың түн» болып өзгертілген сияқты. Өйткені ежелден-ақ мың саны шексіздік ұғымының синонимі болып есептел­ген. Осы ретте «Мың ертегі» неге «Мың бір» деген болып өзгерген деген де сауал кесе көлденеңдейді. Оған неміс ғалымы Е. Литмани: «бұл жерде түркі халқы­ның «мың бір» деген қайсыбір заттың әдеттен тыс көп екендігін білдіре­тін идиома­сының әсері болуы мүмкін, - дейді. Дәл осы түркі идиомасы парсылардың «Хазар йак» ертегісіне негіз бола келіп, шығармаға «Альф лайла уа лайла» деген атау берген. Әуелде кітаптың атауында түннің өте көп екенін білдірген­нен басқа мән болмағанымен, соңыра барып қана 1001-ге жету үшін қосымша ертегілер қосуға тура келген» деген құлақ қоюға болатын уәж ұсынады.

Индия, иран халқының ертегілерімен қатар Месопотамия, түрік жұрты­ның әңгімелері де «Мың бір түн» ертегілеріне белгілі бір шамада әсер еткен деуге болады. Өйткені «Мың бір түннен» аталған ел әдебиеті мен тілінің көптеген элементтері ұшырасады. Мысалы, ертегілерден үндінің Синдбад, түркі­лердің Али Баба, Хатун, парсылардың Шаһризада, Диназад, Шаһзаман, Бахрам, Рүстем секілді есімдерін оқимыз. Сондай-ақ ертегілерде грек және еврей есімдері де кездеседі.



«Мың бір түн» жанры жағынан да әр түрлі. Мұнда ертегілер (сатиралық, дидактикалық), романдар, аңыздар, анекдоттар алма-кезек келіп отырады. «Мың бір түндегі» ең үлкен ертегі деп әдетте «Аладдин және оның сиқырлы шамы», «Али Баба және қырық қарақшы» атты ертегілерді атаймыз. Ал ең үлкен романға «Умар ибн Нуғман және оның балалары» атты ертегі жатады. «Мың бір түн» оқиғаларының кейбір сюжеттік желілері ерте кезден-ақ Италияда кеңінен белгілі болған. Мысалы Е. Литман «Мың бір түн» ертегі­лерінің Джованни Серкамби (1347-1424) романдарына өте үлкен әсер еткенін айтқан. Өзге зерттеушілер көп ретте «Мың бір түн» ертегілері Еуропа жұртшы­лығына тек XYII ғ. ғана мәлім болғанын ескертеді де, француз саяхат­шысы Жан Антуан Галлонның (1646-1717) «Мың бір түн» ертегілерін бірінші рет аударып Еуропа жұртшылығына таныстырғанын айта­ды. Араб елдерінде фран­цуз елшісінің хатшысы қызметін атқара жүріп, Галлон ел арасында кең тараған ертегі, аңыз, әңгімелерге назар аударады. Францияға қайтып оралған соң жазып алған ертегілерін француз тіліне аударып, 1717 ж. 12 том етіп бастырып шығарады. Сөйтіп, Еуропа жұртшылығы «Мың бір түн» ертегіле­рімен, шынында да, осы Галлон аудармалары арқылы алғаш рет танысқан.


29  «Сасандық мақамасында» Әл-Харири «Бану Сасан» тер­ми­­ні­нің шығу туралы аңызды алға тартады. Онда Сасанды кедей­лер мен дәруіштердің арғы атасы деп көрсетеді. Аңыз бойынша, Сасан жас кезінде тақ мұрагері құқығынан айырылып, әкесі Бахман екеуі елден қуылып, тауда тұратын күрдтерге кетіп, онда кедей-кепшіктің бүтін бір армиясын жинап, қайыршы­лықпен күн кешеді. «Бану Сасан» атауын өз сенім-қағидаларын өзгертпейтін, бір ұста­нымда қатып қалған пат­ша­задаларға да таңылған. Ұйым өкілдерін Ислам иелігіндегі Иран, Ирак, Мысыр, Солтүстік Үндістан ғана емес, сонымен қатар Африка, Византия, тіпті, Қытайда да кездестіруге болар еді. Күні бүгінге дейін ас-Сахиб Ибн Аббадтың есімді уәзірдің досы кезбе, дәруіш ақын Абу Дулаф әл-Хаджажидің «Сасандық қасыда» деп аталатын поэма Сасан балаларының тұрмыс-тіршілігі мен болмысын суреттейді. Бұл жанрдың майталмандарына айналған әл-Хамазани мен әл-Харири қоғам мүшелеріне ар­найы мақамалар жазған. Мысалы, әл-Хамазани шығарма­сының басты кейіпкері Иса ибн Хи­шам­ның кезде­суінен: «Бір күні мен өз есігімнің алдында тұрғанынымда, кенеттен алдымнан «Бану Сасан» адамдары пайда бола кетті. Бастарына сәлде орап, үстеріне қызыл жоса түстес киім киіп алып­ты. Әрқайсысы қолдарына тас ұстап алған, онымен көкіректерін ұрғы­лайды. Аралары­нан көсем­дерінің даусы естіледі, ол не айтса қалғандары оның артынан әлгінің айтқанын қай­талайды»...


30 Муашшах немесе тауших әнге арналған өлең. Ол алғашқысы толық, келесісі жарты шумақтан тұрады. Муашшах бейт немесе джуз деп аталған өлең шумақтарына бөлінеді, әдетте кіріспенің рөлін атқаратын бір шумақ немесе екі тармақты өлеңмен басталады. Осы кіріспе іспетті шумақ мадхаб яки ғусн деп аталады. Өлеңнің бірінші бөлімі - даур немесе симт аталады, ол шалыс ұйқасқа құрыл­ған жарты өлеңдер, саны жиі өзгереді. Ал, екінші қайырма іспетті бір үн мен бір ырғаққа құрыла отырып тыңдау­шыға әсер беру мақсатын ғана көздейтіи қуфл (құлып) деп аталатын бөлім өзінің құрылысы жағынан мадхабқа ұқсайды.


31 «Шах-наме» композициясы формальды түрде Иранның 50 әйгі­лі және тарихи шахтары­ның билік ету кезіңе сәйкес келеді; кітап үш бөлімнен құрал­ған: 1) мифологиялық, бастапқы он патша туралы; 2) батырлық, тек Рустам­ның ерліктері жайлы; 3) тарихи, шынайы тарихи бас­шылар, Саманилердің билік ету кезеңіне жатқызылатын әр түрлі эпизодтардан құралған. Кө­ле­мі жағынан бұл әйгілі эпопея «Иллиада» мен «Одиссеяны» қоса алғанда шыға­тын көлем­нен бірнеше есе үлкен. Бұл поэма эпикалық синтезімен, әмбебаптылығымен және ішкі бірегейлік үйлесімімен таң қалды­рады. Бұл шығарма көптеген мифоло­гиялық хикаялар мен тарихи аңыздардың, махаббат поэмалары және өлеңдер­дің, лирикалық ой-толғаулар мен ғибратнамалардың жинағы болып табы­лады. «Шах-наме» шығармасындағы оқиға желісінің шарықтау шегін төрт жер­ден көруге бола­ды: Мифологиялық бөлімінде – ұста Кауаның көте­рі­лісі; батырлық туралы бөлімінде – Сиявуш трагедиясы; аралық эпизодта – Ескендір басып кірген брахмандар елінің утопиялық сурет­­телуі; тарихи бөлімінде - Маздақ көтерілісі.Мифологиялық бөлімінде дәулерге (дэв) адам билігінің ұлғайғандығы көрсетілген. Адам­заттың билігі дана Жамшидтің кезінде жоғары өрлей түседі. Бірақ Жамшид бүкіл адамзатқа өзін қарсы қойып мастанады, өзін әлемнің әкесі санап: «Әлем деген мен» деп ақ сақалды қарттарға мақтанады. Адамдардың жақсылық үшін қызмет етуін, тек жалғыз өзіне қызмет етуге ауыс­тырғысы келеді, бірақ дәл осы кезде ол жазасын тартады. Айдаһарлардың патшасы Заххар оның көзін жойып, мың жыл бойы өз үстемдігін орнатады. Бірақ Заххардың қол астында да жомарт адамдар жақ­сы­лық жасауын тоқтатпайды. Тақуа Арманак және қырағы Карманак­тың міндеттері де осы болған, олар айдаһар патшаға құрбан шалу арқылы жер бетіндегі екі жастың бірін аман алып қалатын. Патшаға нағыз қарсылық қарапайым халық арасында ұста Кауаның бастауымен дайындалады. Ұста Кауаның патшамен шайқасы - «Шах-намедегі» ең жарқын эпизодтардың бірі. Тақуа Фаридунның да билік басына келуі ұста Қауамен байланысты. «Шах-намеде» сипатталған ирандық патшалардың тарихы осы көтеріліске келіп тіреледі.

Шығарманың батырлық, яғни Рустамиада бөлімінде ағайынды­лар Тұр және Салмның Ирад­жаны жауыздықпен өлтіруінен Ираджа және Тұр ұрпақтары - ирандықтар мен тұрандықтар арасындағы толассыз қырғынның басталғанын көреміз. Ираджаның мұрагері Манучехр туран­дықтармен өштесіп, олардан кек алмақшы болады. Афрасиаб Иранға шабуыл жасап, оның тұр­ғын­дарын қырғы­нға ұшыратады. Отанын қорғау үшін халықтың сүйіктісіне айналған ирандық батыр Рустам іске араласады. Қанды-қырғынның қызған кезінде ирандық ханза­да Сиявуш пайда болады. Ақын оны отпен сынап, сәтті нәтижеде Сиявуш бейнесін одан сайын көркем бей­нелей түседі.

Сиявуш жер бетіндегі бейбіт өмір үшін күресінің нәтижесінде халық арасында құрметке бөленіп, қадірі арта түседі. Ол Сиявуш­гирд және Гангдиж деген қалаларды тұрғызады, оны жеке басы мен тағдыры мазаламайды; бірақ өзі өлген жағдайда Иран мен Тұран арасында соғыс қайта жанданатындығын алдын ала сезеді. Сиявуш­тың болжамдары орындалады: ол Афрасиабтың әмірімен құрбан бо­ла­ды. Рустам Сиявуш өлімі үшін кек алмақ болып, Иран мен Тұран арасын­дағы соғыс қайта басталады. Сиявуштан бұрын болған Тұран мен Иран соғыстары тек өлітірілген хандар үшін кек алу мақсатында жүргізілсе, Сиявуш өлімінен кейінгі Тұран мен Иран ара­сын­дағы қырғи-қабақ ұрыстар тек ирандық батырлардың жер бетінде бейбітшілік орнату үшін жүр­гізген күресі болғанын көре аламыз. Бұдан Сиявуш бейнесі мен жалпы «Шах-наменің» маңызды­лығы мен ұлылығын байқауға болады.

Ескендір туралы аңыздағы оқиға желісінің шарықтау шегі – Ескендірдің брахмандармен кездесуі. Дәл осы аңыз Ганджиден (Әзірбайжан) шыққан ұлы ақын Низамидің «Ескендір» атты поэмасындағы жер бетіндегі әділеттілік хандығы мен бірыңғай теңдік туралы айтылған әлеуметтік утопиясының негізі болса, тарихи бөлімнің шарықтау шегі – Маздақ көтерілісі де қоғам­дық утопияның негізінде көрсетіледі. Маздақ көтерілісін сурет­тей отырып, ақын халықтың тек белгісіз бір таулардағы кедей брахмандардың утопиялық ханды­ғы жайлы ғана армандамай, елде­гі теңдік пен өздерінің бақыты туралы да ойлайтынын көрсетеді. Маздақ образы арқылы ақын жалпы халықты бейне­лейді. Маздақ басқарған халық қозғалысы (YI ғ.) тек Иранда ғана емес, Арабия мен Арменияға дейін тарап, Сасандық мемлекеті негізінің күй­реуіне әкеліп соқты­рады. Бұл қозғалыстың басты мақсаты – байлық пен үлкен өзімшілдікті Жер бетіндегі ең үлкен жамандық деп көрсету.

Фирдоуси Маздақтың жақтаушыларын «өз еңбектерімен нан тапқан» адам­дар ретінде сурет­тейді. Оның қозғалысы күннен-күнге ұлғайғанын баяндайды. Автор өз көзқарасын түрлі тәсіл­дер­мен, ресми нұсқасына қайшы келетін Маз­дақ бейнесі («ақылды», «әді­лет­ті», «мейірімді», «Саналы, оқыған, адамгершілігі мол...») арқы­лы да, Маздаққа жауыздықпен қарсы тұрған сиқыршылар мен ақсүйек­тердің бейнелері арқылы да көрсетеді. Фирдоуси Мадзақ туралы сөз еткенде, оның жағымды жақтарын көрсететін сөздер мен түсініктерді (жарық, адамгершілік, жарқындылық, жайнау, сенім...) қолданады.

Осылайша эпопеяның басында Кауа бастаған мифологиялық халық көтері­лісі, ал соңында Маздақ бастаған шынайы тарихи көтеріліс баяндалған.



«Шах-намені» талдау поэмадағы екі жолдың тоғысуын айқын­дайды: оның бірі поэма басын­дағы рыцарьлық этика өсиеті мен заңды монарх идеясын жақтайтын Жаратушы мен сұлтанға деген мадақ­­­тан көрінеді. Екінші жол исламға дейінгі халықтардың өсиет­тері мен аңыздарын поэма түріне келтіру, ортағасырлық қоғамдық утопия­ны қайта жандандырумен, әділдік пен тең­дік орна­ған елді бейне­леумен, Маздақ көтерілісін баяндаумен, «жақсы билеуші» туралы өсиет­термен, поэма құрылымымен келтіріледі. Шығарма­ның шамамен үштен бір бөлігі басқару­шы­ларға емес, халық ара­сын­да аты шулы және беделді Рустам батыр мен Сиявуш обра­зына арналған. Махмұд сұлтанмен басталатын поэма, оны сатиралық жолдар арқылы бейнелеумен аяқталады.



32 Поэманың сюжетіне келсек, динамикалық жағдайларға толы, автор эпикалық шығармаларға тән оқиға желісінің қайталануы мен ұзақтығынан бойын аулақ ұстайды. Қарт патша Аравиа Росте­ван­ның таққа үміткер мұрагер ұлы болмай, ақылды да сұлу қызы Тинатинді таққа отырғызады. Тинатин қолбасшы Автандил батыр­ға ғашық болады. Бірде Ростеван Автандилмен бірге аңға шығып, жолбарыс бейнесіндегі, жанары мұңға толы бейтаныс батырды кездестіреді. Онымен қанша сөйлесуге тырысқанымен, ол тіл қат­пай­ды, ақыры жоқ болып кетеді. Патша осы­дан кейін мұңға бата­ды. Сонда патшайым өзінің сүйіктісі Автандилге жат елдік жұмбақ жанды таптыруға бұйрық береді. Автан­дил бұл іске барлық күшін салады. Ұзақ та қиын саяхатынан соң ол Тариэл деген жұмбақ батырды табады. Тариэл өзінің қайғыға толы махаббатын, хан тұқымы­нан, үнді патшасы Парсаданның амирбары (әскербасы және адмирал) екенін айтып береді. Ол күндей сұлу патшайым Нестан-Дареджанға өлердей ғашық болады. Бірақ Парсадан қызын Хорезм патшасына беріп, оны өзінің мұрагері деп жариялауды ұйғарады. Сол кезде сүйіктісі Тариэлге өзінің бақталасының көзін жойып, билікті басып алуға кеңес береді. Кейін патшайым­ды бүлікшіге деген сезімі үшін айыптап, оны Үндістаннан жасырын алып кетеді. Тариэл сүйік­тісін іздеп жолға шығады, бірақ одан еш нәтиже болмайды. Соңғы үмітінен айырылған батыр жалғыздықпен күн кешеді. Автандил Тариэлмен достасып, оның жүрегіне үміт отын жағып, сүйіктісі Нестан Даред­жан­ды іздеуге бірге жолға шығады. Тариэлдің ғашығы Каджети қама­лында екен. Олар Придон деген тағы бір тілектес батыр арқылы қамалға шабуылдап, Нестанды құтқарады. Ақыры Тариэл Нестанға, Автандил Тинатинге үйленіп, өз елдерінде әділ билік етеді. Бұл шығарма - поэмадағы сюжеттің күрделілігіне қарамастан, құрылысы жағынан тұтас поэтикалық туынды. Руставелидің шығар­ма­шылығына тән ерекше сипат кейіпкерлердің терең психо­ло­гиялық қасиеттері мен оқиғаның ішкі кейпін көрсету болып табылады. Поэманың негізінде жақсылықтың зұлымдықты жеңуі, опти­мистік өмірге тән әділеттіктің жеңіске жету идеясы жатыр: адам талпыну керек, сонда ғана ол толық бақытқа қол жеткізе ала­ды. Поэмада шынайы адамдар өмірі мен әділеттілік үшін күресетін қаһармандар мен елі үшін жанын құрбан етуге дайын батырлар сияқты көркем образдар көрсетілген. Поэманың басты кейіпкері ақкөңіл, ақылды да сұлу Нестан Дареджан өзінің күшпен тұрмысқа шығатынына ыза­ланады. Ол Каджет қамалындағы қиыншылыққа қарсы тұрып, тағдырдың сынағына еш мойымай табандылық танытады. Әділеттіктің жеңіп шығатынына деген сенім мен достардың батыл күресі толық жеңіспен аяқталды: Каджети қамалы алынып, Нестан Дареджан құтқарылады, түбінде әділеттік жеңіске жетеді.

Каталог: Content -> Files -> SciPublications -> Annotations
Annotations -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
Annotations -> Қадыр Мырза Әли поэзиясындағы ұлттық нақыштар
Annotations -> Сәлима калқа ба ева филология гылымының кандидаты, доцент №8 • 2004 • АҚИҚАТ
Annotations -> «желтоқсан желі ызғарлы »
Annotations -> Бижанова Айгүл Рабханқызы бағалы қАҒаздарға тікелей байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық Алматы, 2012
Annotations -> Жұма күні шығады №29 (277) 24 мамыр 2013
Annotations -> Т. Б. Сейдімханова С. Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» оқулығы өз заманының озық ойлы туындысы
Annotations -> «базалық шет тілі» (A1,A2) сабағында білім алушылардың Өзіндік жұмысын ұйымдастыруға арналған методикалық НҰСҚау 5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет